Тақырыбы: Ердің аты мәңгі өшпейді.
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Плакат, газет, нақыл сөздер.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түскін-күймейсің,
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
9 мамыр – Жеңіс күні
түрлі – түсті шарлар, гүл шоқтары.
Жүру барысы: 1. Ұйымдастыру.
(оқушылардың сыртқы киімі көк түсті пилотка, кеуделеріне көк лента, барлығы орындарынан тұрып тұрады, қонақтарды қарсы алады, үнтаспадан Жеңіс туралы ән қойылады).
2. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі. Мұғалім: Міне, Ұлы Жеңіс мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.
3. Оқушылар жеңіс күніне арнаған өлеңдерін оқиды.
Оқушы: Айдос Жеңіс күні
(Т. Молдағалиев)
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Оқушы: Ақбота
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары. (Қонақтарға гүл беріледі)
Оқушы: Айсана
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Оқушы: Аманғали Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)
Оқушы: Нұрдәулет: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Оқушы: Ақгүлім: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Оқушы: Диас: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Мұғалім:: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
Оқушы: Құндыз: Иә, зұлмат соғыстың оты түпкір – түпкірді шарпыды, қасіретті сұм соғыс жыр алыбы Жамбыл атамыздың да шаңырағын шайқалтып кетті.
ІІ. Үнтаспадан күй естіліп тұрады. Ортада жыр алыбы Жамбыл «Балама хат» өлеңі оқылады.
ІІІ. Сахна сыртында дауыс естіледі.
Оқушы: Жанарыс: Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз
Сұрапыл басқа төнгенде
Кетіпті қара қағазсыз.
Оқушы: Данагүл: Міне, соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті.
Оқушы: Ақжол Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Оқушы: Альбина
«Сен құрметте оны, қарағым!»
(Ә. Сәрсенбаев)
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
3 Оқушы: Дамир Кешегі елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Елім соққысын өз үстіне алды,
Денесін оқ пәршеле се де,
Ел намысын қорғап қалды.
Оқушы: Асылай Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық жолда аяғын!
Ән: «Жойылсын соғыс»
Оқушы: Мұрагер Мен соғысты жек көрем!
(Қ. Жұмағалиев)
Мен соғысты
Жек көрем!
Көкем айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген,
Кім көз жасын төкпеген!
Талай өткен ғасырлар,
Еш соғыссыз өтпеген.
Оқушы: Рысбек Мен соғысты жек көрем!
Күні ертең – ақ ер жетем!
Туған жерді
Әлпештеп,
Кірпік ілмей
Тербетем!
Мұғалім: Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …
Оқушы: Бейбарыс Болмасын соғыс!
(Ж. Ақылбайұлы)
Болмасын соғыс»
Тілегі солай ата – ананың.
Жарақат алып қорғаған елін, Ұлы Отанын,
Көшеде егер балдақты кісі кездессе
Жүрегім соғып ойланып бара жатамын.
Бақтарды басып, танктің тажал табаны,
Қандарға бөгіп бала – бақшалар алаңы.
Жауынгер болып от атып жап – жас жігіттер,
Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.
Оқушы: Асылзат Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!
Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.
О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,
Жаралы елді артпай – ақ қойдық арбаға,
Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада
Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.
Оқушы: Есбол
Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Оқушы: Райымбек Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Мұғалім: Балалар отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.
Оқушы: Аружан Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Оқушы: Ақгүлім Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Мұғалім: Балалар отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.
Ердің аты мәңгі өшпейді
- Шарбану
- 29 наурыз 2013
- 25272
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ердің аты мәңгі өшпейді, жеңіс күніне арналған, сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
9 мамыр жеңіс күніне арналған сценарий
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды...Ұлы жеңіс
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш пәні мұғалімі Булекбаева Бакыт Саурбаевна...Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді!
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік...Бейбіт күн жасасын әлемде (9 мамыр жеңіс күніне)
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз...Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.