ТОҚЫМҚАҒАР
Мақсаты: оқушыларға білімнің сара жолының бастауыштан басталатынын ұғындыру, білім ордасы мектепті, ұстаздарын құрметтей білуге үйрету, елін, жерін сүюге баулу; сахналық мәдениетін қалыптастыру; өнерге деген ұмтылысын шыңдау.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып, зер салайық, ей, халайық,
Балғындарды қошеметпен қарсы алайық!- дей отырып бастауышты бітіргелі отырған оқушыларды ортаға шақырайық!
1 - жүргізуші: Ағайын, жұрт ардақты бармысыздар,
Бәріңіз де есен - сау бармысыздар!
Көрермен куә болсын бастауышқа,
Болашақ шәкірттердің жалғасы бар.
2 - жүргізуші: Мектеп, мектеп, бақытқа толды үйің,
Ұша білсек, болмас - ау қону қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін
1 - жүргізуші: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Оқи, жаза білемін, мақтанамын.
Ертелі - кеш ойнайтын қайран күнде,
Сәбиліктің белгісі артта қалды
2 - жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бірінші өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Ән::"Мектебім"
Көрініс
Назар: Иә, құрдас, жол болсын. Шапанды киіп алып қайда жол тарттыңыз? Елден ерекшеленіп алыпсыз ғой.
Айдос Оу, бүгін той емес пе Тойдың сәнін келтірейін деп киіп алғаным ғой.
Назар. Жұрт бастауышпен қоштасайын деп жатса неғылған той?
Айдос: Сіз алдымен маған мынаны айтыңызшы. Осыдан 4 жыл бұрын қандай едік, қазір қандай болдық?
Назар: Несін айтасыз, осыдан 4 жыл бұрын ештеңенің мәнісін білмейтін бала едік қой.
Айдос: Ал қазір оңы мен солын танитын, ақ пен қараны ажырата білетін, өзіндік пікірі бар саналы азамат болдық емес пе?
Назар: Иә, дұрыс айтасыз, құрдас.
Айдос: Ертеде бәсіре ғып ен салған құлыны атқа айналғада ұлының тұңғыш рет сапарға шыққанын бүкіл ел болып тойлайды екен. сол той" Тоқымқағар" деп аталады екен.
Назар: Бәсіре ғып ен салған
Атқа айналды құлыным.
Дәстүр, салтын сақтаған,
Мен қазақтың ұлымын!
1 - жүргізуші:
Төрт жылда өсті біраз бойымыз да,
Ақылға ақыл, ой қостық ойымызға.
Қош келдіңіз, ұстаздар, ата - аналар
Бастауышпен қоштасу тойымызға!
1 - оқушы:
Бәрі есімде мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір нұр жүзіміз жанған күн.
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
2 - оқушы:
Әсем бөлме, терезелер жап - жарық,
Қойған дерсің шырағданнан шам жағып.
Қара тақта, аппақ парта қаз - қатар,
Отырдық біз, сипап бәрін таң қалып.
3 - оқушы:
Кіріп келді сыныпқа ұстаз күнді іліп,
Бөлме іші кетті лезде шын жылып.
Сәлем берді ұстаз бізге жымиып,
Бар шуылын балалардың тындырып.
4 - оқушы:
Күнде осылай өтіп жатты сан сабақ,
Таразыға түсті талай қанша бақ.
Білімді аңсап шөліркеген санаға,
Құйылды екен сонда қанша бал шарап.
5 - оқушы:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Әліпбиді алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана, естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
«Ұстазым»әні
1 - жүргізуші:
Алған беттен «алға» деген танбаймыз,
Бүгінгіні болашаққа жалғаймыз!
Соның үшін қарыздармыз ұстазға,
Жүрек сөзін тағы өзіңе арнаймыз!
6 - оқушы:
Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
7 - оқушы:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,
Жүргеніңді ұнаттық арамызда.
8 - оқушы:
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
9 - оқушы:
Атағым Алатаудай болса биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашан тағзым етіп,
Тұрамын»Ұстазым» деп басымды иіп.
10 - оқушы:
Өміріне серік еткен үмітті,
Еңбегімен еліне ол сүйікті.
Өзгелердің бақыты үшін тер төгіп,
Өзгелерге тілеп жүрер биікті.
11 - оқушы:
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмірге алғаш көзімді ашқан аяулы
Жаттап өтем ұстазымның есімін.
12 - оқушы:
Есімде ұстазымның қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке, думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
Концерттік бағдарлама
1 - жүргізуші:
Өнер - білім, еңбекке талап қылып,
Ұмтыламыз шыңдарға асқаралы.
Түлектердің өнерін паш ететін
Концерттік бағдарлама басталады.
1 - жүргізуші:
Ақыл - сана берген білім тереңін,
Алғысы көп мектебіне өреннің.
Ұлағатты ұстаздарға сол үшін
Ұрпақтары көрсетеді өнерін.
1 - жүргізуші:
Үйретуден жалықпай ертелі - кеш,
Біліммен сусындатқан бар баланы.
Ендігі биленер би дөңгеленіп,
Ұстаздар, өздеріңе арналады.
2 - жүргізуші:
Қолтықтасқан, сырласқан,
Достық жыры бір дастан.
Достықты қимыл бейнелеп
Ортада достар билемек.
Би..................................................................:
1 - жүгізуші:
Қасиетті қос ішекті домбыра,
Қос ішектің бірін қатты, бірін сәл - сәл кем бұра.
Біздің қазақ қазақ емес
Нағыз қазақ домбыра!
«Келіншек»күйі
Күйші бала сөзі: Домбырасыз ән қайда,
Домбырасыз сән қайда.
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма?
Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүрекке от жақсын деп,
Елге күйін арнаған.
Бұл күйді «Тоқымқағар»тойға жиналған барша қауымға арнаймын.
1 - жүргізуші:
Күлкі жеңбейтін жау жоқ. Күлкі адам өмірін ұзартады. Әжім тек күлкіден қалған із болу керек. Олай болса біздің сыныптың көңілді тапқыштардың өнерін тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші:
Біздің заманның Алдар көселері мен Қожанасырларын қарсы алыңыздар!
Көңілді тапқыштар өнері
Ақымақ ханзада
Ханзада: Мына халық неге шулап жатыр?
Уәзір: Өзіңіз білесіз, қазір дағдарыс қой. Жұмыс жоқ, халықтың қарны аш. Сондықтан да жұрт көшеге шығып, ереуіл жасап жатыр.
Ханзада: Қарны аш болса, нанға май жағып жемей ме?
Сараңдық
Мұғалім: Кезекші, бор қайда?
Оқушы: Бор жоқ, апай.
Мұғалім: Онда Әлия апайдан бор сұрап кел.
Оқушы: Әлия апайда бор жоқ екен
Мұғалім: Бар, Зәуре апайдан сұрап кел.
Оқушы: Зәуре апайда да бор жоқ екен.
Мұғалім: Ендеше шкафтағы өзіміздің борды алып кел.
Пышақ
- Сарбаздар, тік тұрыңдар. Кімде пышақ бар бір қадам алға шықсын.
- Жарайсың, сарбаз, Саған он күн демалыс берем.
Арада үш күн өтеді.
- Сарбаздар, тік тұрыңдар. Кімде пышақ бар бір қадам алға шықсын.
- Жарайсыңдар, сарбаздар, Бәрің де асханаға картоп аршуға барасыңдар. Солға бұрыл.
Армандау
Сарбаздар, тік тұрыңдар, саналыңдар!
1 2 3 4 5 6 7 8 1
- Дұрыс емес, қайта санал. 1 2 3 4 5 6 7 8 1
- Сен не, Байтасов, санау білмейсің бе? Әлде математика оқымағансың ба?
- Армандауға болмай ма?
(Байтасовтың бойы қысқа болуы керек)
1 - жүргізуші: Би - өмірдің сәнді қозғалысы. Би билегісі келмейтін адам жоқ болар, сірә.
2 - жүргізуші: Бірінші қыз білімді,
Меңгерген бар ілімді.
Екінші қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
Үшінші қыз үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп....
1 - жүргізуші: Тоқтай қал енді. Жұрт біздің сыныптың қыздарын, олардың биін өз көздерімен көрсін де!
2 - жүргізуші: Ендеше, қарсы алыңыздар бишілерімізді!
Би: «Қайратты қыз» орындайтын Әсия мен Нұрай
1 - жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз ән құдіретіне бас иген.
2 - жүргізуші: Ән деген көңілдің ажары емес пе, олай болса осы жердің ажары мен базарын келтіретін әншілерімізді ортаға шақырайық!
Ән:..................................................................
1 - жүргізуші: Ортаға мәнерлеп оқушыларды шақырсақ қалай болады, досым
2 - жүргізуші: Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі құдіреттім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген. Тап осылай Мұқағали жырлаған.
1 - жүргізуші: Онда біз де қара өлең құдіретін сезінейік. Ортаға көркем сөз оқу шеберлерін шақырамыз!
Өлеңдер оқылады..................................................
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, бағдарламамыздың ең қызықты сәтіне куә болыңыздар. Біздің сынып туралы фильмді тамашалаңыздар!
2 - жүргізуші: Фильм «Ер - Алаш» деп аталады.
Фильмнен кейін
1 - жүргізуші: Той дегенің қуаныш,
Қызық барлық балаға.
Құттықтаусыз сірә да
Тойдың сәні бола ма!
2 - жүргізуші: Құттықтау үшін сөзді......................................................................................................
...................................................................................................... береміз.
1 - жүргізуші: Білім нәрін себе берші,
Күн шуағын төге берші.
Тәрбиелі ұл - қыздарың
Жауқазындай өне берсін!
2 - жүргізуші: Өнегеңді бағаласа ел екен,
Ел ішінде арта берсін берекең.
Ұстаз - ана, үстем болып мерейің,
Құтты болсын бүгінгідей мерекең!
1 - жүргізуші: Жылдар, жылдар, тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Мәңгі есіңде қалсын, ұстаз, өтінем,
Біз бітірген бастауышты ұлу жылдың көктемі!
2 - жүргізуші: Қош бол, бастауышым!
1 - жүргізуші: Аман - есен бол, аяулы ұстаз!
Мұғалім: Бастауышта оқыдық,
Ойға білім тоқыдық.
Шәкірт бізден жалындар,
Ертеңгі ірі ғалымдар.
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман - есен болыңдар!
Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі осымен аяқталады.
Тоқымқағар
- загира
- 16 мам 2013
- 11896
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, қоштасу кеші
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауышым – балбұлағым
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда, -...Сыңғырла соңғы қоңырау
Химия пәні мұғалімі Кадина Анар Алиқызын...Айгөлек би байқауы
«АЙГӨЛЕК» ән би байқауы Байқаудың мақсаты бастауыш сынып оқушылар арасынан ән - би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау...Әліппемен қоштасу ашық тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, №86 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смат Айжан Нұржәліқызы...Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.