Мақсаты:
Білімділік:Судың еріткіш қасиетін түсіндіру, тәжірибелер арқылы суда еритін және ерімейтін заттар туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың байқағыштығын, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Судың қасиетін әңгімелету
2. Тәжірибе жасау
3. Қосымша сұрақтар қою.
Су - жабысқақ, пішінсіз, мөлдір, аққыш, мұз, сұйық, бу, еріткіш, жұққыш.
Жаңа материалдарды саналы және белсенді игеруге даярлық кезеңі.
Мағынаны тану сатысы.
Судың қасиеттерін айтып жатырсыздар. Ал, енді картаға қараңдар, біздің планетамыздың көп жерін су алып жатыр. Су картада көк түспен белгіленген. Су жердің 2/3 бөлігін алады екен. Сусыз өмір жоқ. Адам өміріне ең қажетті жағдайлар жарық, ауа, су, жылу, тамақ.
Кеңгір қоймасы.
Жезқазған қаласының тұсында, Кеңгір өзенінің бойында. Бұл қойма қаланы және мыс өнеркәсібін сумен қамтамасыз етеді. Қойма сумен қала маңындағы шаруашылықтың жерлері суландырылады, сонымен қатар жылу электр станциясын салқындату үшін пайдаланады. Кеңгір су қоймасы 1940 жылы салына бастады, бірақ Ұлы Отан соғысы жылдарында оның құрылысы тоқтап, 1946 жылы қайта басталды.
1952 жылдың көктемінде Кеңгір су қоймасы іске қосылды. Су қоймасы жауын - шашынмен және Кеңгір өзенінің суымен қорланады. Қойманың суы тұщы.
Жаңа материалдарды түсіндіру.
1 - тәжірибе
Таза суды әйнек бетіне тамыз. Оны астынан май шаммен қыздыр. Су буға айналып, ұшып кетеді. Ал әйнектің бетінде ақшыл дақ қалады. Бұл не? Суда басқа еріген заттар бар дегенді дәлелдейді. Таза мөлдір судың өзінде еріген заттар көп. Ащы суда мұндай заттар көп болады.
Табиғатта ешбір қосылысы жоқ таза су кездеспейді. Қант, тұз сал. Еріп көрінбей кетті. Дәмі өзгерсе де, түсі өзгермей қалды. Марганец түсі өзгергенімен, мөлдір суда еритін заттар.
Ал суда ерімейтін заттар суды лайлайды.
2 - тәжірибе
Стакандағы суға лай салайық. Су лайланады. Саз суға араласқанымен, еріген жоқ. Құм, саз, түрлі ерімейтін қоса әкетеді, өзен, көл суларының түрі осы түбіндегі шөгіндісінің түсіне байланысты түрліше болып көрінеді.
3 - тәжірибе
Стаканға салқын су құй. Стакан қабырғаларында ұсақ көпіршіктер пайда болады. Бұл су ішіндегі ауамен су жануарлары мен өсімдіктер тыныс алады.
Алған білімдерін жинақтау мақсатында мәтінді өзім оқып шығамын да кейіннен оқушыларға оқытамын.
Тапсырмалар бойынша сұрақтар:
1. Судың ең басты қасиетін айт.
2. Суда еритін заттарды ата
3. Суда ерімейтін заттарды ата
4. Еритін және ерімейтін заттардың суға араластырғандағы ерекшелігін айт.
Дәптермен жұмыс.
Еритін заттар - тұз, қант, марганец
Ерімейтін заттар - саз, лай, құм, күкірт, темір.
Ой толғаныс
Қосымша тапсырма: Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқаны судан шыға салып, бүлкілдеп жорыта жөнелді. Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысып кетті. Неге?
Себебі: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта су болып ауырлап қалды.
Өткен сабақтармен бүгінгі сабақтардан алғанымыз бойынша қорытынды жасап, 5 жолды өлең құрастырайық.
Су
Түссіз, мөлдір, қандай?
Ағады, жұғады, кебеді.
Тіршілікке қажетті сұйық зат, бұлақ, өзен.
Үйге тапсырма:
І топ. Су туралы мақал - мәтел.
ІІ топ. Су туралы өзен.
ІІІ топ. Судың пайдасы туралы шағын әңгіме.
Бағалау.
Су-еріткіш
- Балташовна
- 13 мам 2013
- 8989
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Су, бу, тұз, тәжірибе
Ұқсас жаңалықтар:
Судың адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызы
Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор. Су болмаса, өсімдік өспейді. Жануарлар да, адам да сусыз тіршілік ете алмайды. Фабрикалар мен зауыттардың...Су - тіршілік нәрі
Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру.. Оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы...Судың қасиеті
Су туралы мағлұматтар беру. Тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтау. Су туралы тыйым сөздер үйрету....Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)
Сабақтың тақырыбы: Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)...Суды қорғау
Ақтөбе обл, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исеғали Жайдар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.