Сабақ тақырыбы: Достық қымбат өмірде
Сабақ мақсаты: Достық, өзара сыйластық ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері: Балаларды достарымен жағымды қарым – қатынас жасауға үйрету.
Өзара сыйластық, түсіністік, көмек қарым - қатынастарын дамыту.
Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үнтаспа, суреттер.
Шаттық шеңбері: Балалар бір - біріне көргендеріне қуанышты екендерін білдіру үшін, бір - біріне жақсы тілек жылы сөз айтады.
- Сауле, сен мейірімдісің!
- Эльмира, сен сондай сүйкімдісің!
- Сулушаш, сен маған ұнайсың!
- Айнұр, сен ақылдысысың!
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім оқушыларға достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіндіру мақсатында «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін әңгімелеп береді.
Тыныштық сәті:
- Балалар денелерінді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Терең дем алыңдар. Өздерінің тыныс алуларыңды бақылап, махаббатпен тыныштыққа толы таза ауаның тұла бойларыңа сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Тапсырма:
Оқушыларға «Достық неден басталады» деген тапсырма беріледі.
Ойын. Мен қандай баламын?
Күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына «Мен» деген сөз жазылады. Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерді айтып, шуақты тақтаға кезекпен іледі.
Тапсырманы қорытындылау.
Дәптермен жұмыс.
Мұғалім оқушыларға дәптерде берілген «Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың?» деген тапсырма береді.
Қорытындылау
- Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір - біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілеп жүрейік.
Жүректен жүрекке
Балалар қол ұстасып шеңбер құрайық. Кәне, бір - бірімізге қарайық. Досының күлімдей қарағанын саған қуаныш сыйлап тұрғаны емес пе?
Ендеше мына өлеңді бірге айтайық.
«Біз - өмірдің гүліміз»
Достық қымбат өмірде
- избасарова
- 2 сәуір 2013
- 16594
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Достық қымбат өмірде, Достық, өзара сыйластық ұғымдары
Ұқсас жаңалықтар:
«Қызға – нәзіктік, ұлға - батылдық»
Мақсаты: қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру....Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу...Туған өлкем
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Орынбасарова Нұргүл...өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл...«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қазалы ауылы, №9 "Балауса" балабақша тәрбиешісі Шынар Мүберекова Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта»,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.