Сайтқа кіру Тіркелу

Өсімдіктерден алынатын табиғи материал түрлері

Тақырыбы: Өсімдіктерден алынатын табиғи материал түрлері. Табиғи материалдан « Көлдегі аққу» композициясын құрастыру
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру.
Дамытушылық: Өсімдік дәндерінен бұйымдар жасауды, түрлі композиция құрастыруды меңгерту
Тәрбиелік: Табиғи материалмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
Көрнекілігі: Табиғи материалдар түрлері, дәндер, жапырақтар, қайыршақтар мен тастар, ермексаз т. б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Еңбек туралы мақал – мәтелдер: «Еңбек – ер атандырады»
«Еңбек етсең - емерсің»
«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»
2. Өткенді қайталау:«Ой шақыру». Жұмбақтар шешу
1. Сырты қатты, іші тәтті? (Жаңғақ)
Жауаптары: Өсімдіктер, жаңғақ, жапырақ, емен.
Табиғи материалдар табигаттан алынады. Оларды жұлуға, сындыруға болмайды. Өздері жерге түскен соң ғана алу керек.
Табиғи материалдар: Өсімдік жапырақтары, тастар, жаңғақтар, ермексаз т. б.
Жаңа сабақпен таныстыру
Слайд: (Табиғи материалдан жасалған бұйымдармен таныстыру, көрсету)
Слайдпен аққудың түрліше суреттерімен таныстыру, «аққу» биіндегі көрініс.
Аққу – құс. Аққу сөзіне талдау жасау. Ол топтанып ұшатын, жыл құсы. 300 - 400 жыл өмір сүреді.
Жалпы құстарға тоқталу, олар ұшады, жұмыртқалайды, балапан басады.
«Жалғастыр» ойыны
1.... атпа,... сатпа.
2.... құссыз көл жетім
3. Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тигізбес
4. Өлең енсе сөз сұлу,
... жүзсе - көл сұлу.
Кім жүйрік? Қауіпсіздік ережелерін еске алу
1. Ермексазды аузыңа салма
2. Киіміңе жабыстырма
3. Соңынын қолыңды жу
Суреттерге шолу (слайдтар)
1. «Аққулы көлде» композициясын көрсетіп әңгімелеу.
Қажетті құрал - жабдықтарды атап, оларды шығарып алу
Қатырма қағаз, көк түсті қағаз, ағаштың бүрі, немесе оның орнына жұмыртқаның қабығы,
өсімдіктің жапырақтары, жұмсақ сым.
Жасалу жолын айта отырып орындау. Көлді бейнелеу үшін көк түсті қағазды алып қорап ішіне жайып қоямыз. Аққудың мойынын сымнан иіп дайындап аламыз және оны жұмыртқа қабығына ермексазбен біріктіреміз. Содан соң денесі мен мойнын бірігіп аққу мүсіні шығады оны көлге орналастырамыз. Айналасын көл бетінде өсетін кептірілген өсімдіктермен әсемдейміз
Оқушылардың жұмысын бағалау.
Сабақты қорытындылау:
Біз бүгін немен жұмыс жасадық?
Табиғи материал деген не?
Оны қайдан аламыз?
Аққу туралы ән білеміз бе?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×