Тақырыбы: Денеңді шынықтыр
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың шынығуына жағдай жасау. Денені шынықтырудың маңызын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардан сұраққа жауап ала отырып, тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыта түсу, қорытынды жасай білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Салауатты өмір салтын қалыптастыра білуге тәрбиелеу. Дені сау азамат болып өсуге машықтау.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: үйрену, тану, нәтиже жасау.
Көрнекіліктер: суреттер, топтастыру, Венн диаграммасы, қима қағаздар, тірек схемалар, интерактивті тақта, флипчарт.
Сабақ барысы:
Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Кешке бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі үй тапсырмасының мақсаты қала және ауыл көлік түрлері, олардың адам өміріне келтірер пайдасы туралы түсінік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Сен қайда тұрасың?
- Сен мектепке қандай жолмен барасың?
- Қандай жол ережесін білесің?
- Ауыл және қала көліктерін ата?
- Көліктің қандай түрлерін білесің? «Венн диаграммасы»
Қала мен ауыл
1. Біздің сыныптың оқушылар қандай үйірмеге қатысқанды ұнатады?
- Таеквондо, шахмат, теннис.
2. Оқушылар бұл үйірмелерге не үшін барады деп ойлайсыңдар?
- Денелерін шынықтыру үшін.
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: Денеңді шынықтыр
ІҮ. Кіріспе әңгіме (Денеңді шынықтыр)
- Оқушылар мәтінді өз беттерімен бір оқып, әңгімелейді.
Ү. Ойын:«Кім тапқыр?»
Ал, балалар, ойнайық. Қандай жұмбақ болса да,
Ойнайықта, ойлайық, Шешпей оны қоймайық!
1. Тепсең - ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады. (Доп)
2. Мінсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем. (Шана)
3. Аяғымда
Басы қайқы қос сырық.
Таяғым да
Қуады оны састырып. (Шаңғы)
4. Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым. (Коньки)
- Балалар нелердің атауларын таптыңдар?
- Сендер тағы қандай спорттық ойын түрлерін білесіңдер?
- Міне балалар, бұлар спорттық ойын түрлері. Сендер дене шынықтыру
пәнінде осы атаулардың барлығымен таныс болдыңдар.
ҮІ. Мағынаны тану
- Ал, балалар қалай ойлайсындар, денені тағы қалай шынықтыруға болады?
- Балалар, қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
- Көкпар, аударыспақ, қыз қуу, күрес, теңге ілу, ақ сүйек, сақина салу, алты бақан, тоғыз құмалақ, асық ойындары.
Күрес - қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш - қайраты сынға салынады. Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Күрес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл бөліп, дәріптеген.
ҮІІ. Оқулықпен жұмыс
А) тізбектей оқыту.
Б) сурет бойынша әңгіме құрастыру.
ҮІІІ. Сергіту сәті
Ұста қолды алдыңа, қайшылашы беріліп,
Ұста қолды жаныңа, кеудең тұрсын керіліп.
Бүйір таяп оң қолмен, көтер қанат сол жаққа,
Бүйір таяп сол қолмен, көтер қанат оң жаққа.
- Жарайсыздар балалар!
ІХ. Дәптермен жұмыс
Өз бетіндік жұмыс
- Жазда денеңді қалай шынықтыратыныңды жаз.
Х. Ой шақыру
- Денемізді шынықтыру үшін не істеуіміз керек?
(сурет арқылы өз ойын білдіру)
ХІ. Қорытынды
Топтастыру стратегиясы
Денеңді шынықтыруға байланысты ережелер:
1. Үнемі қимыл - қозғалыста боламыз.
2. Дене мәдениетін қалыпты ұстауға тырысамын.
3. Ойын кезінде спорттық киім кию керек.
4. Ойын кезінде бір - біріне көмектесуді үйренеді.
5. Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу керек.
6. Жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады.
7. Тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;
ХІІ. Үйге тапсырма
Мәтінді оқу, мазмұнын айту.
Денеңді шынықтыр
- Нуршат
- 26 сәуір 2013
- 4994
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Оқушылардың шынығуы, Дене шынықтырудың маңызы
Ұқсас жаңалықтар:
Шынықсын денеміз
Мақсаты: Білімділігі: Балаларға Б. Соқпақбаев туралы мағлұмат беру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруды...Ағаш аттан секіру
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ешманов Нұрлыбек...Бастауыш сыныптарға "Доппен спорттық ойындар"
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш сыныптарға «Доппен спорттық ойындар»...4 саны және цифры
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Сыныбы:1 «б» Тақырыбы:4 саны мен цифры...Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.