Сайтқа кіру Тіркелу

Балық

Сабақтың тақырыбы: Балық.
Сабақтың мақсаты:
1. Балық бейнесін жапсыра білуге үйрету.
2. Балық суретін көшірме түрінде (бейнені бастыру) дәл бейнелеп салуға машықтану.
3. Түстерді дәл таңдап үйлестіре жапсыруға үйрету.
4. Жапсыру жұмыстарына икем - дағдыларын ұштаумен бірге олардың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, ертегілер, өлең - тақпақтар тыңдатып, жұмбақтар шештіріп, ойын тапсырмалар орындату арқылы балалардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың білімділігі: Балық бейнесін жапсыра отырып, балық түрлері, тыныс - тіршілігі, ерекше сипаты, адамға пайдасы туралы түсіндіру.
Сабақтың дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін, ой - қиялдарын дамыту. Қайшыны дұрыс ұстауға түрлі - түсті қағаздан балық бейнесін қиып оларды желімдеп жапсыруға үйрету.
Сабақтың тәрбиелілігі: Қағазбен, желіммен жұмыс жасағанда ұқыпты болуға, берілген тапсырманы ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Балық түрлері, балық түрлерінен дайындалған тағамдар суреттері, ойынға керекті балық суретінің құрастырмалы түрлері, бекіре балығыныңсуреті, аквариумдағы балықтар.
Сабақта ойналатын ойындар: «Балық аулау ойыны»,«Тапқыр болсаң, тауып көр»,«Кім жылдам?»,«Суретте не жетіспейді?»«Бұл қандай балық?»
Сабаққа қажетті құралдар: Түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім, т. б.
Сабақтың ұйымдастыру барысы: Балалар, қане бәріміз ортаға жиналып, шеңбер бойына тұрып, әдемі қоршаған ортамен содан соң бір - бірімізбен амандасайық.
Амандасу рәсімі: - Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы күн апайлар!
Өткен сабақты қайталау:«Бұлтты жапсырмалау».
Бұлт – атмосферадағы қоюланған су буының топтанған жиыны. Бұлт - судан пайда болады. Су бу болып жоғары көтеріледі де, содан бұлт түзіледі. Кейін ол қайтадан жаңбыр болып жауады.
1. Жаңа сабақты хабарлау.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Балық жапсыру»деп аталады, (тақтаға күннің жадысын, тақырыпты жазу) яғни бүгін біз балық бейнесін түрлі - түсті қағазбен жапсырмалаймыз. 2. Керекті құралдарын түгендету, таныстыру.
Бізге балық жапсырмалау үшін мынандай құралдар керек: түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім. 3. Балық туралы түсінік беру.
- Балық деген не? Соны біліп алайық.
- Балық суда мекендейді.
- Балалар, біз қандай балықтардың аттарын білетін едік? Есімізге түсіріп көрейік.
- Сазан, шортан, жайын, көксерке, қаракөз, бекіре, т, б.
- Балықтар қайда тіршілік етеді?
- Балықтар - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар.
4. Балықтар жайлы әңгімелеу.
Балықтар - ең көп тараған омыртқалы жануарлар. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз, шеміршекті, және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек арқылы балықтарға суда араласқан оттегі түседі. Жануарлар мен жәндіктержердежәне суда тіршілік етіп көбейсе, балықтар тек суда ғана тіршілік етіп көбейеді.
5. Жапсыру жұмысын түсіндіру.
Балық жапсыру жұмысы. Тақтаға үлгі сурет ілініп, балық жапсыру кезеңдері айтып түсіндіріледі. Балықтың кеудесі, бас бөлігі, көзі,, құйрығы, осы дене мүшелерін түрлі - түсті қағаздан әдемі етіп қиып алып, дәптерімізге жапсырмалаймыз. Тәрбиеші өзі бірге жапсырмалап көрсетіп отырады.
Сергіту сәті Балық жүзді таза суда.
Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда.
Тығылады тасты құмда.
“Мұз астындағы ұйқы”ертегісін оқу. Талдау.
Қыстың алғашқы аязынан кейін көлдің бетін мұз басты.
Мұз әлі жұқа болғанымен, күн сәулесімен көлегейленіп, су асты күңгірт тартты. Бұрын мұндайды көрмеген жас сазандар абыржи бастады. Мұны байқаған кәрі сазан оларға:- Жыл сайын осылай болады. Біраздан соң мұздың үстін қар басып, бұдан да қараңғылық орнайды, аю сияқты біздің сазан тұқымы да қыста ұйқыға кетеді - деп түсіндіреді. Кейін бәрі көлдің терең жеріне барып, ұйқыға кетеді.
Дидактикалық ойын:“Бұл қандай балық?”
Ойынның мақсаты: Белгілі бір ерекшелігіне қарай балық тарды суреттеуге үйрету және оларды ажырата білуге дағдыландыру.
Ойынның барысы: Тәрбиеші сазан мен шортан суреттерін балаларға көрсетіп, әрқайсысының ерекшелігін суреттеп беруді ұсынады. Балалар, бұл балықтардың ерекшеліктерін суреттеп, аттарын айтады.
Балықтар туралы тақпақтар айтқызу.
Шортан - Алмаз
- Судан, аға, қорқам,
Жұтып қояр шортан.
- Шортан жыртқыш балық
Емес сонша алып.
Айналайын, ботам,
Жұта алмайды шортан.
Алабұға - Мирас
Алабұға - алабалық,
Көрінеді адамға анық.
Арқасында тікені бар,
Жүрмесінші қадап алып.
Сергіту сәті
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
Дидактикалық ойын:«Балық аулау ойыны».
Ойынның мақсаты: Балық аулау ойыны жұмбақтар шешімін табу арқылы орындалады
Ойынның шарты: Балықта суретіне жұмбақ жазылады. Осы жұмбақтардың шешімін табу арқылы ойын орындалады.
Балықтар туралы мақал – мәтелдер айтқызу.
1
Балық іздесең көлге бар,
Береке іздесең елге бар.
2
Балық суында - патша,
Жігіт елінде - патша.
3
Балық жеген ет сұрамайды.
4
Балықшы балықшыны алыстан таниды.
Дидактикалық ойын:«Суретте не жетіспейді?».
Ойынның мақсаты: Балалардың қабылдауын анықтау, жетіспейтінде не мүшелерін дұрыс тауып жапсырмалауға үйрету
Ойынның шарты: Тақтада балық суретінде не мүшелері ілініп қойылады. Осы дене мүшелерін тәрбиелену шілер тауып орындарына жапсырмалайды. Мысалы: балықтың кеудесі, басы, қанаты, құйрығы.
Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз
Өсіп - өніп толамыз.
Көкке қарап талпынып,
Күнге қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап,
Бір отырып, біртұрып,
Жаттығулар жасаймыз.
Дидактикалық ойын:«Тапқыр болсаң, тауып көр».
Ойынның мақсаты: Жұмбақтың шешімін табу.
Шаңқ - шұңқ еткен үні жоқ, сусыз оның күні жоқ.
Жүріп кетсе соңында, қалып жатқан ізі жоқ.(Балық)
Еркелеп жатамын, қаңтарда қатамын. (Көл)
Бет көретін айнам, тауып алдым сайдан. (Ағын су)
Жазда сылдыр қағады, қыста тыным табады. (Өзен)
Дидактикалық ойын:«Кім жылдам?»
Ойынның мақсаты: Балықтардың сырт пішінін ажырата білуге үйрету.
Ойынның шарты: Балалар 4 - 5 баладан 2топқа бөлініп, ірі балықтар мен кіші балықтарды сұрыптайды.
Қорытындылау.
Балалардың балықтар жөнінде алған білімдерін бекіту, балықтарға қамқорлық жасауға белсенділігін дамыту мақсатында өтілген осы сабақты қорытындылау үшін балаларға сұрақтар қоямын
1. Балықтар қайда мекендейді?
2. Балықтар неше топқа бөлінеді?
3. Балықтардың қандайпайдасы бар?
4. Балықтар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Балалар сұрақтарға барынша толық жауап берді.
Сергіту сәті
Үнтаспадан «Теңізшілер әні» жіберіліп тұрады.
Балалардың жасаған жұмыстарын бағалау. Одан әрі балаларды жұлдызша, төрт бұрыштаң баларымен бағалап, мадақтау жұмыстары жасалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қосмекенділер

Қосмекенділер

Мұхиттар, теңіздер және басқа да су қоймалары Жердің ¾ бөлігін алып жатыр. Бұл су қоймалары көптеген жануарлардың мекені болып табылады. Жер...
«Су асты әлемі», «Аквариумдегі балықтар»

«Су асты әлемі», «Аквариумдегі балықтар»

Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның бейнелеу өнері маманы Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы...
Балықтар

Балықтар

Сабақтың тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары Мақсаты: а) білімділік: оқушылардың балықтар класы бойынша алған...
Аквариумдағы балықтар

Аквариумдағы балықтар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі: Әбдіхалық Жанат Алтынбекқызы Аквариумдағы балықтар...
Алтын балық

Алтын балық

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×