Сабақтың тақырыбы: «Атажұрт» танымдық ойын
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Ойын сабағы
Сабақтың барысы.
Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл ойын ойдың бәйгесі
- Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар сіздер бүгін «Атажұрт» атты танымдық ойынға келгелі отырсыз.
Біздің ойынымызға екі топ қатысқалы отыр, олар «Болашақ» және «Достық»
1 айналым. «Жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар»
1. Көшіп қонуға қолайлы қазақ баспанасын ата (киіз үй)
2. Киіз үй жиһаздарын ата? (абдыра, кебеже, сандық, түскиіз, алаша, ағаш төсек)
3. Қазақтың ішекті музыка аспабы? (домбыра)
4. Бабаларымыздың ғасырлар бойы тұтынып келген ата мүлік не? (бесік)
5. Мал жіліктерін ата? (кәрі жілік, асықты жілік, тоқпан жілік, жамбас)
6. Қазақтың ұлттық киімдерін ата? (кимешек, қамзол, сәукеле, шапан, бөрік, тақия, тымақ, ішік)
7. Ұлттық ойындарды ата (ақсүйек, бәйге, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, асық)
8. Қонақтың түрін ата (Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
ІІ. айналым Қазақ халқының атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүрі, тәрбие мектебі – ұлттық ойындар.
(Математикаға байланысты)
1. Логикалық есептер
1. Аяз ата жаңа жылдық беретін әрбір дорбаға мандарин, 2 шоколад, 5кәмпит салады. 11 кәмпит, 12 мандарин, 7 шоколадтан қанша сыйлық жасауға болады?
2. Менің ағам 2000 жылы 29 ақпанда өзінің туған күнін үшінші рет атап өтті. Ол неше жаста?
3. Азат, Самат, және Талғат жарыста жүлделі орындарға ие болды. Азат 1 орын алмады, ал Талғат бірінші және екінші орын алған жоқ, Әр бала жарыста қандай орындарға ие болған? (Самат 1, Азат 2, Талғат 3)
4. Үш дос бірінші, екінші және үшінші сыныпта оқиды Олардың есімдері: Қайрат, Самат, Талғат. Достардың ең кішісінің ағасы мен әпкелері жоқ.. Талғат Саматтың қарындасымен 1 сыныпта оқиды, ол достардың ішіндегі ең үлкені. Әр сыныпта кімдер оқитынын анықтаңдар. (Кайрат 1, Самат2, Талғат 3)
5. Ақ, көк, қызыл көйлекті үш қыз көшеге шықты. Олардың аяқ киімдері де үш түсті. Егер Айгүлдің киген көйлегімен туфлиінің түсі бірдей болса, ал Әлиманың аяқ киімі мен көйлегінің түсі ақ емес екені белгілі болса, сондай - ақ Назымның аяқ киімінің түсі қызыл болса, онда қай қыз қандай түсті көйлек, қандай аяқ киім киген?(А - ақ, Ә - қызыл, Н - көк)
6. Алтай, Айгүл Сәуле және Бекзат - туыстар:
Алтай Айгүлдің ағасы;
Айгүл Сәуленің қызы;
Сәуле Бекзаттың әпкесі;
Бекзат Алтайға кім болады?
2. «Ұлы математиктер» сайысы
Тақтаға атақты ғалым - математиктердің портреттері ілінеді. Әр портреттің астында нөмірі бар. Оқушылар оларды танып нөмірін көтеру керек.
1. Математиктер мектебін ашқан ғалым. Ол үшбұрыштың керемет қасиетін ашты. (Пифагор №1)
2. «Начала» деген кітаптың авторы. Бұл кітапта ол геометрияның негізгі принциптерін анықтап көрсетті (Евклид №2)
3. Бұл адам юрист, философ болуын армандады, бірақ математик атанды. (Декарт №3)
4. Қай ғалымның сөзі: «Химия – физиканың оң қолы, ал математика оның көзі» (Ломоносов №4)
5. Бұл ғалым өзінің еңбектерінің жартысын көзі көрмеген күйінде жазды. (Леонард Эйлер №5)
6. Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасын ашқан ғалым. (Архимед №6)
ІІІ. айналым «Ас - адамның арқауы»
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Ендеше асқа байланысты тыйым сөздерді атаңдар.
ІV. айналым «Тапқыр болсаң талас жоқ» Киелі сандар
- Қандай сандарды киелі сандар дейміз? (3, 4, 5, 7) Балалар тәрбиесіне байланысты салт дәстүрлер.
V. айналым «Білімді мыңды жығар»
Адасқан әріптерден сөз құрау
с ө ш а г
с й П ш р о
е п и ы а р
р ш л ф
ұ ы е ө р н
б м к е
VІ. айналым АТАДАН ЖЕТКЕН АСЫЛ СӨЗ
«Сен маған, мен саған» - дегендей әр топ бір - бірімізге, түгел аудиторияға ақ тілектерін білдірсін
Әділ - қазылар алқасына сөз беру.
«Атажұрт» танымдық ойын
- Жанара 77
- 19 қараша 2013
- 8161
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Атажұрт танымдық ойын, ойын сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың ұлттық киімдері
«Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» демекші, бүгін бізде ерекше сабақ. Біз бүгін қазақтың ұлттық киімдерімен, олардың атауларымен танысамыз....Қонақты қарсы алу дәстүрі. Қазақ халқының қонақ күту ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға жаңа материалды меңгерту. Оқушыларға қазақтың салт - дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып...Қазақ халқының ұлттық киім түрлері
Қазақ халқының салт - дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана -...Интеллектуалды ойын
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құлтасова Назгүл Кеншімқызы...Білекті бірді, білімді мыңды жығар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназия Кененбаева Жанар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.