Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сан есім туралы түсінік беру, жаттығу жұмысын жүргізу, талдау жасауға үйрету.
Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, билеттер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сатылай талдау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Бүгінгі сабақты біз өзгеше өткіземіз. Біз сабағымызда мултьфильм көреміз, ол үшін билет аламыз. Ал билетті сатып аламыз. Билет алу үшін заттың санын білдіретін сөздер айтып сұрағын айтамыз. Ал енді тақтаға назар аударайық.
ІІ. Мултьфильм: Алдаркөсе он тақия.
Тақырыбын талдау.
Мултьфильм не туралы, тақия туралы болғандықтан жауап берген оқушыларға тақия суреті бар суреттер беріп отырамын.
Сабақ соңында жинаған тақия бойынша бағаланасыңдар.
Алдаркөсе байға тақия тігіп берсін десек, «мені таны» тапсырмасын орындайық.
Үй тапсырмасын талдау.
ІІІ. Мені таны:
Сурет бойынша жұмыс.
1. Балқарағай неше жыл өмір сүреді? 400 - 500
2. Тасбақа неше жыл өмір сүреді? 100
3. Көк киттің ұзындығы неше метр болады, салмағы ше? 30м, 160 тонна
Сөйлемдегі сан есімдерді табу, сұрақ қою, түрін атау.
ІҮ. Мултфильм жалғасы:
Екі тақия тігуге көмектесейік, ол үшін бүгінгі күн жадын жазып, тақырыбын жазу.
Билетпен жұмыс:
1 - жаттығу.
Енді сендер сатып алған билеттер артындағы сөздерді оқып талдау жасаймыз. Оқыған сөз сан есім болса, тақтаға жазамыз, сұрақ қою дәләлдеу.
Әр сөздің мағынасын атау.
Ү. Физминутка:
Тақтаға қарап жаттығу жасау.
ҮІ. Шығармашылық диктант:
4 - жаттығу бойынша диктант жазу, керекті сөздерді тақтадан алып жазамыз.
Әлемнің 7 кереметінің бірі - Мысырдағы пирамида.
Ит 7 қазынаның бірі болып саналады. Ғарышқа екі қазақ ғарышкері ұшты. Бір минутта 60 секунд бар. Он бес пен он бестің қосындысы 30 болады. Домбыраның 2 ішегі, 19 пернесі болады. Еліміз 9 мамырда Жеңіс күнін тойлайды.
Ү. Сатылай талдау:
Математикалық талдау.
Бір - бір оқушыдан шығып, бір сөз беріліп, математикалық талдау жасау.
ҮІ. Мултьфильм:
Он тақия тігуге көмектесу.
Ребус шешу. «Жетісу»
Жетісу туралы оқып мәтін құрау, сан есімді табу.
ҮІІ. Көркем жазу:
3 - жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазу. Шешуін жазу. Ең көркем жазған оқушылар марапатталады.
ҮІІІ. Қорыту. Шығармашылық жұмыс:
Мултьфильм аяқталды, соңғы сөйлемдерді шапшаң оқып талдау.
ІХ. Үйге:
2 - жаттығу. Нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімдерді ойлап, сөйлем құрап жазу.
Х. Бағалау:
Сан есім
- bakytgul
- 28 сәуір 2013
- 4024
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: 1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен...Сан есім
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Искакова Шаригул Садуакасовна...Я әріпінің жазылуы
Сабақтың тақырыбы: Я әріпінің жазылуы...Сан есімді қайталау
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Зат есім
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Смайлова Гулсима Зауегалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.