Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін қалыптастырып, бір - бірінен ажырата білуге дағдыландырып, ой – өріс қиялын дамыту және сонымен қатар сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте, венн диаграмма
Әдіс – тәсілі: түсіндіру сұрақ – жауап әңгімелеу
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
І. Ұйымдастыру кезеңі «психологиялық тренинг»
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім
Туған тілім – анам тілі – өз тілім
Туған тілім – далам тілі – өз тілім
Туған тілім – адам тілі – өз тілім
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді
- жаттығу
Қойшы – қой төрт түліктің бірі – шы жұрнағы жалғанып, қой бағатын адамға айналды.
Шалғышы – шы жұрнағы жалғанғаннан кейін не істеді? Сөздің мағынасы өзгерді ме?
- Сонымен -шы жұрнағы қой, шалғы сөзіне қандай қызмет атқарды.
- Ендеше – жұрнақ дегеніміз не?
- Жалғау дегеніміз не? Мысал келтіріңдерші
- Олай болса жұрнақ та, жалғау да жалғап сөз құраңдаршы.
Мынау ненің суреті: жылқы + шы + лар
Түбірі қайсы?
Қай сөзден шығып тұр?
Жұрнағы қайсы?
- лар нені көрсетіп тұр? (Жылқы бағатын адамның көп екенін білдіріп тұр.
Жұрнақ жалғаудан бұрын жалғанады. Жұрнақ ешқашан жалғаудан кейін жалғанбайды.
«Ауызша» қарамен жазылған сөздерге қарайық.
Шекарашы сақшысы
Шекарашы деп кімді айтады?
Біз қай елдермен көршіміз «Қытай Ресей» Қазақстан арасын шекара дейді. Ендеше Қазақстан жерін күзететін адамды шекарашылар дейді.
Шекара облыспен облыстың арасында мектептің арасында ауылмен ауыл шекарасы бар.
Шекарашы сөзінің түбірін тап.- шы жұрнағы неге сөз мағынасын өзгертіп тұр.
2. Сақшысы дегенді қалай түсінеміз? Күзетте тұратын адамды айтады.
Ребус шешу:
Әдептілік
351 - жаттығу
1. Оқушының оқуы
2. Мағынасын ашу.
3. Жатқа жазу
4. Сөз құрамына талдау
- Оқушы тақтада орындайды «1 о»
- Дұрыс жазды ма? Жөндейік, қатемізді тексереміз
- Сөз құрамына талдау «2 о»
Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең
Ақылды қария жазып қойған хатпен тең
Кім жылдам ойыны
Сөз ------------------ Түбір ---------- Жұрнақ ---------- Жалғау
Бүркітшілер
Өнерпаздар
Арбакештер
Бүгін ауа райы қандай? Мектепке келе жатқанда не байқадыңдар, қыс туралы күнделікті сабағымызда айтылып жүр.
Қыс, аяз, мұз, қар, боран
- Осы сөздерді байланыстырып сөйлем құраймыз, жұрнақ пен жалғауды бір сөзбен не дейміз?
- Қосымша
- Ендеше құраған сөйлемдеріңнен қосымшалы сөйлемдерді табыңдаршы.
Қорытынды: Қосымшалардың түрлерін бір - бірімен салыстырайық.
Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі, қасиеттері бар екен.
Венн диаграммасы
Жұрнақ --------------------------- Жалғау
Үйге тапсырма:
Жұрнақ пен жалғау
- Сатжан
- 26 тамыз 2013
- 48451
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұрнақ пен жалғау, бастауыш сыныпқа сабақ жоспары, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы ұғымдарын тереңдете түсу. Сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру. Сөзге қосымшаны дұрыс жалғай білуге...Қысқа мерзімді жоспарлар
Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік қалыптастыру, сөз құрамына талдауды үйрену, топпен жұмыс істеуге дағдылану....Тест
Қазақ тілі 2 сынып..."Жұрнақ пен жалғау" ашық сабақ
Ақтөбе облысы. Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ағарыс Кәдірқызы...Сөз және оның құрамы
Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.