Тақырыбы: Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров.
Мақсаты: Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Сабақтың түрі: сайыс - сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: автор портреті, суреттер, сызба
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық. Топтарға бөлініп, сайыс - сабақты өткізу. Санамақ айту жолымен топтың басшысын таңдайды. Үш қатардан топ басшысы шығып, ішіндегі топтың аты жазылған қағазды оқиды.
І топ – «Оқу» тобы
ІІ топ – «Жазу» тобы
ІІІ топ – «Өнер» тобы.
( Топтың аты тақтаға ілінеді. Топ басшыларына ұпайды есептейтін бағалау парағы беріледі. Олардың міндеті – жауап берген өз тобының балаларын белгілеп отыру. Жинаған фишканы санап, әр топтың ұпайы есептеп шығарылады. топтың аты жазылған әрбір қалташаға ұпайды салып отырады.)
ІІІ. Жаңа сабақ: Кіріспе. жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
1. Автор туралы қысқаша дерек.
Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т. б. көптеген жинақтары бар. Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.
2. Үнтаспадан «Ара мен Шыбын» диалогын тыңдату.
3. Тірек сызба бойынша мысалды талдау.
4. Ара мен Шыбын бейнеленген сурет бойынша екеуіне мінездеме, сипаттама беру.
ІҮ. Сабақты бекіту: «Кім мықты?» сайысы.
А). «Өнер» тобының тапсырмасы. Ара мен Шыбын қанатын жамылып, рөлге бөлініп ойнайды.
Ә). «Оқу» тобы мысалдағы түйінді ойды жазады.
Б). « Жазу» тобы Ара мен Шыбын жайлы «Егер мен Шыбын болсам...» тақырыбына эссе жазады.
«Кім ақын?» тапсырмасы. Үш топқа өлең бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі.
Келді араға Шыбын
Жиып жатқан шырын,
Шақырды Шыбын қонаққа.
Ара келсе кешігіп,
Жатып қапты шешініп.
Қонақты дұрыс күтпепті,
Шыбынға ақыл жетпепті.
Жұмысты тез әрі дұрыс орындағандары үшін ұпай беріледі.
«Кім ұтқыр?» тапсырмасы. Бұл тапсырма бойынша мынандай сұрақтар таратылып беріледі. Оқушылар ойларын мына сұрақ негізінде жинақтайды:
1. «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?
2. «Қонақ» деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?
3. Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?
«Кім тапқыр?» тапсырмасы.
Мысал бойынша мақал - мәтел тауып жазу тапсырмасы беріледі.
1. Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.
2. Қонақ асыңа емес, қабақ - қасыңа риза.
3. Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Ү. Қорытынды. Қандай тарауды аяқтадық?
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. оқу, кестені толтыру.
2. Бағалау. (топтардағы әрбір дұрыс жауапқа берілген жетондарды санау, жеңімпаз топты құттықтау)
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
- Manat
- 10 қазан 2013
- 25769
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, ана тілі, ара мен шыбын, Оспанхан Әубәкіров
Ұқсас жаңалықтар:
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Сабақтың мақсаттары: Білімділік. Оқушылардың С. Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен...Ара мен шыбын
Сабақтың мақсаты: Жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы негізгі ойды ашып сандарлы ойлату Сабақтың міндеттері: Өлең түрінде...Екі шыбын
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің Бастауыш класс мұғалімі Бурамбаева Мейрамгул Бердибаевна...Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...Шыбын мен көбелек
№35мектеп-гимназиясы. Кемалова Зауреш Тыныштыққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.