Сабақтың тақырыбы: «Мекенжай» (дүниетану пәні 1 - сынып )
Сабақтың мақсаты:
Біліміділік: Оқушыларға мекенжай туралы мағлұмат беру. Мекенжайдың адам өміріне қажеттілігін түсіндіру. Қаладағы мекенжайдың ауылдан айырмасын салыстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойын, танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек етуге, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабатың әдісі: ой шақыру, топтастыру, венн диаграммасы сұрақ жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлау
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Менікі және біздікі» Адаммен қарым - қатынас.(көрініс қою) Осы көрініс бойынша адамдар арасындағы қатынас, ұқыптылық, «менікі және біздікі» ұғымын талдау.
Дос арасындағы қарым - қатынас ережесі сақталды ма?
а) Егер досың оқуға кітап сұраса, не бір ойыншығыңды сұраса жалындырмай бер.
ә) Егер өз досыңның ойыншығын, не кітабын алсаң, оны ұқыпты пайдалан, уақытында қайтып бер.
Отбасың туралы әңгімеле. Менікі деуге болатын затттарды ата.
ІІІ Білімді жан - жақты тексеру
- Біз қай қалада тұрамыз?
- Қаламызда қандай мекемелер бар?
- Көшеде жүру үшін қандай көліктерге мінеміз? Бүгінгі сабағымызда қалаға саяхат жасаймыз
Қаламызды аралау үшін жүргізушінің сұрақтарына жауап береміз.
ІV Жаңа білімді сапалы және белсенді игеруге даярлау игеруге даярлау
Мұражайға саяхат
Мекенжай деген сөзді қалай түсінеміз?
«Топтастыру»
Телефон
Көше
Ауыл
Пәтер
Қала
Үй
VI Жаңа білімді меңгерту
Жас өспірімдер мен балалар сарайы
Оқулықпен жұмыс
А) Мұғалімнің мәтінді оқуы және түсіндіруі
Үй - адам баласы үшін жылы ұя. Үйдің мекенжайын білу әр балаға керек. Қалада көп қабатты үйлер болады. Ауылдағы мекенжай қаладағыдан басқаша.
VI Алған білімдерін тиянақтау
Шарманов атындағы кітап үйі
Кітап үйі мен кітапхананы салыстыру. Сендер кітап үйіне барып көрдіңдер ме?
Төрегелді Шарманов 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. 1955 жылы Қарағанды медициналық институтын үздік бітірген. Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі болды.
А) Мәтінді оқушыларға оқыту.
- мекенжай туралы әңгімелеу
- қала мен ауылды салыстыру ( ұқсастығын, айырмашылығын табу)
«Венн диаграммасы»
Сергіту сәті
Енді спорт алаңына барамыз. Адамдар спорт алаңына нет үшін барамыз?
Спортпен шұғылданудың қандай пайдасы бар?
Денсаулығың жақсарады. Ендеше бәріміз демалып, денемізді шынықтырайық
Көктем келді жадырап,
Таулардан су ағады.
Құстар қайта оралып,
Қанат қағып ұшады.
Дәптермен жұмыс
Әркім өзінің мекенжайын жазады
Анарқұл көшесі 2 - үй, 56 - пәтер
VII Жаңа білімді бекіту кезеңі
Балалар біздің мектебіміздің жанында қандай мекеме бар?
Өнер мектебі
Ендеше бәріміз өнер мектебіне барайық
«Өнерлінің қолы алтын» демекші біз де өнерімізді көрсетейік.
Киіз үй құрастыру
Киіз үй - қазақтың тұрағы, құтты мекенжайы, еншісі, баспанасы. Шаңырақ - киіз үйдің, қасиетті киелі мүлкі. Уық - кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Кереге киіз үйдің негізін құрайды. Үйдің берік болуы кеңдігі осы керегеге байланысты.
Сұрақтарға жауап алу
- мекенжай дегеніміз не?
- ауылда қандай мекемелер бар?
- қаладағы мекенжайды әңгімеле
- өзіңнің мекенжайыңды толық айтып бер.
- мектебіңнің мекенжайын атап бер.
VIII Қорытынды
Біз қайда саяхат жасадық?
Енді бос уақыттарында кітап үйіне барып керекті кітаптарыңды сатып оқуларыңа, мұражайға барып заттарды көрулеріңе болады.
IXҮйге тапсырма
Мәтінді мазмұндау. Өз мекенжайларың туралы әңгіме жазу
X Бағалау
Мақтау, мадақтау арқылы оқушыларды бағалау
Мекенжай (дүниетану пәні 1- сынып )
- Қызғалдақ
- 3 мам 2013
- 10768
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мекенжай, қала, ауыл, пәтер
Ұқсас жаңалықтар:
Киіз үйдегі әжеге қонаққа бару
Мақсаты: Қазақтың үйі - киіз үймен таныстыруды жалғастыру. Қазір адамдар әртүрлі үйлерде тұратынын, ал ата - бабаларымыз ыңғайлы, жиналмалы, жылы,...Қазақстанның ірі қалалары
Қазақстанның ірі қалалары және жергілікті қала туралы мағлұмат беру, Мәтін мазмұнын аша отырып, қаладағы мәдени орындармен таныстыру....Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Ақтөбе қаласы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Қолғабыс (ана тілі 4- сынып )
Қарағанды облысы Жезқазған қаласы № 1 орта мектебі Жандаулетова Қызғалдақ...Киіз үй
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол №1 орта мектептің мұғалімі Малғажова Жайнагүл Сабарбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.