Тақырыбы: Болашақ бүгіннен басталады
Мақсаты: Логикалық ойлау және танымдық қызметі мен түсіністіктерін дамыту, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, ұжымшылдыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, қорап.
Өтілу барысы: І. Кіріспе
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Болашақ бүгіннен басталады» атты конкурсымызға келгендеріңізге қуаныштымын.
Президентіміз 2030 жылға бағытталған Жолдауында «Елдің ертеңін ойлау қажет, халықты сауатты да, салауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөзін тегін айтпаса керек.
Біздің қазақ халқы – тумысында дарынды, алғыр халық. Сан ғасырлық тарихын да санасында сақтап, ерлік жырларын да жүрегінде жаттап, біздің ғасырымызға жеткізуі екінің бірінің қолынан келе бермейді. Есте сақтау қабілеті мықты, зерделі, дарынды ата - бабаларымызды «көне компьютерлері» деп атасам қателестім демес ем. Демек ондай халықтың баласы қазіргі озық заманның техникаларын ұршықша үйірері сөзсіз. Енді ортаға бүгін математиканы жақсы көретін «болашақ компьютерлерді», «болашақ математиктерді» ортаға шақырамыз. Конкурс 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің ұпай сандары беріледі. Кім көп ұпай жинаса, сол жеңімпаз болады. Барлығыңызға да сәттілік тілеймін.
1 конкурс «Ең зерек»
1 - тапсырма. Мен сіздерге 12 сөзді 2 рет қайталап оқимын. Сіздердің міндеттеріңіз – есте сақтап, дәптерге жазу. Ретімен жазу міндетті емес.
3 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жазылған сөзге 1 ұпай. Берілетін сөздер: мұғалім, шығару, көбейту, артық, қосу, есе кем, азайту, периметр, шаршы, өрнек, теңдеу, аудан.
2 - тапсырма. Мен сіздерге бір әңгіме айтып берейін. Бір күні Әлібек деген бала математика пәнінен екі деген баға алады да мұғалімнен журналға қоймауын өтінеді, кешірім сұрайды. Мұғалім былай деп жауап береді: «Сөйлемдегі тыныс белгісін дұрыстап орналастырсаң мүмкін сені кешірермін». Мынадай сөйлем берілді. «Екі қою керек емес кешіру» Ойланыңыздар, екі қоймау үшін үтірді қай жерге қою керек. Дұрыс жауапқа – 3 ұпай.
2 конкурс «Кім тапқыр?»
1 - тапсырма. «Қатесін тап»
Қатесін тауып, дұрыс жауабын жаз. Дұрыс сөйлемге - 1 ұпай.
А) Ауданды табу үшін ұзындығын еніне бөлеміз.
Ә) 1км 10 см-ге тең.
Б) Шаршының барлық қабырғасы тең емес.
2 - тапсырма «Кітап – оқу айнасы»
Кім көп оқыса, сол адам сауатты болады, оның білімі көбейеді. Халық даналары: «Кітап – оқу айнасы» деп тегін айтпаған. Қатысушылардың қайсысы кітапты көп оқиды екен. Көп оқыған көп біледі. Мына берілген ребусты шешсеңдер кітапша аты шығады. Сол кітаптан үзінді айтып бересіңдер. 6 ұпаймен есептеледі.
Біз ең жауапты, ең маңызды конкурсымызға да келіп жеттік. «Математика - барлық ғылымдар патшасы» деп бекер айтылмаған. Есепсіз өмір сүру мүмкін емес.
3 конкурс «Барлық ғылымдар патшасы»
1 - тапсырма «Жауабын тап»
А) Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей санды тап (2+2 = 4, 2• 2= 4)
Ә) Туристердің ішінде шет елдік 6 адам бар. Оның 3 - еуі ағылшынша, 2 - еуі французша сөйлейді. Нешеуі ағылшынша, французша сөйлейді? (1)
Б) Аулада торайлар мен тауықтар жүр. Олардың басы - 5, аяғы - 14. Торай нешеу, тауық нешеу? (2 торай – 8 аяқ, 3 тауық – 6 аяқ).
2 - тапсырма «Сандар мен спортшылар»
Әр бір спортшы – ол қандай да бір сан. Әр спортшының қандай санға тең екенін табасыңдар. Тапсырма – 6 ұпаймен есептеледі.
Мерген – 4
Шаңғышы – 2
Хоккейші – 6
Теннисші – 3
3 - тапсырма «Кім жылдам?»
Әрбір цифрлар арасына амалдарды қоясыңдар. Теңдік дұрыс болуы қажет.
5 5 5 5 = 4
5 5 5 5 = 5
5 5 5 5 = 6
5 5 5 5 = 7
4 - тапсырма «Бөлікке бөл»
Үш сызық жүргізу арқылы суреттегі заттарды бөлесіздер. Әр бөлікте бір суреттен болуы керек.
5 - тапсырма «Алтын кілт»
Мен сіздерге үш қорапты сыйға тартамын.
1 қорап – қызыл. «Мұнда алтын кілт жатыр».
2 қорап – көк. «Жасыл қорап бос».
3 қорап – жасыл. «Мұнда улы жылан жатыр».
Бірақ мұнда жазылғандар дұрыс емес. Шынымен де біреуінде алтын кілт, біреуі бос, бірінде улы жылан бар. Дұрыс тапсаң алтын кілт сенікі. Кілт қай қорапта?
Ж: алтын кілт - жасылда.
6 - тапсырма «Ертегі есеп»
Атай бір шана балық аулап келе жатып жолда өліп жатқан түлкіні көреді. Шал: - Кемпіріме жаға болатын болды – деп қуанып, түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі болса өтірік өліп жатқан еді. Ол балықтарды біртіндеп алғашқы минутында 1 - еуі, артынан екеуін, одан соң 2 еседен лақтыра беріп 7 минуттан соң өзі түсіп қалады. Қу түлкі неше балық алып қалды?
Ж: 1мин 2мин 3мин 4мин 5мин 6мин 7 мин
1б 2б 4б 8б 16б 32б 64б = 127 балық
Қатысушы балалар есептің жауабын тапқанша, көрермендерге сұрақ қоямын. Көрермендерге сұрақ:
1. Ең қысқа ай
2. Орнынан қозғалмайды, бірақ жүреді.
3. Ең кішкентай геометриялық фигура
4. Екі таңбалы, әр түрлі цифрмен жазылған, басын төмен қаратсаң да өзгермейтін сан
5. Онда 10 см бар.
6. Мұрынның астында тұрады.
7. Одан балапан шығады
5 - конкурс «Ашық сұрақтар»
Енді, қатысушылар әділқазылардың қойған сұрақтарына тез жауап бере ала ма екен? Соны байқайық. Әділқазылардың қойған сұрақтарына жауап берсе 1 ұпай қосылады.
Қорытынды. Әділқазылардан конкурс нәтижесін сұраймыз.
«Ең үздік математик»
«Зерек математик»
«Алғыр математик»
Болашақ бүгіннен басталады
- Гүлжамиға
- 25 ақпан 2013
- 19548
- 0
- 100
Ілмек сөздер: апталық, логикалық есептер, математика бастауышқа
Ұқсас жаңалықтар:
Алтын кілт
Математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл - ой қабілеттерін қалыптастыру....Жазбаша қосу және азайту
Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Утенова Гүлжанат Нұртайқызы...«Зерде» сайыс сабағы
Қарағанды қаласы, №6 жалпы білім беретін орта мектебі Мұғалім: Ахметова Гульмира Махметовна...Біз болашақ жастары
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылы, Абай атындағы орта мектеп Докина Гүлжамиға Өтеғалиқызы...Математика майталманы
Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназия Сейтбекова И. Т....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.