Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. О әрпімен оқушыларды таныстыру. Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын – әрпін таныту. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ – жауап, жұмбақ, қайталау.
Көрнекілік: әліппе, мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба – кесте.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.
- «әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?
- Ал, балалар, ол баққа мен «Білім» көлігімен барғым келіп отыр.
- Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?
- Онда қарап отырмайық.
- Ал, балалар, ойнайық.
Ойнайық та ойнайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
1. «Оюда» бармын,
«Допта» бармын,
«Түнде» жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
«О» дыбысын 3 рет хормен қайталап айтқызу.
Осы дыбыспен сөздер ойлау.
- «О» қандай дыбыс?
- Ол сөздің қандай буындарында кездеседі?
- Кім осы дыбыспен мақал келтіреді?
Сергіту сәті:
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы.
Нешеу болды барлығы?
- О дыбысы кездесетін сөздер барма?
- Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға оқулықтағы үзік сызықтарға қосуымыз керек.
- Одан әрі жүріп келе жатқанымызда алдымыздан түлкі шықты.
- Егер оқулықтың осы бетіндегі «Ою» сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана.
- Баққа жақындаған қарауылдың арпылдап иті шықты. Ол буындарды толықтырып оқып беруді бұйырды.
Ойын «Күн мен Түн». «Білім» көлігімен баққа келеді. Олар:
- Балалар, қалай оқи алады екен, көрейік, - деп мына сөздерді оқуға берді.
- Балалар сөздерді оқып, олармен сөйлем құрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болды.
1. Қошақан әні
2. Қамажай биі
3. Тақпақ, жұмбақтар айтылып ішіне «О» дыбысы табылып, сөздер буынға бөлінеді. «О» әрпін келтіре отырып «Отан» тақырыбы төңірегінде әңгімелесу. Балалар Отанын сүйетіндігін айтты. Оны мына өлең шумағымен пысықтай түсті.
Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, қолдайды,
Өйткені Отан баласындай,
Бізді асырап қорғайды,
Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – пана,
Қазақстан – туған ел.
- Сонымен, әріптер бағымен қош айтысып, саяхаттан аман есен өз мекенімізге оралдық.
2. Қорыту.
Алдар көсе сыныпқа келеді. Оның қоржынында бір тапсырма бар. Ол балалардың сабақты қаншалықты меңгергендерін білу үшін, О әрпімен сөздер құрастырғызады.
- Енді балалар, Алдар көсе өз ауылына аттанады. Ол сендерге сабаққа жақсы қатысқандарың мына сыйлықтарды тапсырады.
3. Үйге тапсырма.
«Отан» тақырыбына сурет салып келу.
Жезқазған қаласы
№ 10 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Орынбасарова Нұргүл
О дыбысы мен әрпі
- Нургуль ОС
- 14 қазан 2019
- 29385
- 0
- 100
Ілмек сөздер: О дыбысы мен әрпі, бастауыш сынып, жұмбақ, тақпақ, жыр, өлең
Ұқсас жаңалықтар:
Н н дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаттары: 1. Н дыбысын дұрыс дыбыстау. Н әрпімен таныту. 2. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың Н н...О дыбысы және әрпі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Керимкулова Меруерт Бахытжановна...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Ересектер тобында өтілген дауыссыз « К » дыбысы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай-балабақшасы Бибосынова Айнұр Базарбаевна...«Ю» дыбысы мен әрпі
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна Тақырыбы: «Ю» дыбысы мен әрпі Мақсаты: «Ю» дыбысын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.