Саламатсыздар ма, балалар. Бүгін біз сіздермен жаңа сабақ өткелі отырмыз.
Сабақтың тақырыбы «Қанат туралы хикая».
Сабақтың мақсаты: Мұғалімге қойылатын мақсат:
• Шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру
• Жеке құндылықтарға тарту
• Жағымды баға алуға жетелеу
Оқушыға қойылатын мақсат:
• Белгісізді тану
• Өз ойын салыстыру
• Қайта қарастыру
• Автордың ойын жеткізу
• Жаңа құндылықты меңгеру
Сабақта сіздерге сәтттілік тілеймін!
Бірі түсс қатерге,
Мәңгі ұша алмай қаласың.
Қос қанатың болғанда
Табар өмір жарасым,
Біреуінсіз ар - ожда
Бір мүгедек боласың.
Қарап тұрып шекені
Шымшылады сан күдік.
Қанатымның екеуі
Сау болса екен мәңгілік.
Оқушының әрекеті:
1 - деңгей
1. 10. Өлеңнің неше шумақтан тұратынын бөліп алады
1. 20. Өлеңнің не туралы екенін таңдайды
1. 30. Сөздік жұмысын қолданып, «хикая» сөзін қосымша ақпараттан іздеп, жауап береді.
Ақпараттық бет
Хикая – сюжетке құрылған оқиға желісі. Әдебиет жанрының бір түрі. Ал мұғалім әр оқушының тапсырмасын сабақ үстінде тексеріп отырады, дұрыс жауап жазбаған оқушыларға ескертеді, яғни оқушының алға жылжуына көмектеседі.
Оқушының әрекеті: 2 - деңгей
2. 10. Бірінші шумақтан өзіне аянышты болған, обал деп ойлайтын көріністі пайымдап көреді және оны парақшаға орналастырады.
Аянышты жері:
2. 20. Автордың балапанға көрсеткен көмегін ұсынады:
2. 30. Презентацияны көре отырып, балапан қанатының қандай нәзік болатынын байқа.
Оқушының әрекеті: 3 - деңгей
3. 10. Автордың құс қанатын көре отырып кімге ұқсататын ерекшелігін көрсетеді.
3. 20. Неге осы екі сөзді автордың таңдаған себебін табуға көршісіне көмектесе отырып,. екеуі келген ортақ шешімді жауап ретінде жазады.
3. 30. Берілген шумақты мұқият оқып,. өзіне ұнамаған сөздің астын сызып, неге ұнамағанын дәлелдейді. Сөзді табу қиын болған жағдайда көршісімен пікір алмастырады.. Мұндағы мақсат - бұл өлең шумағындағы балаған ұнамайтын сөз «мүгедек»екенін көрсету. Сол жаман сөзді өмірде болдырмау үшін ата - анаңның аман болғанын оқушылардың түсініп, өз жауаптарын берілген кестеге орналастырады.
Маған осы шумақтағы ұнамаған сөз:....................
Қос қанатың болғанда,
Табар өмір жарасым.
Біреуінсіз ар - ожда,
Бір мүгедек боласың.
Оқушының әрекеті: 4 - деңгей
4. 10. Өлеңнің соңғы шумағын оқып, автордың ойын өз ойымен салыстыру, тұжырымдау.
Автордың ойы: Менің ойым:
.................................................................................................................................................
4. 20. Өзі білетін мақал - мәтелдерді еске түсіреді.. Ата - ана туралы мақал - мәтелдердің екінші жолын тауып жазады.
Ана сүтін ақтамағанды, Әкеге қарап ұл өсер,
............................................................................................
Оқушының әрекеті: 5 - деңгей
5. 10. Кітаптағы мына өлең шумағын қайта қарастырады, өзгертеді, мүмкіндігінше толықтырады.
Оң қанатым - әкем де,.............................................
Сол қанатым - анашым..............................................
Бірі түссе қатерге,..............................................
Мәңгі ұша алмай қаласың................................................
Сабақ барысында байқалғаны оқушылардың осы шумақты өзгертіп, ұйқастырып өлең шығарулары өте жарасымды болды. Мысалы: Нурмухамбетова Дарияның өзгертілген нұсқасы:
Оң қанатым - Отаным,
Сол қанатым – отбасым.
Бірі түссе қатерге,
Өмір сүре алмаймын.
5. 20. Ата - анасына тілейтін жақсы тілектерін мына түрде орындайды.
1. Алдымен оң қолыңды қағаз бетіне қой да, сұлбасын түсіріп ал. Оның ішіне «анама тілек» деп жаз.
2. Енді сол қолыңды қағаз бетіне қой да, сұлбасын түсіріп ал. Оның ішіне «әкеме тілек» деп жаз.
3. Осы жүрегіңнен шыққан шынайы тілектеріңді ата - анаңның «қойын дәптеріне»орналастыр. ЕСКЕРТУ: Бұл сенің ата - анаңа қуаныш сыйлайтынына сенімді бол!
Ата - анаңа тілек жазуда ойыңды жүйелі жеткізу үшін «ақпараттық бетті»қолдан.
Ақпараттық бет. Әрдайым есіңде сақта!
Өмірлік қажеттілік туған кезде қолдану - сенің құзырлығыңда.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады.
*** “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.
*** “Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
Айтып өтетін бір жайт сабақ соңында орындалған ойын «Гүл шоғын жина». деп аталды. Ойын шарты бойынша әр оқушының қолындағы гүлде төмендегі сөздер жазылады. Ойын бастаушы өзіне ұнаған гүлді алып, ата - анасы туралы мінездеу жасайды. Егер оқушының қолындағы гүлдегі сөз ұнамаса, ол гүлді алмауға болады.
Ескерту! (Бір букетте 3 гүлден болуы тиіс).
Ойын барысында байқалғаны оқушылар ата - аналарына жамандық тілемейтіні, олар туралы жаман сөздер естігісі келмейтіні байқалды.
Ойынға қажетті мәліметтер:: мейірімді, қажет кезде үнемі көмек бермейді, таза жүрмейді, сенімді, көп ашуланады, мені түсінеді, керек кезде кешірім жасайды, маған көп ұрсады, қиын кезде әрқашан көмектеседі, ешқашан маған жамандық тілемейді, зиянды әдеттермен айналысады, менің ауырғанымды қаламайды.
Сабақ аяқталды. Сендердің ата - аналарың туралы пікірлерің, ойларың маған қатты ұнады. Әр оқушы шығармашылықпен жұмыс жасады. сыныпта көптеген оқушылардың ақындық қабілеті бар екені бүгін байқалды. Шын ризашылығымды білдіремін. Сау болыңыздар!
Оқушылар жұмыстарын өзара бағалайды.
Құрдастарының тарапынан жағымды баға алу:
Мұғалім тарапынан жағымды баға алу:
Қанат туралы хикая
- Ментай
- 18 мам 2013
- 4693
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мүгедек, ата-ананы құрметтеу, обал, аянышты.
Ұқсас жаңалықтар:
Есім хан кезіндегі қазақ хандығы
Қазақстан тарих пәнінің мұғалімі Н. Жұмағалиева...Туған жер. Қасым Аманжолов
КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Омарова Гүлнар Жакановна...Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»
Бастауыш сынып мұғалімі Жанұзақова Гүлмира...«Қараторғай» Ж. Аймауытов
Бастауыш сынып мұғалімі Жанұзақова Гүлмира...«Қарлығаш» Ө. Тұрманжанов
Бастауыш сынып мұғалімі Жанұзақова Гүлмира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.