Сайтқа кіру Тіркелу

"Жұлдызды сәт" (3-4 сыныптарға арналған)

Мақсаты:
1. Оқушылардың ойларын тыңдау, толықтыру. Сыныптағы алғыр да тапқыр оқушыны анықтау.
2. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының танымын кеңейту. Ақыл – ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту
3. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сұрақ тапсырмалары жазылған плакаттар, әріптер, жұлдызшалар, карточкалар
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды тұрғызу, сәлемдесу, сайысты ашу, сөз беру.
- Сайыс бөлімдерімен, шартымен таныстыру.
І – бөлім: «Қазақстан қалалары» бойынша
ІІ – бөлім: «Әр пән бойынша» тест
ІІІ – бөлім: «Сөз құрау» берілген әріптерден көлемді сөз құрастыру
ІҮ – бөлім: «Ана тілі» пәні бойынша
Ү – бөлім: «Сөзден сөз шығару» ойыны
Жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Білімдеріңді тексертіп,
Ойынға қатысып көріңдер.
Сөйтіп біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма.
Біліммен өнер жарысып,
Тәрбие тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда.
- Бүгінгі біздің ойнымыз түрлі қызықты тапсырмалардан тұрады. Әр тапсырмалардан дұрыс жауапқа жұлдызшалар таратылады.
І – бөлім
10 оқушы ойынға шығады. Жауаптарын алдарындағы карточкадағы жазылған сандарды көтеріп жауап береді. (керекті сөзді көрсету)
1. Алматы
2. Қызылорда
3. Жезқазған
4. Павлодар
5. Семей
6. Жамбыл
Жауап бергенде дұрыс деп ойлаған санды көтереді. Әрбір дұрыс жауапқа
1 - жұлдызша береді. 30 секундтан уақыт
Сұрақтар:
1. Бұрынғы Верный бекінісі 1922 жылы ресми түрде қалай аталған?
(№1. Алматы)
2. Қазақстанның ұлы ақыны Абай Құнанбаев қай жерде дүниеге келген?
(№5. Семей)
3. Кряков бекінісі бұны жергілікті қазақтар «Кереку» деп атаған?
(№4. Павлодар)
4. Ол ХІХ ғасырдың ортасында «Ақ мешіт» деп аталды. 1924 - 29 жылдары
Қазақстанның астанасы болған қай қала?
(№2. Қызылорда)
5. Бұрынғы «Тараз» қаласы, одан кейін «Әулие ата» қаласы, кейіннен бұл қала
қандай ұлы ақынның есімімен аталған?
(№6. Жамбыл)
6. Бұл қалада мыстың өте бай қоры бар. 1954 жылы жұмысшы поселкесінен қалаға
айналған. Ол қай жер?
(№3. Жезқазған)
ІІ – бөлім
Мұнда тест сұрақтары қойылады. Бірнеше жауап жазылады. Соның қайсысы
дұрыс екенін табасыңдар. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.
Сұрақтар:
1. Сөз неден тұрады?
1. дыбыстан
2. сөйлемнен
3. буыннан
2. Мына сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
1. тайяқ
2. таяқ
3. тайақ
3. Жылқы атасы кім?
1. Ойсыл қара
2. Зеңгібаба
3. Қамбар ата
4. Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы маралдар бар.
1. Өлең
2. Жаңылтпаш
3. Мақал
5. Адам өміріне ең қажетті жағдай?
1. Тұман
2. Ауа
3. Жел
6. Жорғалаушыны тап.
1. Жылан
2. Бақа
3. Көбелек.
(Осы екі бөлімнен ең аз жұлдызша жинаған оқушылар ойыннан шығады. Қалған оқушылар келесі бөлімді ойнауға қатысады.)
ІІІ – бөлім
1 минут ішінде мына берілген әріптерден сөз құрастыру. Ең ұзын сөз
құрастырған оқушыға жұлдызша беріледі.
а, с, қ, а, з, н, т, а, қ
(кімде аз әрпі бар сөз болса, сол ойыннан шығады).

ІҮ – бөлім
Ана тілі пәні бойынша сұрақтар, 30 секунд уақыт беріледі.
Жауаптары:
1. Алдар Көсе
2. Қожанасыр
3. Ұр, тоқпақ
Сұрақтар:
1. Сендер піс қазаным, піс деп айтпаңдар, балалар!
(№3. Ұр, тоқпақ)
2. О, байеке! Қазаның балалапты!
(№2. Қожанасыр)
3. Мен мына жілігімді сенің қазаныңа пісіріп алсам, сенің етің менің жілігімді жеп қоймай ма? (№1 Алдар Көсе)
4. Менің ойымша бұл ертегілердің бәрі қазақ халқының ертегілері. Егер, сендер менімен келіспесеңіздер қай ертегі қазақ халқының ертегісі емес?
(ешқандай карточка көтерілмейді)
(аз жұлдызшалары бар оқушылар шығып, ойында тек ең көп жұлдызшалары бар 2 оқушы қалады. Егер жұлдызшалары теңесіп жатса, қосымша сұрақтар қойып тек қана 2 оқушы мәреге шығады)
Ү – бөлім
Мәре 1 минут 30 секунд уақыт беріледі.
Ойында 2 бала қалады. «Тәуелсіздік» деген сөзден бірнеше сөз шығарулары керек. Кімде аз сөз болса, сол ойыннан шығады. Ал көп сөз құрастырып шығарған оқушы жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Міне, бүгінгі «Жұлдызды сәт» ойынында жеңімпазымыз анықталды. Жеңімпазымыздың қадамына сәттілік тілейміз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×