Сайтқа кіру Тіркелу

Дамыта оқыту мен сыни ойлау әдістері арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту

Дамыта оқыту мен сыни ойлау әдістері арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту
Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек деген болатын». Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру жүйесіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет - білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болуы мүмкін емес.

Оқушыларды түгел жетілдіруге бағытталған жұмыс түрлерін қолдану. Әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз «даму» зонасында өсуіне жағдай жасау.
Осы принципке сәйкес ұлттық педагогиканың негізін қалаушылардың пікірі:
«Тумасында қанша зеректік болса да ғылымсыз, тәрбиесіз бала кемеліне жетпейді Кімде кім өз табиғатында шеберлік барын сездіріп, өз жолына түссе ғана көзге көрінеді. Оны жетелеуші - мұғалім.»(М. Дулатов)

Қазіргі уақытта дамыта оқыту «принциптері» және сыни ойлау жобасы өз философиясы жағынан қоғам талабына сай болып отыр
Баланың ақыл - ой қабілетін тәрбиелеу - оқыту жұмысының басты міндеттерінің бірі. Мұғалім бала ойының қалай болса солай дамуына жол бермей, дұрыс тәрбиелеп отыруға тиіс. Бұл үшін мына жайттар ескеріледі: өз ойын дәлелдеп айта білуге үйретуде баланың ой тізбегінің дұрыс логикалық жолмен құрылуын қадағалау, ой жұмысын тәртіпке салып отыру, баланың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін сабақ үстінде оқушының белсенді ақыл - ой жұмысын ұйымдастырып, тапқырлығын қоштап отыру. Ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «кімде - кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен, оның ой қабілетін дамытуы тиіс».

П. П. Блонскийдің айтуынша, ақыл әрекеті ойдың дамуына негіз болады. Ал әр нәрсені ақылға салып шешу үшін бақылағыш болу керек, іс - әрекеттік тәжірибесі мен білімі, тіл байлығы болу керек. Мектеп оқушыларының негізгі кәсібі - ой дүниесі арқылы ұғыну, меңгеру, еске сақтау, нені қалай еске сақтауды және нені қашан еске түсіруді ойластыру.
Оқытудың мәні баланың жаңаны оқып, үйренуіне негізделеді. Сондықтан да баланың ақыл - ой дамуының жаңа сатыға көшу мүмкіндігін айқындайтын жуық арадағы даму аймағы оқу мен даму үшін мәнді болмақ.

Дамыта оқыту жоғарғы деңгейдегі ақыл - ой әрекетін қажет етеді. Шындығында, оқушы ақыл - ойының даму дәрежесі өзара байланысты, өзара сабақтастығы бар, бірін - бірі толықтырып тұратын ғылыми білім дағдыларының жүйесін меңгеруі мен оларды практикалық тұрғыда көрсете білу шеберлігінен көрінеді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндетіне жататындар:
- оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс - тәжірибесінде қалай қолданатынына көңіл бөлу;
- оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту;
- оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру;
- оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
- сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;
- оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту;
- жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.

Ал сыни ойлау не мағына береді? «Сыни ойлау», бұл - американдық алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді; «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім істесем, үйреніп алам». Яғни баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз.
Ол өзіне тән сабақ құрылымы жасалған, әр кезеңге сай стратегиялар, яғни оқыту үшін мұғалімге нақты тапсырмалар берілген. Бұл технологияны қолдану үшін мұғалімнің шеберлігі, әр стратегияны өз орнына ұтымды қолдана білу де аса қажетті.

Бастауыш сыныпта оқыған озат, ынталы оқушылардың қатары жыл сайын кеми беретіні бәрімізге белгілі. Психологиясы тек айтқанды « орындаушы» болуға үйренуге, өз бетімен ойлауға, өз деңгейінде білімді меңгеруге бағытталмаған, тасада қалатын оқушыда өзіне деген құштарлығы жойылады. Бүгінгі айтылып отырған дамыта оқыту мен сыни ойлау жобаларының философиясы - баланы өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, даралық ерекшеліктерін ескерту, әрі қарай жетілдіруге болып табылады. Дамыта оқыту принциптеріне лайық сыни ойлау стратегиясы:

Бірлескен топтық жұмыстары, жұптасу, джигсо, топта талқылау, еркін жазу.
Бала дамуындағы оқыту рөлін көрнекті психолог А. В. Выготский екі аймақ бойынша анықтап көрсеткен:
Б. Д. Жақын аймағы.
Д. Д. қол жеткен аймағы.
Сабақтың дамыта оқыту мен сыни ойлауға негізделуі басты шарт болған жағдайда сабақтың жоспары мына үлгіде көрсетіледі.
Жеке тұлғаға бағдарланған әрекет:
I Ұйымдастыру.
II Қызығушылықты ояту.
III Бағдар беру.
IV Үлгіні көрсету.
V Мәселе қою.
VI Ой бөлісу.
VII Пікірлер шкаласы.
VIII Бақылау, бағалау.
IX Соңғы нәтиже.
Осы оқыту түрлерін жүзеге асыруда қойылатын талаптар:
Нашар оқитын оқушыны шамасы келгенше қабілеті жететін жерге дейін көтеру, әркімнің даму зонасын кеңейту; бала өз ойын қорықпай сеніммен айта алатындай, дәлелдей алатындай орта туғызу; табиғи ынтасын, ықыласын жойып алмай, үнемі оның алға жылжуға сұранысын, шығармашылығын жетілдіру;

өз бетінше іздену, көргенін, үйренгенін ой қорыту арқылы меңгеруге жағдай туғызу; баға қою соңғы нәтиже үшін емес, кешегі білім деңгейімен салыстыру негізінде қойылатын есте ұстау.
Осы технология бойынша өткізілген сабақ жоспары:
А) Қызығушылығын ояту ( оқушының өз білімін ортаға салуға мүмкіндік жасау)
- Балалар Отан, тәуелсіздік сөздерін естігенде ойымызға қандай не келеді?

Ә) Мағынаны тани білу.
Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Ол ақын болар ма еді?»
Мақсаты: Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту, желтоқсан оқиғасы түсінік беру. Қ. Рысқұлбековтың ерлігімен таныстыру
Оқулықпен жұмыс
(оқып отырған кезде қарындашпен түртіп отырады)

Білемін Білмеймін Зерттеймін

Б) Ой толғаныс

Тәуелсіздік -------------------------,
---------------------- көркейсін.
Бейбітшілік ------------------------,
-------------------- орнасын.

Қорытынды.
Қ. Рысқұлбеков жайлы не білдіңдер?
Осы мәтіннің тақырыбы мазмұнына сай деп ойлайсыңдар ма?
Тағы қалай айтуға болады?

Ия Жоқ
Неліктен? Неліктен?
Дәлелде? Дәлелде?

Сабақты бекіту: «Кубизм» әдісі бойынша

- Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
- Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
- Желтоқсан құрбандарын ата?
- Қайраттың әке - шешесінің аты кім?
- Жасы нешеде? Қай облыста туған?
- Тірі болғанда кім болар еді?

Әдебиеттер:
Бастауыш мектеп журналы
Д. Клустер «Сын тұрғыдан ойлау дегеніміз не?»
Куртис С және т. б. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» методикалық құрал
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабіле ...

Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабіле ...

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге...
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясын ...

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясын ...

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату....
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...
Қазіргі мектепті басқару әдістері мен мүмкіндіктері

Қазіргі мектепті басқару әдістері мен мүмкіндіктері

Қазіргі таңда басқару құрылымын ғылыми негізде қайта құру, жоспарлау мен бақылауда бұқаралық пен ізгілікті күшейту, өкілеттік және билікті бөліп беру...
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, ММ "Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының" мониторинг бойынша әдіскері Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×