Сайтқа кіру Тіркелу

Баубек Бұлқышев «Ана»

Сабақтың мақсаты: 1. Баубек Бұлқышевтың «Ана» мәтінімен таныстыру. Мәтіннің мазмұнын ашу.
2. «Ана» мәтінін түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
3. Аналарымызды құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Б. Бұлқышевтың портреті, нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, гүлдер т. б
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, 5 жолды өлең стратегиясы.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушыларды түгендеу
- Үй тапсырмасын сұрау
Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
- «Апамның астауы» әңгімесіндегі апасына берген мінездемені айтады?
- Тегінде, ол кісі әңгімеге сараң - көп сөйлемейтін тек өз ісімен ғана жүретін, қақ - соғы жоқ, инабатты жуас адам еді. Дүниеде өсек - аяң, қулық – сұмдықты білмейтін, не болса тірі пенденің бетіне әй, сен сондайсың деп қарамаған немесе тірі пендеге тілі тимеген, жарықтық ораза - намазы бұзылмаған, таза да тәкәппар әйел еді.
- Өте жақсы балалар!
Оралхан Бөкей апасына деген сағынышын әдемілеп суреттесе, Баубек Бұлқышев «Ана» туралы өз сезімін білдірген екен.

2. Негізгі бөлім:
- Жаңа сабақты түсіндіру
«Ана» деген сөзді кім қалай түсінеді? (оқушылардың ойларын сұрау )
- Өте жақсы, олай болса дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің жадын, тақырыпты жазайық.
- Ақпанның үші. Баубек Бұлқышев «Ана»
Автор туралы қысқаша мағлұмат беремін.

Ассосация стратегиясына назар аударайық.- Ана туралы, ананың қасиетін айта беретін болсақ, ол бір таусылмайтын жыр.
Олай болса, Б. Бұлқышевтің Ана мәтініне көңіл аударайық, мен мәнерлеп оқып беремін. Музыка ырғағымен(«Көңіл толқыны» күйіне) мәтінді мәнерлеп оқимын. Мәтіндегі мына бір сөздерге назар аударайық. Сыр сандық:
Уанбай – көнбей жылау
Құндақта – жаялыққа оралған сәби
Оқушыларға мәтінді әрбір азат жолдан оқытамын.

Ой толғаныс:
- Ананың, әженің мейірімін көрсететін суреттер беріліп тұр. Осы сурет бойынша өз пікірлерімізді ортаға салайық.
- Мына бір өлеңнің ұйқасын табайық.
Ана өмір...,
Ана өмір...,
Бесігімнің...
Жүрегімде....

Сергіту сәті:
«Жалғасын тап» ойыны:
1. Ананың көңілі ----------,
Баланың көңілі ---------.

2. Әке - -----------,
Ана - -----------,
Бала - -----------.

3. Анаға қарап -----,
Әкеге қарап ------.

- «Ана бәрінен де қымбат, жалпақ дүниеден де үлкен», - деп Б. Бұлқышев айтқандай анасыз ешбір жетістіктерге жету мүмкін емес. Осы жалпақ дүниеде, яғни Қазақстанда бүгінгі таңда қандай елеулі оқиға болып жатыр?
- Қазақстан күннен - күнге әлемге танылып жатыр. Соның бірі Қысқы Азиада ойындары Астана мен Алматы қалаларында өтіп жатыр.
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса бізде қысқы Азиада ойындарына кішкене ғана саяхат жасап көрейік. Қысқы спорттық ойындардың суреттерін көрсетіп, Азиада ойындары туралы сұраймын. Сұрақтарға жауап беріп, біздің спортшыларға жеңіс тілейік.
Тапсырмалар:
1. Ана туралы бір шумақ өлең, мақал - мәтел айт.
3. 5 жолды өлең стратегиясы: 1 зат есім, 2 сын есім, 3 етістік, 1 сөйлем, 1 синоним құра. Зат есіміміз «Ана» сөзі болсын.
- «Ана»- мейірімді, сезімтал - тәрбиелейді, жұбатады, үйретеді - Ана мейірімділікке үйретеді - шеше. Бізді барлық жақсылыққа жетелейтін6 ол біздің анамыз екен.

Қорытынды бөлім:
Оқушыларды бағалау. Үйге: Б. Бұлқышев «Ана» мәтінін жаттау. «Ана» тақырыбына шығарма жазу.
- «Ана тілі - өмір шырағы» әнінің ырғағымен келген қонақтарға балалардың шағын сыйлықтарын үлестіріп, сабақты аяқтаймын. Осы отырған барлығымыздың аналарымыз аман болсын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×