Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тасымал туралы меңгерту, өлеңді шапшаң, мәнерлеп және түсініп оқуға төселдіру, өлеңнің мағынасын ұғындару.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, байланыстырып сөйлеу дағдысын, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, берілген сұраққа тиянақты жауап беруге жаттықтыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, әдемі, таза, сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу. Отбасы мүшелерін қадірлеуге, құрметтеуге, Отанын қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру,
Көрнекілік: тірек – сызба, тест тапсырмасы, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
І. Үй тапсырмасын тексеру
Мәтінді оқыту, мазмұнын сұрау.
Сұрақтар қою (оқушылар)
Мәтін мазмұнына сәйкес қандай мақал айтуға болады?
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Тест сұрақтары
1. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша не болады?
а) буын
ә) әріп
б) сөйлем
2. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.
а) тая – қ
ә) жұ – мырт - қа
б) дә – п – тер
3. Бір буынды сөзді тап.
а) қарағай
ә) таға
б) шөп
4. Екі буынды сөзді тап.
а) аспан
ә) үй
б) долана
5. Мына сызба Δ – Δ бойынша берілген сөзді тап.
а) ба – тыр
ә) да – на
б) а – қын
Жұптық тексеру
Тест кілтін ілу.
Сергіту сәті
ІІІ. Жаңа сабақ
Көркем жазу минуты Тт табиғат Табиғат қандай тамаша!
1. Қарындаш сөзінде неше буын бар.
Қа - рын - даш: қа - рындаш, қарын - даш.
67 - жаттығу.
Үш қатарға 3 сөзді үлгі бойынша орындату. Қарағай, ұшқыштар, автобус, дөңгелек сөздеріне сөйлем құрату.
Сызба бойынша, қалай бөлініп тұрғандығын, неліктен бөлініп тұрғандығын сұралады. (оқушылардың ойын тыңдау)
Ереже: Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң қысқа сызықша (дефис) қойылады. Жекелей оқыту, түсіндіру.
№1 дәптердегі 1 - тапсырма
2. М. Қуанышбеков «Сен бақытты ұлансың» өлеңі. – М. Қуанышбеков туралы мәлімет беру.
- мәнерлеп оқу, сөздік жұмысы
- тізбектей оқыту
3. Өлеңнің жалпы мағынасын түсіндіру.
4. Өлеңде кімдер туралы айтылған, оларды бір сөзбен қалай айтамыз?
а) атаң туралы айтылған жолды
ә) ағаң туралы айтылған жолды
б) ел – Отан туралы айтылған жолды
5. Өлең мазмұнына байланысты қандай мақалдар айтуға болады?
ІҮ. Сабақты бекіту
1. «Сен бақытты ұлансың» топтастыру
2. Дидактикалық ойын «Өз үйіне орналастыр»
Ойын мақсаты: Берілген сөздерді екі үйге орналастыру.
Ер – тегі, қ – ант, дәрі – гер, дом – быра, асх – ана, қаһар - ман, жа – палақ, қай – ық, жаңал – ық, қарын – даш.
Дұрыс тасымалданған
Дұрыс тасымалданбаған
Ү. Үйге тапсырма: 1. М. Қуанышбеков «Сен бақытты ұлансың» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. 68 – жаттығу
Сөздердің бір не бірнеше буынын келесі жазу жолына тасымалдап жазу.
ҮІ. Бағалау
Ақтөбе қаласы
№40 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі:
Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы
Тасымал, М.Қуанышбеков, Сен бақытты ұлансың
- Гүлжанар
- 13 қараша 2019
- 18573
- 0
- 100
Ілмек сөздер: ана тілі, тасымал, топтастыру, сен бақытты ұлансың
Ұқсас жаңалықтар:
Буындардан сөз құра
Сабақтың тақырыбы: Буындардан сөз құра...Тасымал. Біздің ту
Қостанай қаласы №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ермаганбетова Гулсум Казымбеккызы...Ә дыбысы мен әрпі
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Дауыссыз дыбыстар. Түйе
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Буын және тасымалды қайталау.
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Бестерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Зауре Тюлюбайқызы 2 сынып қазақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.