«Бастауыш - білім бесігі»
(әдеби - сазды кеш)
I - бөлім: Кіріспе.
- Мұғалімнің алғы сөзі.
- Бастауыш – білім бесігі - қысқа есепті баяндама.
- Қазақстан Республикасының әнұраны (оқушылардың орындауында)
II - бөлім: Білім негізі – бастауышта.
Негігі бөлім
- Әдеби - сазды монтаж.
- Ы. Алтынсарин. Әке мен бала
(сахналық қойылым)
- Шағын концерт.
III - бөлім: Қорытынды
- Ата - аналар комитеті сөз алады
- Мектеп басшыларына сөз беру.
- Марапаттау, сынып жетекшісінің қорытынды сөзі.
Кеш соңы.
Кешті өткізудегі мақсатым: Білім негізі бастауыштан қаланатын, мектеп өмірінің алғашқы баспалдағын аяқтап отырған оқушыларымның 4 жыл бойы алған білімдерін одан әрі шыңдап, болашақтың білімді ұрпағы болуларына ақ жол тілеп, ата - аналарына, басқа да пән мұғалімдеріне ризашылығымды білдіру. Бастауыш сыныптарда білім берген аяулы ұстаздарымен қоштасу рәсімін жасау.
Көрнекіліктері: Оқушылардың шығармашылығынан көрме, жазған шығармалары, салған суреттері, жасаған бұйымдары. Ұлы кемеңгер би - бабаларымыздың асыл сөздері, Еліміздің рәміздері, фото - альбом, суретті плакат.
Өтілу барысы:
I - бөлім. Кіріспе.
/Мұғалімнің алғы сөзі./
- Бастауыш - білім бесігі - қысқаша есепті баяндама.
- Қ. Р - ның әнұраны/оқушылардың орындауында/
II - бөлім: Білім негізі - бастауышта
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жүргізушілер екі оқушы\бір ұл, бір қыз\
1 - жүргізуші
Ассалаумағалейкум, ағайын!
2 - жүргізуші
- Армысыздар қымбатты ұстаздар, аяулы ата - аналар! Біз бүгін ең алғаш қалам ұстатып, әліппемен таныстырған сүйікті ұстазымызға, жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған мектеп – анаға алғысымызды айтамыз.
1 - жүргізуші
Мектебім, жылы ұя бесігім
Күнде ашық мен үшін есігің
Білімнің шуағын мол сепкен
Ұстазым, қымбат қой есімің.
2 - жүргізуші:
Кеп - кешегі тоқырау қайда қалған
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан
Мейірімің бе, ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
ХОР: «Мұғалім - ол біздің»
Ираида
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағыма сыңғыр қағып.
Мырзабек:
Өткіздім, алтын ұям, нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағыма сыңғыр қағып.
Гүлфия:
Әліппем менің! Әліппе - менің дүнием
Сенен мен әлі үйренемін деп сүйінем
Әлемнің барлық азаматына бір тілек
Әліппе ұстап, бүлдіршін шықсын үйіңнен.
Ербол:
Мен бүгін бұрынғыдан саналымын
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім
Бет алып бара жатыр болашаққа
Аяулы он бір жасар балалығым
Аяжан:
Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата - анам.
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Құндыз:
Жиғанда арман құшағын
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат, күш әлім
Биікке самғап ұшармын.
Ринат:
Ақылшы асыл, ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың,
Қасыма кеп, қанша сен
Қамқор боп қалам ұштадың.
Индира:
Өз аузына қаратқан
Ұстаз үнін ұғамын.
Сөйтіп әрбір сабақтан
Сәл есейіп шығамын.
Гүлфия:
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп, ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
ХОР: «Ұстазым»
1 - жүргізуші:
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.
2 - жүргізуші:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға
Ұқсатып ек біз сізді анамызға
Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастың
Жүргеніңді ұнаттық арамызда.
Ираида:
Ұстаздықты сүйіп, қалап таңдаса
Өнегесін жас ұрпаққа арнаса
Нағыз ұстаз міне осы дер едім.
Қиыны мен қызығына қанбаса.
Айбек:
Бойымызда бұлан күш
Еркін өскен ұланбыз.
Оқу білім үйреткен,
Ұстаздарға мың алғыс.
Сұлуай:
Жаңалық мол, көп екен
Меңгеруді қалайды.
Альфия апай үйреткен,
Информатика сабағы.
Бекзат:
Замзагүл, Света апайдан
Жалықпай білім мол алдық.
Ертегі тыңдап солардан
Орысша оқып, жаза алдық.
Аяжан:
Күмбірлеген күй тыңдатып
Ән салып күй тартқызды.
Жадыра апай жалықпай
Әуелетіп ән айтқызды.
Алтай:
Алғашқы әрпін тыңдатып,
Өзге тілді сөйлеткен.
Айгерім, Әсем апайлар
Ағылшын тілін үйреткен.
Мырзабек:
Гүлжан апай жайдарлы
Ақылмен кеңес береді.
Ұстаздардың ұстазы
Әлі де көп бізге берері
Біз үшін сіз анасыз
Бәрімізге панасыз.
Осылай күліп әрдайым
Жүз жасқа да барыңыз.
ХОР: «Әрқашан күн сөнбесін»
1 - жүргізуші: Халқымыздың ұлы кемеңгер ойшылы Абай атамыздың қара сөзінен үзінді.
Фариза: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.
Ираида: Надандық - білім - ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Айбек: Еріншектік күллі дүнтиедегі өнердің дұишпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейилік - бәрі де осыдан шығады.
Индира: Залымдық адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.
Сұлуай: Бес арыстың бірі Шәкәрімнің «Еріншек» өлеңінен үзінді.
2 - жүргізуші: Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі бойынша сахналық көрініс.
1 - жүргізуші: Келесі кезекті ән - биге береміз. Біздің өз күшімізбен әзірленген шағын концертті тамашалайсыздар.
III - бөлім Қорытынды: Сынып жетекшісі: Адильгереева Гүлжан Сапақызы
- Құрметті шәкірттерім бүгінгі әзірленген тамаша кештеріңізге көп - көп рахмет. Болашақтың барысы, келешектің қожасы - сіздерсіздер. Осы бастауыштан алған білімдеріңізді одан әрі шыңдай отырып, биіктерден көріне беріңіздер деп тілек айтамын.
- Ата - аналар комитеті сөз алады.
- Мектеп басшыларына сөз беру.
- Марапаттау.
- Қорытынды.
Бастауыш-білім бесігі (әдеби-сазды кеш)
- Набия
- 3 маусым 2013
- 11302
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әдеби кеш, бастауыш білім бесігі, Әліппемен қоштасу
Ұқсас жаңалықтар:

Бастауышым – балбұлағым
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда, -...
Қош бол бастауыш
Ақмола облысы, Енбекшильдер ауданы, Совет негізгі мектебі Султанов А.С. Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай...
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, №86 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смат Айжан Нұржәліқызы...
"Қош бол, бастауыш сыныбым!" сынып сағаты
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...
Бастауышым бастамам
1 - жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата - аналар. Құрметті қонақтар. Бүгін №11 орта мектепте үлкен қуаныш. Білім нәрімен сусындатқан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.