Сайтқа кіру Тіркелу

Күрделі сөздер. Қос сөздер

Көкшетау қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі
Пән: қазақ тілі (2сағ)
Сынып: 3
Мұғалім: Шамиғанова Р. М.
Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер. Қос сөздер.
Таңның атуы. Мұқан Иманжанов.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың біріккен сөз, қос сөз туралы білетіндерін пысықтап, білімдерін кеңейту. Мәтінмен жұмыс жасауда ой – өрістерін дамыта оқыту.
2. Тапсырмаларды тиянақты орындап, өз бетінше ойланып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, ынтымақшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, сызба, таблица, Венн диаг. интер. тақта
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын қайталау.
Жаңа сабақпен таныстыру.
Мұғ. – Балалар, бүгінгі сабақты 2 топқа бөлініп, жарыс түрінде өткенді қайталау мақсатында өткіземіз. Ол үшін топтың атын белгілеп алайық.
1 - топқа тапсырма:
Әлемнің төрт бұрышын араладым,
Палуанның неше түрін жараладым.
Қажымұқанмын қазақта күшім асқан
Туған жердей ыстық жер таба алмадым.
(өлең шумағы интерактивті тақтада)
- Өлеңде қандай күрделі сөз бар? Топ солай аталады.(Біріккен сөз)
2 - топқа тапсырма: Ребус шешу
( ребусты шешкенде Айгүл сөзі шығады)

- Ребустың шешуі қай күрделі сөзге жатады? Топ солай аталады. (Қос сөз)
III. Жаңа сабақ
Ой толғау. Топтың атын қорғау. Ойын:«Мен саған, сен маған»
1 - топ:- Қос сөз дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Мысал келтіріп айтыңдар.
2 - топ: - Біріккен сөз дегеніміз не? Ол қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.
Ә. Ойын «Әрі қарай жалғастыр»
1 - топ: «Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан...»
- Бұл кімнің өлеңі? Түсіндір. Өлеңде қандай күрделі сөз бар?
2 - топ «Ат, айғырлар, биелер,
Шалғыннан жүні қылтылдап..
Арасында құлын – тай,
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары – төмен үйрек - қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.»
- Бұл өлең қалай аталады? Қандай күрделі сөз бар? Түсіндір.
(екі топ өздері тапқан күрделі сөздерді Венн диаграммасына түсіреді. Соңынан таблица бойынша анықтама айтады.)

Б. Таблица бойынша жұмыс.

Оқулықпен жұмыс:
«Таңның атуы» мәтінін мәнерлеп дауыстап оқыту.
Мазмұнын аша білу
Сұрақтарға жауап беру
Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен?
Таң атарда жұлдыздар қайтеді?
Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?
Таң атып келе жатқанда тағы нені көруге болады?
Мәтіннен самал, ауа, Шолпан жұлдызы сөздеріне қатысты теңеулерді табыңдар?
Ой қорыту.
Суретпен жұмыс.

Сергіту сәті: «Кім тапқыр?»
1 - топ. біріккен сөзден тұратын 10кісі атын табу.
2 - топ. қос сөздің әр түрінен тұратын 10 мысал табу.
Шығармашылық жұмыс:
Өздері ойлаған күрделі сөздерді пайдаланып шағын мәтін құрап жазу.
Әр топтың жұмысы оқытылып, тексеріледі.
V. Сабақты бекіту.
- Сонымен, балалар, күрделі сөздің 3 түрі бар еді, (сызбасын көрсетіп) біз бүгін соның 2түрін қайталап, білетіндерімізді еске түсірдік. Анықтамасын қорыттық. Ал келесіде қысқарған сөз туралы қайталаймыз.
Үйге тапсырма:. Күрделі сөздер туралы пысықтау. 287 - 288 бет мазм. айту
Оқушылар білімі бағалау парағы бойынша бағаланады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×