Сайтқа кіру Тіркелу

9 санын қосу, азайту

Сабақтың мақсаты.
Білімділігі: 9-ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: оқуға, еңбекке, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ойын ашық, еркін айтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен пайдаланылатын құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар (конвертке салынған үшбұрыштар), ақ парақшалар, геометриялық фигуралардың шаблондары, электрондық оқулық «Математика. 1 - сынып», есепке берілген суреттер, минусовка жазылған диск.
Типі: жаңа материалды игерту.
Түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, еңбекке баулу.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, таңдау әдісі.

Барысы.
Ұйымдастыру.
Оқушыларды 3 топқа бөлу. (таңдау әдісі арқылы)
Үшбұрыштар. Төртбұрыштар. Бесбұрыштар.
Сайыс сабақтың ереже, шарттарымен таныстыру. Топ жетекшілерін сайлау.
Қызығушылығын ояту. «Жемістерді үзіп ал» ойыны.
Интерактивті тақтада жемістердің суреттері көрініп тұрады. Әр топтан 2 оқушы таңдаған жемістерінің артында жасырынған мысалдарды орындайды. Әр дұрыс жауап үшін 1 фигурадан (әр топтың атына сәйкес, үшбұрыштар тобына - үшбұрыштар т. с. с.) беріледі.
5+5
5+4
3+5
1+5
2+5
4+5
2+4
1+4
3+4
4+4
Мағынаны тану. Жаңа сабақты түсіндіру.
1+9 =
10 - 9 =
9+1 =
10 - 1 =
Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Қосындының мәнінен қосылғыштардың біреуін азайтқанда екінші қосылғыш шығады.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
Электрондық оқулық бойынша 9 санын көркем жазуды көріп, тыңдау, дәптерге бір қатар жазу. Дәптерге күннің ретін жазу.
Есеп шығару. №3 есеп.
Сұрақ – жауап.
Есеп не туралы?
Не белгілі?
Не белгісіз?
Белгісіз туралы не айтылған?
Интерактивті тақтада сурет арқылы есеп түсіндіріледі. Есептің шартында белгісіз туралы кем десе азайту, артық десе қосу арқылы шешіледі деген қорытынды жасалады.
Аққу --- 7
Қарақу ---? 2-еуі кем
Шешуі: 7 – 2 = 5
Жауабы: 5 қарақу.
Есеп шығару кезінде дұрыс жауап берген оқушыларға фигуралар беріледі.
Карточка бойынша тапсырма.
Тапсырманы тез орындаған орындаған балаларға таратылады.
1, 3, 5,...,....
10, 7, 4,...,....
Сергіту сәті.
«Қошақаны қойдың» өлеңінің минусовкасына билеу.
Өткен материалдарды пысықтау. Жұппен жұмыс. «Геометриялық конструктор».
Әр партаға бір конверт таратылады. Екі бала бірігіп тақтада берілген фигуралардың біреуін ғана жапсырмалайды. Жапсырмалаған заттың атын астына жазады. Музыка ойнап тұрады, музыка тоқтағанда жұмыстары тексеріледі, толық орындалған жұмыстарға фигуралар беріледі.
Сұрақ.
Бұлардың барлығын қалай атауға болады? (әуеде үшатын көліктер)
Ой толғаныс.
«Жауабын тап» ойыны.
1+9 =
10 - 9 =
9+1 =
10 - 1 =
Қорыту. Сұрақтар.
Бүгінгі сабақта не өттік?
1 – ге 9-ды қалай қостық? 9+1= 10
10 – нан 9-ды қалай азайттық? 10 - 9= 1, өйткені 1+9 = 10

Бағалау. Әр топтың қанша фигура жинағанын топ жетекшілері санап, жариялайды. Жеңіске жеткен топ марапатталады.
Үйге тапсырма беру.
83 сабақ. 4 - мысалды дәптерге орындау. 10-ға дейінгі қосу, азайту кестелерін қайталап жаттау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
9 санын қосу, азайту

9 санын қосу, азайту

9 - ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту, есеп шығару дағдыларын...
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары (математика)

Бастауыш сынып сабақ жоспарлары (математика)

4 санын кестесін құру. Қосылғыштардың бәрі 4 болғандағы санның құрамы жайындағы оқушылардың білімі тиянақталады есептеулер жүргізу дағдысын және есеп...
7 санын қосу және азайту

7 санын қосу және азайту

ШҚО, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Мамырбекова Анар Серикказиновна...
Математика 1 сынып. 10 көлеміндегі қосу және азайту

Математика 1 сынып. 10 көлеміндегі қосу және азайту

Қызылорда қаласы, №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Айдаболова Қаракөз Батырханқызы...
12 санының екі бір таңбалы сандарға жіктелу құрамы және қосу мен азайтудың  ...

12 санының екі бір таңбалы сандарға жіктелу құрамы және қосу мен азайтудың ...

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ажмагамбетова Бакжамал Ногайбаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×