Сайтқа кіру Тіркелу

Ұланы еркін елімнің

Сабақтың тақырыбы: Ұланы еркін елімнің
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әліпби жайлы түсініктерін кеңейту. Өз елінің жас ұландары екенін санасына сіңіру.
Тәрбиелік: Елжандылыққа, Отанын қорғауға, бір - біріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқу - жазу дағдыларын арттыру, сөздік қорларын дамыту, таным белсенділігін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, баяндау, крассворд, сұрақ - жауап, анализ - синтез
Көрнекі құралдар: сызба, «Бәйтерек» макеті, әріптер, слайд беттері
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану, математика
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушыларды түгендеу
• Құрал - жабдығын тексеру
• Назарын сабаққа аудару
ІІ Қызығушылығын ояту
«Білім шыңы»
Тақтаға бәтеректің макетін іліп қоямын. Бәйтеректің шыңына жету үшін берілген тапсырмаларды орындау арқылы білім шыңына жететінін ескерту. Бәйтеректің шыңына шыққан оқушылар «5» - деп бағаланатынын, білім шыңынан көрінетінін айтамын
1 - тапсырма
Крассворд шешу
Оқушыларға дәптер, сурет, кіта, партаның суреттері беріледі. Бұл заттарды орнына қойып жазу нәтижесінде оқушылар төмендегі крассвордты шешіп, жауабын табады.
2 - тапсырма
- Қане бәріміз ұсынылған әріп сөзінің әрбір әрпіне сөздер айтып көрелік. Мысалы:
Ә - әдеп
Р - раушан
І - ізеттілік
П - парасат
- Балалар, біз сендермен әріп сөзін шығарып алдық. Осы әріптердің реті тізімі қайда көрсетіледі?
- Әліпбиде.
Әріп(42 әріп)- Әліпби
3 - тапсырма
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
Ұланы еркін елімнің,
Бұлағы көркем жерімнің.
4 - тапсырма
Оқулықпен жұмыс
110 - жаттығу
• Мен өлеңді мәнерлеп оқып беремін
• Өлеңді оқушылардың оқуы
• Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар:
- Өлең не туралы?
- Өлең неліктен «Ұланы еркін елімнің» деп аталған?
- Еркін ел дегенді қалай түсінесің?
- Өлеңнің 1 - шумағындағы 4 - қатарды дәптеріңе буынға бөліп жаз
Ө - зен, көл, тас, тау, бе - лім - нің
5 – тапсырма
Сергіту сәті
Саусақтарды бүгеміз
Саусақтарды бүреміз
Бүгіп, бүріп саусақты
Сергіп қалдық міне біз
6 - тапсырма
Сыныптастарыңның атын әліпби бойынша жазыңдар
...................................
.................................
7 - тапсырма
Оқулықтан тыс
Өлеңді оқып, ішінен тасымалданбайтын сөздерді тауып астын сыз
Ұлан жыры
Отан үшін, халық үшін,
Талмай еңбек етеміз
Оқып - біліп құлшынамыз
Жеңістерге жетеміз.
8 - тапсырма
112 - жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін
Қайда не бар екенін біліп алуы керек
Сұраққа жауапты өлеңге байланысты ұқсатып беру
Ойын: «Кім жылдам?»
Қатарласып отырған оқушылар әліпби бойынша айтылатын әріптерден басталатын кезек - кезегімен сөздер айту
Рефлексия - қорытынды кезеңі
Қорытындылау
Тест беріп сабақты қорытындылау
Толықтыру тесті
Төменде берілген сөздерді тиісті әріппен толықтыр
К... тап, ж... зу, оқ... лық, дәпт... р, к... гершін.
Сәйкестендіру тесті
Аға
қалам
Тасымалданатын іні Тасымалдан -
сөздер дәптер байтын сөзде
кітап
әже
Үйге тапсырма беру:
Отан, отбасы сөздеріне сөйлем құрау
«Ұланы еркін елімнің» өлеңін жаттау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×