Тақырыбы: Әке мен бала
Мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдық пен еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. Жұп дауысты дыбыстар туралы түсінік беру, оларды ажырата алуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының әдістері.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Барысы:
І. Ой қозғау. Оқушыларды сабаққа дайындау: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Дәптерді ашып, тақтада көрсетілуі бойынша көркем жазуды жазып шығу.
Өткен тақырып бойынша білімдерін еске түсіру, арқылы «Дыбыс» тақырыбына байланысты сызбаны құру.
- Дыбыс нешеге бөлінеді? (екіге: дауысты, дауыссыз)
- Дауысты дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер? (жуан, жіңішке)
- Жуан дауысты дыбыстарды ата.
- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
- Жұп дауысты дыбыстарды ата.
Дыбыс
дауысты дауыссыз а, о, ұ, ы
жуан жіңішке ә, і, ө, е, ү
ІІ. Мағынасын ашу. 49 – жаттығу: Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқу. берілген сөздердегі а, ә дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын анықтау.
Сөздік диктант: «Ішіне – сыртына» әдісі арқылы жуан және жіңішке айтылатын сөздерді бөліп жазу. ( Бала, әке, шие, ұста, тиын, егін)
ішіне сыртына
Бала, ұста, тиын
Әке, шие, егін
Бұл сөздердің не себепті жуан немесе жіңішке айтылып тұрғанын дәлелдеу.
«Әке мен бала» мәтінімен таныстыру.
1. Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет беру: 1841жылы 20қазан - қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. 1850жылы - Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне қабылданады. 1857 жылы - мектепті «үздік бағамен» бітіріп шығады. 1889 жылы 9шілде - дүниеден өтеді.
2. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді бөлімдерге бөлу. Әр бөлімді топта жеке – жеке оқып талдау. Бөлімдердің тірек сөздерін анықтау. (таға, тиын, шие)
3. Сөздік жұмысы: «таға, ұста» сөздерінің мағынасын талдау, осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.
ІІІ. Ой толау: Мәтін мазмұнын талдауға байланысты сұрақтар қою.
- Әкесі баласына тағаны неліктен алдырғысы келді?
- Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсың?
- Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?
- Әкесі баласына қандай ақыл айтты? Мақалды мәтіннен тауып оқыңдар.
«Қарама - қарсы»элементтер арқылы мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру.
Әке Бала
Үлкен кісі, еңбектенді, ақылды адам, тағаны алады,
шие сатып алды. Жас бала, еңбектенген жоқ, тағаны алмады, ақылсыз бала,
сатып алмады.
Шығармашылық тапсырма: Мәтін мазмұнын көрініспен көрсету.
Сабақты қорытындылау: - Бүгінгі сабақтан өздеріңе не алдыңдар? (Әр оқушы өз ойын айтады. Мысалы: үлкенді сыйлау, жалқауланбау...)
Бағалау.
Әке мен бала
- Үміткен
- 20 ақпан 2013
- 19677
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш, әке мен бала, Ыбырай Алтынсарин
Ұқсас жаңалықтар:
Əке мен бала
Бір адам жолда ескі тағаны көріп: - Балам, анау тағаны алшы - дейді....Ы. Алтынсарин «Әке мен бала»
Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ажырата білуге үйрету. Шығарма авторы жайлы түсінік беру. Мәтінді оқытып мазмұнын түсіндіре отырып, мағынасын ашу....Дауыссыз к мен г
Маңғыстау облысы, «Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ - сі Ақкөзова Қарлығаш...Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін...Буын үндестігі
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.