Тақырыбы: Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу.
Мақсаты: теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалана білу; математика бойынша білім - білік жүйелерін игеру деңгейлерін тексеру; логикалық ойлауларын дамыту.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, ауызша жылдам есептеу.
Көрнекілігі: кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықты тексереміз. Сабақтың қожайыны – оқулық, оның көмекшілері – дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары. Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 7, 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы, мақсатын хабарлау. Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру
ІҮ. Жаңа сабақ: Ауызша жұмыс:
1. Математикалық диктант.
- 7 саны 91 – ден неше есе кем? (13)
- 68 шығу үшін 17 - ні неше есе арттыру керек? (4)
- 8 шығу үшін 56 - ны нешеге бөлу керек? (7)
- Азайғыш – 1000, азайтқыш – 450. Айырманың мәнін тап. (550)
- Бөлінгіш – 320. Бөлінді – 4. Бөлгіш нешеге тең? (80)
- Санның төрттен бір бөлігі 60 - қа тең. Сан нешеге тең? (240)
№ 1. Жасырын санды ата.
Қосылғыш 785 135 710 425 808
Қосылғыш 43 125 290 245 92
Қосындының мәні 828 260 1000 670 900
Азайғыш 950 1000 285 400 925
Азайтқыш 190 690 215 201 25
Айырманың мәні 760 310 70 199 900
№ 6. Теңдеулерді шеш. (4 оқушы тақтада)
Ү. Өтілген материал бойынша жұмыс. Түсіндіріп шығару.
1). № 3. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.
1 тәсіл. Амалдарды немесе өрнек бойынша есептеу.
Торкөз дәптер – 30 дана 70 дана Ш: 70 – 30 = 40 (жолды дәптер)
Жолды дәптер -? дана Ж: 40 жолды дәптер.
2 тәсіл: Теңдеудің көмегімен есептеу. Теңдеу құрамыз:
Торкөз дәптер – 30 дана 30 + х = 70
Жолды дәптер - х дана 70 дана Х = 70 – 30
Х жолды дәптер сатып алдық дейік. Х = 40 (жолды дәптер)
Ж: 40 жолды дәптер
(ә, б тапсырмаларды орындап теңдік, теңсіздік туралы білімдерін қорытындылау.)
2). № 4. (3 топқа бөлініп, І топ – а, ІІ топ – ә, ІІІ топ – б.)
І сөреде – 45 кітап. Ш: 145 – (45 + 45 ∙ 2) = 10
ІІ сөреде -?, 2 есе артық 145 кітап Ж: ІІІ сөреде 10 кітап бар.
ІІІ сөре?
3). Өздік жұмыс: № 5. Кестені пайдаланып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.
165: 5 < 29 ∙ 4 425 + 230 150 – 117
ҮІ. Сабақтың қорытындысы.
№ 8. Өздік жұмыс. Фигуралардың периметрі мен ауданын тап.
Р = (5 + 3) ∙ 2 = 16 (см) S = 5 ∙ 3 = 15 (см2)
Р = 3 ∙ 4 = 12 (см) S = 3 ∙ 3 = 9 (см2)
№ 9. шығармашылық жұмыс.
ҮІІ. Үйге тапсырма: № 2, 7. 9, 11 бет.
ІХ Бағалау
Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу
- Manat
- 10 қазан 2013
- 86548
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 4 сынып, математика, теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан олимпиада есептері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Қызылүй негізгі мектебінің математика пән мұғалімі Зоя Губашева...Құрылымы күрделі теңдеу шешу
Сабақтың түрі: жаңа білім беру. Әдіс - тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, түсіндірмелі иллюстративті. Сабақтың мақсаты:...Математика 3 сынып тест
Математика 3сынып № 1 тест 1. Алты жүз тоқсан сегіз санының дұрыс жазылуын белгіле. A) 608. B) 689. C) 698. D) 609....Теңдеу
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу...Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Гаухар Әбдікәрімова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.