Сабақтың тақырыбы: Кітап қайдан шығады?
Мақсаттары: 1. Оқущыларды алғашқы кітаптың шығу тарихымен таныстыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Сабаққа деген ынталарын арттыру;
3. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, тірек сызба, кітап көрмесі.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
Көңіл ашар
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да,
Шуақты көктем нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп.
Сәлеметсіз бе, күн!
Сәлеметсіз бе, жер!
Сәлеметпіз біз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ. Өткенді пысықтау
1) «Гүл теру» ойыны. ( тарау бойынша сұрақтарға жауап алу)
- Алғашқы мұғалім адамға неге ыстық?
- Мектептен алған біліміңнің қандай пайдасын көрдің?
- Халқымыз жігіт адамның неше жұрты бар дейді, олар қайсылар?
- «Отабасы - шағын қоғам» деп неге айтамыз?
- Отбасына байланысты қандай мақал - мәтелдер білесің?
- Мақалдың жалғасын тап.
Мектеп кеме, білім теңіз.
2) «Алғашқы мұғалім» тақырыбында шығарған өлеңдерін, әңгімелерін оқыту, мақал - мәтелдер сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақ жасыру
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлгісін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің.
Бұл не?
(кітап)
- Сонымен, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Кітап қайдан шығады?
- «Күш – білімде, білім неде?»
- Кітапта
- Онда, кітаптың шығу тарихы туралы сыр шертейік.
Кітап - ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап ақылдың кені. Кітап - бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы. Кітап - барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
- Ендеше, кітап қайдан шықты?
- Қазір сендер, өздеріңді ежелгі адамбыз деп елестетіңдер, алдарыңда қағаз жатыр, сендер оқу білмейсіңдер, ал біз айналамызда болып жатқан құбылыстарды, заттарды қалай жазар едік?
- Қане, құс деген сөзді қалай жазар едіңдер? Ағаш, бұлт, күн, көз т. б.
- Қалай жаздыңдар?
- Суретін салдық, бейнеледік, таңбаладық.
- Бұл таңбалар иероглифті жазбалар деп аталады. Ал ол кездегі жазу құралы тас көмір, күйе болған.
Алдымыздағы кітаптар бірден пайда болмаған. Алғашқы кезде кітап болмаған кезде адамдар тасқа қашап жазған. Қазақ тарихында тұңғыш кітап 1841 жылы «Боз жігіт» деген атпен Қазан қаласында басылып шықты.
Кітап
қыш тақта
мұқабалы кітап
папирус
пергамент
- Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді түсініп оқу.
- «БҮҮ» кестесін толтыру
1 - қатар: Папирус, Пергамент туралы.
2 - қатар: Балшықтан, тастан жасалған кітап туралы.
3 - қатар: Компьютерлі кітап басылымы туралы.
● Мәтін бойынша сұрақ - жауап
- Алғашқы кітаптар қандай болған және олар не нәрселерге жазылған?
- Бұрын кітаптар неге қолмен көшірілді?
- Кітап алғаш қалай басылған, қазір қалай басылады?
- «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» дегенді қалай түсінесің?
- Кітап туралы қандай мақал - мәтелдер білесің?
- Сергіту сәті
- Не бірінші?
1. Мұғалім, сабақ, қоңырау.
2. Кітап, баспа, жазушы.
3. Тамыр, өсімдік, сабақ.
4. Күнделік, мұғалім, баға.
5. Күн, ұйқы, түн.
- Ой қозғау
- Кітап бізге не үйретеді?
42 әріпті үйретеді
халықтың тарихын үйретеді
жақсылыққа баулиды
білім береді
ұлы адамдармен танысамыз
мақал - мәтелдер, жұмбақтар үйретеді
- Ендеше кітап керек пе?
- Кітапты біз қалай ұстауымыз керек?
- «Кітаптар мұңы». Көрініс.
ІV. Қорытынды
- «Бұл не деген жұмбақ?»
Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына не алдына, соңына оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір нақыл сөз оқи аласыңдар.
р т қ ғ л м к т п т
а ы ы ы і а а, е і е о ы ө у е.
р н б қ п к р г
Шешуі: «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге».
(Абай)
V. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. «Білім көзі - кітапта» тақырыбына эссе жазу.
VІ. Бағалау.
Кітап қайдан шығады?
- райко
- 27 маусым 2013
- 18431
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дүниетану, кітап қайдан шығады, бастауыш сынып, сабақ жоспары, кітапты таза ұста
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап туралы мақал-мәтелдер
Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол. Кітап - алтын қазына....Ғылым, білім туралы мақал-мәтелдер
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. Ғылым - теңіз, білім - қайық. Кітап - ғылым – тілсіз мұғалім....Кітап қайдан шығады
Қарағанды қаласы, № 44 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жансая Дузенова Ораловна...Кітапханада
Қарағанды облысы Жезқазған қаласы № 1 орта мектебі Жандаулетова Қызғалдақ...Кітап - білім бұлағы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.