Сабақтың тақырыбы: "Көңілді қыс". Жіңішке дауысты дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, ойын жүйелі
жинақтап сөйлеуге үйрету және жіңішке дауысты дыбыстар
туралы білімін кеңейту. Оқушылардың сөздік қорын
молайтып, танымдық белсенділігін арттыру, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, ойын, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті сурет
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау - мотивациялық кезең
Мұғалім үстелдің үстінен хат тауып алады, оның ішінен аққаланың бөлшектері шығады. Хаттың ішінен шыққан аққаланың өтінішін оқиды. Ол балалардан мына тапсырмаларды орындауға көмек сұрап келіпті. Сыныптың іші жылы болғандықтан, ол шыдамай еріп бара жатыр. Мұғалім оқушыларды аққалаға тезірек көмектесуге шақырады.
1 - тапсырма:
Мына жұмбақтың шешімін табыңдар.
Ұстай қалсаң еріп кетер,
Әуре болма теріп бекер. (қар)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.(қар)
2 - тапсырма:
Мына сөйлемдерді оқыңдар. Неше сөйлем бар екенін анықтаңдар.
Күн суытты қар жауды аяз болды су қатты.
3 - тапсырма:
Мына өлең жолдарын әрі қарай жалғастыр.
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда балалар
...................................
...................................
4 - тапсырма: "Қысқы ойын" тақырыбында әңгімелеп айтыңдар.
ІІ - операционалдық - орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс. 31 - жаттығу.
а) өлеңді мәнерлеп оқу.
ә) сөздік жұмысы.
б) оқушылардың өлеңді кезекпен оқуы.
в) мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алынады.
- балалар өлеңде не туралы айтылған?
- өлеңде балалар қандай ойындар ойнаған?
- қыс мезгілі қандай екен, ол сендерге ұнады ма?
Мұғалім өлеңнен жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді тауып оқытады.
32 - жаттығу орындалады.
1. Сюжетті суреттерге қарап қысқы ойын түрлерін табу.
2. "Қай әріп жоғалды" ойыны.
т... л... т,, с,.... р, к... лт, к... л, ш.... п.
Осы әріптер қандай дауысты дыбыстарды белгілейді.
3. Өзіндік диктанты.
ІІІ - рефлекциялық бағалау кезеңі.
Орын ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.
қызығы, қыс, басталды. Айбол, киінді, жылы.
Толықтыру тесті.
Жіңішке дауысты дыбыстар:...................................
"Көңілді қыс" Жіңішке дауысты дыбыстар
- ZhekenB
- 12 наурыз 2013
- 6132
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жіңішке дауысты дыбыстар, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Фонетика. Дауысты дыбыстар
Тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы дауысты дыбыстарды ажырату. Сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс...Жуан дауыстылар. Ақ бұзау
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат...Қыс. Жуан дауысты дыбыстар.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның Бастауыш сынып мұғалімі Шамганова Гүлназ Амантайқызы...Дауыссыз дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуы.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Каратаева Майя Исимкуловна...Әке мен бала
Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы №26 мектеп-гимназиясының, бастауыш сынып мұғалімі Қабенова Тәттігүл Кәкенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.