Сайтқа кіру Тіркелу

Кітапханада

Сабақтың тақырыбы: «Кітапханада»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кітап - білім көзі, сенімді серігі екенін ұғынады. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы және кітапхананың мәдени ағарту, ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсінеді.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін артады. Өз пікірін дәлелдеуге, талдауға, ойларын тұжырымдауға үйренеді.
Тәрбиелік: Оқулықты құрметтей білуге ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: топтық
Сабатың әдісі: ой шақыру, топтастыру, сұрақ қою қайтадан сұрақ қою
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, слайдтар
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбек етіп жұмыла
Беске қолды жеткізу
Оқушыларды топқа бөлу
І топ Ақпараттар
ІІ топ Оқырмандар
ІІІ топ Ақын, жазушылар
2. Қызығушылықты ояту
«Кітап – білім бұлағы» мәтінінің мазмұны сұралады
І топ кітап туралы мақал - мәтел
ІІ топ жұмбақ айту
ІІІ топ өлеңді жатқа айту
оқуды, жазуды ертегі, мысалдарды, мағлұматтарды, қоршаған дүниені, асыл сөздерді
- Кітапты неден жасайды?
- Кітаптың қандай түрлері бар?
- Ең алғашқы оқулық не деп аталады?
-«Қызыл кітап» дегеніміз не?
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарларды ата
Қазақ тарихында кітап ең алғаш рет 1841 жылы «Боз жігіт» деген атпен Қазан қаласында басылып шықты.
Ал біз осы кітаптарды қайдан аламыз?
3. Мағынаны тану сатысы
Қаламыздағы кітапханалармен таныстыру.
Кітапханада кімдер қызмет атқарады?
Біз оқулықтарды қайдан аламыз?
Оқулықтарымыз қай баспадан шыққан?
Атамұра 2009 ж 2 - сынып және Алматы баспасы
Кітапхана мен кітап үйінің айырмашылығы қандай?
Мәтінді оқіу, талдау
Жаңа сөздер: каталог, картотека
Каталог - кітапхана қорындағы баспасөз және басқа қолжазба шығармаларының тізімі
Картотека – карточкаларды сақтауға арналған жәшік, карточкаларды белгіленген топтарға бөліп тұратын картон парақтар. Аты, № көрсетіледі.
Мәтінді оқушыларға оқыту.
Сергіту сәті.
Кітапта алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
ІІІ Ой толғаныс сатысы
Топтық жұмыс
І Ақпараттар тобы.
Кітапты күту ережесін құрып жаз.
ІІ Оқырмандар тобы
Кішкентай кітапханашылар рөлін ойнау (корточкалар толтыру)
ІІІ. Ақын - жазушылар тобы.
8 - наурыз «Аналар мерекесіне» өлең құрастыру
Тірек сөздер: анашым, данасың, әлпештеген, адамсың
Қорытынды:
Ұйқасын тап
Оқулығың --------------- баса алмайсың
Жағар білім ------------------ бір адым
----------------- ешқашан құралың
Онсыз алға --------------- шырағың
- Кітапханада кімдер кызмет көрсетеді?
- Кітапханада қандай ережелерді сақтау керек?
Кітап - біздің сарқылмас рухани қазынамыз. Біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Оқымасаң ой тоқырайды демекші. Оқу білім тоқтаған жерде рухани өсу, жетілу тежеледі. Сондықтан кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыруларың керек. Ол үшін қаламыздағы кітапхаларға барып жазылайық.
Үйге тапсырма
Мәтінді мазмұндау
І Ақпараттар тобы
Кітап үлгісін жаңа үлгіде дайындау
ІІ Оқырмандар тобы
Кітапханадан наурыз мейрамына байланысты мағлұматтар жинау. «Болашақта мен жазатын кітап» эссе жазу.
Бағалау
№ Оқушының аты - жөні
Өзін - өзі бағалау
Топтың бағасы
Мұғалім бағасы
Қорытынды баға
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×