Сайтқа кіру Тіркелу

Су. Судың қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, жарты шарлар картасы, үнтаспа, тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сызба, топпен жұмыс, практикалық жұмыс, тест.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық? Суды үнін естіп, сол көніл күйге қозғалыс жасау.
Сынып оқушыларын топқа бөліп отырғызу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Топпен жұмыс.
Ауа
Ауаның қасиеттері
Ауаның маңызы
І топ. 1. Ауа туралы не білеміз?
ІІ топ. 2. Ауаның қандай қасиеттері бар?
ІІІ топ. 3. Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
ІІ бөлім. Не көрдік? Не білдік?
Бұл бөлімде өткен сабақтарда ауаның қасиеттеріне жасалған тәжірибелерді еске түсіреміз.
І топ. Ауаның орын алатындығы туралы тәжірибені еске түсіру.
ІІ топ. Ауаның сығылып серпілетіндігі туралы тәжірибені айту.
ІІІ топ. От жану үшін ауаның қажеттілігі туралы тәжірибені еске түсіру.
ІІІ бөлім. Не үйрендік? Не білдік?
І топ. Ауаның табиғаттағы маңызы.
ІІ топ. Ауаның адам өміріндегі маңызы.
ІІІ топ. Ауаны қорғау.
ІV бөлім. Ой қорыту.
Кесте құрып, оны толтыру.
Негізгі сөз: ауа
Ауаның қасиеттері: мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні иісі жоқ, сығылады, серпіледі, жылы, салқын, ыссы, суық ауалар. Ауасыз от жанбайды.
Ауаның құрамын сұрау. (азот, көмірқышқыл газы, оттегі және басқа газдар)
Ауа – газдардың қоспасы.
Ауаның ластану себептерін анықтау:( түрлі қалдықтар, улы газдар, түтіндер, радиация, ормандағы ағаштарды кесу, орман - тоғайлардың өртенуі т. б)
Таза ауаны сақтап қалу үщін не істеу керек?
Завод фабрикалардың суреттерімен жұмыс жүргізу.
3 топтан бір - бір оқушы өз ойларын ортаға салады.
Су туралы жұмбақтар шешу.
1. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)
2. Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді (ауа)
3. Көзге көрінгенмен
Ұстасақ қолға ілінбейді. (бу )
Үнтаспадан Е. Өтетілеуұлының “Су“ атты өлеңін тыңдау.
Су – тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің

Су – табиғат байлығы
Өзен - көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.

Үйде ванна, душ болса
Салқын сумен құйынғын
Ыстық сумен шомылсаң
Суық сумен жуынғын
Су сергітер бойыңды
Онымен дос болғайсың
Судан кейін сен енді
Ісіңді оңай жалғайсың

Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл
Қауіп - қатер төнсе оған
Қамқорға алып сүйе біл
Білгін мұны балалар
Сусыз құрғақ далалар
Сусыз қараң далалар
Ескертеміз бар ұлға
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.
Өлеңнің мазмұны бойынша қойылатын сұрақтар
І топ. “Су – тіршілік көзі” дегенді қалай түсінесің?
ІІ топ. Судың қандай пайдасы бар?
ІІІ топ. Суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады?

Су туралы түсіндіру, әңгімелеу.
Жарты шарлар картасымен жұмыс.
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Бу – судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.
Тәжірибе жасау.
1. Судың нақты пішіні болмайды.
2. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.
3. Су – мөлдір.
4. Судың дәмі жоқ.
5. Судың иісі жоқ.
6. Су сұйық. Ол ағады.
Су сөзіне топтастыру жұмысы:
шық
су бу
мұз
шық, мұз, бу, тұман, мұздақ, қар, жаңбыр, сел, көл, өзен, теңіз, мұхит.
Қорытынды.
Сатылай талдау:
Тақырып
Су
Қасиеттері
Пайдасы
Өз ойым
Бағалау: Су тамшыларын санау арқылы бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×