Сайтқа кіру Тіркелу

Кішкентай арулар

Тақырыбы: Кішкентай арулар
Мақсаты:
1. Қазақ халқының өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету.
2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, шеберліктерін дамыту.
3. Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.
Үлкендерден үлгі өнеге алыңдар.
Әдісі: сайыс түрінде
Жүрісі: 1. Ұйымдастыру
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
3. Келесі кезекті оқушыларға берейік.
1 - бастауыш: Айдос
Наурыз күні - Ана күні, әлем күні
Әлемді тебірендірер ана үні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.

2 - бастауыш: Асылзат Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

1 - бастауыш: Айдос Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Кішкентай арулар» байқауын бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.

1 - бастауыш: Айдос
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың,
Көктем тойын бастайық.
Көктем тойға арналған,
Сайысты біз бастайық.
2 - бастауыш: Асылзат
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларды шақырамыз. ( «Қыз сыны» әуені орындалады.)
І кезең «Таныстыру»
1 - басқарушы: Айдос
Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.
ІІ кезең «Шебер қолдар»
2 - бастауыш: Асылзат
«Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан кемде кем емес сияқты. Ою ойып болғанша Ақботаның орындауында әсем ән тыңдайық!
ІІІ кезең «Білім сайысы»
1 - бастауыш: Айдос. «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші, сайысымыздың келесі кезеңінде қыздардың салт - дәстүрге байланысты білімін сынайық. /Плакатта гүлдің суреті, қыздар гүлдің біреуін үзіп, артындағы сұрағына жауап береді/
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
3. Наурыз көже қалай дайындалады?
4. Ұзынсары дегеніміз не?
5. Қандай салт - дәстүрлерді білесің?
6. Бала мектеп табалдырығын аттағанда жасалатын той қалай аталады?
7. Тұсау кесу туралы айт.
8. Сүттен жасалатын тағамдар. Біреуіне тоқталып өт.
9. Төрт түлік туралы не білесің?
10. Қасиетті сандар туралы не білесің?
ІҮ кезең «Бесік жырын айту»
2 - бастауыш: Асылзат
Жаңарған сананың
Ұмытпады мұны кім?
Ата - салты бабаның
Алып келді осы күн.
Балаға деген ана махаббаты «Бесік жырлары» арқылы берілген. Ана баласын бесікке бөлерде ең алдымен бесік жырын айтады екен. Ендеше, біздің қыздарымыз аналарының айтқан бесік жырын айтып берсін.
ҮІ кезең «Ептілер»
1 - бастауыш: Бұл кезеңде арулар өздерінің ептіліктерін көрсетеді. Бір ыдыстағы суды, қасықпен төкпей, тез екінші ыдысқа тасу.
ҮІІ кезең «Өнер сайысы»
2 - бастауыш: Асылзат
Көркемөнер - жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған балқаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса,- дей келе қыздарымыздың өнерін тамашалайық.
ҮІІ кезең «Үй тапсырмасы»
1 - бастауыш: «Ас - адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде, арулар үйде аналарымен бірлесіп дайындаған астарымен қол өнеріне байланысты жасаған заттарын таныстырады.
2 - бастауыш: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері дайын болғанша кезекті өнерпаз достарымызға береміз.
1 - бастауыш: Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік./Марапаттау/
2 - бастауыш: Асылзат
Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!
1 - бастауыш: - Осымен «Кішкентай арулар» сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Кері қайту
Ілмек сөздер: Кішкентай арулар, сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Үкілі қыз сайысы

Үкілі қыз сайысы

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы,«Амангелді негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі...
Көктем аруы

Көктем аруы

Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке....
8 наурыз қыздар сайысы

8 наурыз қыздар сайысы

Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі...
Қыз еркем, кестесімен көркем

Қыз еркем, кестесімен көркем

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің математика пәні мұғалімі Картбаева Нурсая Айбатовна...
8-наурызға байланысты

8-наурызға байланысты "Ақ ару" қыздар сайысы

8 - наурызға байланысты "Ақ ару" қыздар сайысы (сыныптан тыс шара) - Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8 наурыз Халықаралық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×