Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғат - тіршілік көзі

Мақсаты: оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.

Әдісі: сұрақ – жауап, мақал – мәтел талдау, нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және «Табиғатты қорғайық» слайд көрсету, өлеңдер оқу
Көрнекіліктер: нақыл сөздер «Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат», сюжетті суреттер. Мақал – мәтелдер жинағы

Табиғат – бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе - теңдік үнемі сақталып тұрады.
Сұрақ – жауап. (ауызша топтарға сұрақтар қою.)

* Адам өміріне не қажет?
* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады
* Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
* Тірі табиғатты ата.

І - кезең:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді,
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

*Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?

- Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.

- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.

- Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
ІІ кезең:
Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)

- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?
- Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер – біздің қазынамыз, байлығымыз.
Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.

* Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамыры табиғат» деген. Сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?, аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді.

ІІІ кезең:
Табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз?
Көлдің көркі – құрақ, 2. Орман – ел дәулеті,
Таудың көркі – бұлақ. Жер сәулеті.

3. Сулы жер – нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ.

ІV кезең:
Топтарға сауалнама
1 - топ. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? ( суретін салу)
2 - топ. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едіңдер?
Сыныпқа жалпы сұрақ.
«Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде жоқ па?»
Оқушылардың пікірін талдау
Қорытынды:
Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.
Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетіңде тұру – парыз

Ендеше, Отанымызды, атамекен жерімізді аялай білейік, қадір тұтайық!
«Атамекен» әні орындалады
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×