Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Домбыра
Мақсаты: Ұлттық аспаптар туралы мағлұмат беру.
1. Қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы - домбыра туралы түсінік беру. Оның шығуы, құрылысы туралы аңыздарға тоқталу.
2. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу.
3. Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, проблемалық
І. Алғашқы ұйымдастыру
"Бала тілі бал" бағдарламасы арқылы жана сабақтың тақырыбын шығару.
Екі ішектің бірі қатты,
Бірін сәл - сәл кім бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ - домбыра - деген өлең жолында айтылғандай, бүгін біз ең ежелгі, ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық аспап - домбырамен танысамыз.
Сабақтың тақырыбы: Домбыра.
(Ахмет Жұбановқа арналған)
1906
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
композитор
Алғаш қазақ ұлттық оркестрін құрды
дирижер
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
1968 халық әртісі
Сұрақ - жауап арқылы:
- Кімнің үйінде домбыра бар?
- Домбыраның құрылысын кім біледі? Сұрап, толықтыру. Басы, құлағы, пернелері, мойыны, ішегі, ойығы, шанағы, тиегі, түймесі.
- Слайдтан көрсете отырып, құрылысын түсіндіру.
Домбыраны шебер тартатын өнер адамдары бар. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған, қос ішекті шертіп ойнайтын аспабы. Домбыраны балқарағайдан жасайды. Шерткенде үні таза болу үшін ағашты суға қайнатады. Ішегін ешкінің ішегінен жасайды.
Мәтінмен жұмыс.
Өлең шумақтарын топтарға бөліп, әр топ өз сөздерімен түсіндіреді
І - топ
Кейбіреулер қомсынады домбыраны,
Ондайлар бізді қайтып оңдырады.
Білмеймін теңі бар ма бағалы да,
Домбыра – ата көзі, баба мұра.
Тербеліп кетсе ішектер, теріп перне,
Теңіз күй төгілгендей шанағына.
ІІ топ
Жаралып күн қызулы құштарлықтан,
Домбыра жан жүректі құшқандықтан.
Құлпырып мың бояумен құйқылжыған,
Күй сазын құмар бұлбұл құстар да ұққан
ІІІ - топ
Домбыра – қаз
Ақ жаны, мөлдір әні...
Кімдер ол қомсынатын домбыраны?!
Арманын әз халықтың ғасырларға
Жеткізген дүлдүл қайда болдырады?!
- Небір қуанышты, қайғылы, мұңды оқиғаны домбырамен жеткізген.
- Домбыраның шығуы мен құрылысына байланысты аңыздар бар. Кім біледі?
«Ақсақ құлан» ертегісінің видеосын жіберу.
- Міне бұл ертегіден не түсіндіңдер? Оқушылар түсінік айту.
Ой түйіндеу.
Топтық жұмыс
І топ
Өзіңе қандай күйлер ұнайды?
ІІ топ
Домбыраны қолына алып ән айтатын қандай әншілерді білесің?
Мейрамбек Беспаев, Мақпал Жүнісова, Жанар Айжанова және т. б. әншілердің өлеңдерін тыңдата отырып орындаушы кім екенін таптыру.
ІІІ топ
Ақын домбыраны неге адамның жанымен теңейді?
Үй тапсырмасын тексеру.
"Домбыра" мәтінін мәнерлеп оқу.
"Қазақ күйлері мен күйшілері “туралы кітапша жасау.
Бағалау.
Домбыра
- райко
- 28 шілде 2013
- 18045
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ бастауыш сыныпқа, әдебиеттік оқу, домбыра, 2 сынып, Ахмет Жұбанов
Ұқсас жаңалықтар:
Құдірет бар домбыра ішегінде
Құдірет бар домбыра ішегінде, Қолыма алып қаққанмын мүшелімде. Мен онымен қияға көтеріліп, Мен онымен тереңге түсемін де....Сыйкәделік әшекей домбыра жасау
Сыйкәделік әшекей домбыра жасау. Сабақтың мақсаты: сарамандық жұмыс барысында өлшем дәлдігімен бұйым жасап шығаруға үйрету. Білімділік: қолда бар...Кәдесый домбырасын жасау
Сабақтың мақсаты: домбыраның шығу тарихы мен жасалу тарихының жолдарын үйрету Білімділігі: Оқушылардың ой - өресін жетілдіру, ұлттық қол - өнер...Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!
Жезқазған қаласы, «№21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1«В» сынып оқушысы Әшір Балжан Жамбылқызы Ғылыми...Ұлттық аспаптар ән өнері
Ақтөбе қаласы, №21 "Кәусар бұлақ" мектепке дейінгі гимназиясының музыка жетекшісі Жуматова Жансауле...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.