5 - ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға көбейту мен бөлу амалы арасындағы байланысты одан әрі ұғындыру. Санды 5 - ке көбейту мен бөлудің үлгісімен таныстыру.
Дамытушылық: ауызша, жылдам, дұрыс есептеу дағдыларын жетілдіре түсу, логикалық ойлауын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: шыншылдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 5 - тің көбейту кестесі, үлестірмелі қима қағаздар, сандар, тест, бес тас.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, проблемалық, практикалық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
2. Миға шабуыл.
а) Үлестірмелі қимамен жұмыс. Қалдықпен бөлуге байланысты мысалдар.
ә) 4 - тің көбейту және бөлу кестесін ауызша сұрау.
3. Жаңа сабақ.
5+5+5+5+5=5х5=25
25 - тен 5 - ті азайта береміз.
25 - 5 - 5 - 5 - 5 - 5=0, демек 25: 5=5
Оқулықпен жұмыс.
№1 ауызша орындау
№2 есепті оқып, талдау жүргізіп шығару.
Мандарин - 8кг - 5 жәшік
Апельсин - 16кг
(8х5)+16=56
Жауабы: 56 кг жеміс
Сергіту сәті.
№3 кестені пайдаланап, есептер құрастыру, оларды шығару.
а) 1 ж а.- 9кг
Ж.- 5
9х5=45
Жауабы: 45 кг алма
ә) 45: 9=5
б) 45: 5=9
Бұлар өзара кері есептер.
Математикалық диктант.
9х5 5х9 5х8 8х5
45: 5 45: 9 40: 5 40: 8
Өздік жұмысы.
1 қатар 2 қатар 3 қатар
6х5 8х5 9х5
7х5 5х9 5х8
30: 6 40: 8 50: 5
40: 5 35: 5 20: 5
Сергіту сәті. «Бес тас» ойыны
Шығармашылық тапсырма.
Еркін әкесі 36 жасқа келгенде туған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны?
36: 5=7 (1қ.) 36+7=43
Ж: Еркіннің әкесі қазір 43 жаста.
Амалдарды орында.
656 - 98=558 40х7 - 40х5=80
306+87=393 80х3+30х2=300
Өрнектер құр және олардың мәндерін тап. Берілген ұяшықтарда сандар жазылған. Сол бірінші ұяшықтардағы сандарды 5 - ке көбейту, екінші ұяшықтардағы сандарды 5 - ке бөлу.
Қорытынды.
5 - тің көбейту және бөлу кестесін қайталап, бекіту.
Үйге тапсырма. 103 б. 12 есеп
Бағалау.
5-ке көбейту және бөлу.
- Ментай
- 19 мам 2013
- 11299
- 0
- 0
Ілмек сөздер: логикалық тапсырма, сөз есептер, өрнектер.
Ұқсас жаңалықтар:
Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу
Оқушыларға нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлудің мән - мағынасын аша отырып, есептер шығару. Оқушыларды тапқырлыққа, алғырлыққа,...Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары
Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары. 3*1, 3*0 түріндегі көбейту. Оқушыларды 1 - ді санға көбейту және 0 - ді санға көбейту жағдайларымен...5 - ке көбейту және бөлу кестесі
Мақсаты: 1. 5 - ке көбейту және бөлу кестесімен оқушыларды таныстыру, көбейту мен бөлу амалдарын жан - жақты меңгертіп, өз беттерімен жұмыс істеу...4-ке көбейту және бөлу
Жанаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің Нуржанова Гулжан...Көбейту кестесі
Бұл жинақтан көбейту кестесін таба аласыздар....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.