Сайтқа кіру Тіркелу

Біздің ойыншыктарымыз

Білім беру салалары: Қатынас.
Бөлімдері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Біздің ойыншықтарымыз»
Білімділік: Балаларға ойын ойнау арқылы ойыншықтардың неден, қандай заттардан жасалатыны жайында ұғым беру.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін зейіндерін, тілдерін ойын арқылы дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ойыншықтар жұмсақ матадан жасалған, резиналы, пластмассадан жасалған ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: ұқыптылық, мейірімдік.
Қостілділік компоненті: ойыншықтар - игрушки.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы

Балалар қараңдаршы біздің топқа көп қонақтар келіпті қонақтар мен амандаспаймыз ба?
Сәлеметсіздер ме!

Ш. ш. Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Қайырлы күн, қайырлы таң
Сәтті болсын бүгінгі күн!
Кәне бәріміз орнымызға отырайық.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі екенін қайдан білеміз?

Қардың түсі қандай?
Қар неге ұқсайды?
Қарды жылы жерге кіргізіп қойсақ ол неге айналып кетеді?
Өте дұрыс айтыңдар.

Қыс мезгілі туралы кім тақпақтар біледі?
Өте жақсы, тағы кім айтады.
Балалар сендер қыс мезгілі туралы өте жақсы тақпақтар айтып бердіңдер.
Балалар есік тырсылы естіледі бізге кім келіп тұр екен. Балалар: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Шеңбер бойында қимылмен жасап айтып береді.
Қазір жылдың қыс мезгілі.
Өйткені дала суық, қар жауып тұр.
Қардың түсі аппақ.
Қар қантқа, мақтаға ұқсайды.

Қарды жылы жерге кіргізіп қойғанда еріп суға айналып кетеді.
Полина:
Өзеніме көліме,
Әсем ою ойыпты,
Ағаштардың бәріне
Алқа тағып қойыпты.
Әсем:
Аулаға қар үйгізді,
Бетті қарға сүйгізді,
Тоңбасын деп теректер,
Қырау ішік кигізді.
Жібек:
Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек ақ мамық.
Аунап таза ақ қарға,
Балалар жүр мақтанып.
Жандос:
Тазартып бар кір шаңнан,
Қыс өнерін бастады,
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.
Балаларда есік тырсылына елеңдеп есікке қарайды.
Іздену - барлау

Топқа Еркежан атты қызымыз келіпті.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Тәрбиеші: Еркежан сен неге көңілсіз жүрсің?
Еркежан: Бүгін менің туған күнім, бірақ маған ешкім сыйлықтар жасамады.
Тәрбиеші: Сен сыйлыққа не қалайсың?
Еркежан: Көп ойыншықтар қалаймын.
Балалар Еркежанға сыйлық жасаймыз ба?
Ал сендер ойыншықтар қайда сатылатынын білесіңдер ме?
Сендердің аналарың базарға, дүкенге немен, қандай көлік түрімен барады?
Олай болса біз көппіз дүкенге автобуспен барайық.
Автобуста адамдар қалай отырады?
Кәне автобус қалай жүреді?
Міне балалар ойыншық сататын дүкенге келдік.
Дүкенде сатушы апай істейді апаймен амандасайық.
Сәлеметсіңдер ме балалар сендер неге келдіңдер?
Біз не үшін келдік?
Сатушы: Олай болса міне ойыншық түрлері, сендер қандай
ойыншық қалайсыңдар?
Мен сендерге ойыншықтардың қандай заттардан жасалғаны жайында түсіндіріп өтейін.
Сендер ойыншық атауларын білесіңдер ме?
Мынау қандай ойыншық?
Доптың пішіні қандай?
Түсі ше?
Осы ойыншық доп балалар жұмсақ резинадан жасалған ұстап көріңдерші қатты ма, жұмсақ па?
Балалар біз апайға доп туралы жаттаған тақпағымызды айтып берейікші.
Рақмет балалар сендер тақпақты жақсы айтады екенсіңдер.
Резинадан жасалған ойыншықтардан қоян, күшік бар.
Ал мынау не?
Машина қандай жолмен жүреді білесіңдер ме?
Ал мынау не?
Ол қайда ұшады?
Ал мынау не ол қайда жүреді?
Керемет білімді балалар екенсіңдер осы кеме, ұшақ, көлік ұстап көріңдерші бұлар қатты пластмассадан жасалған.
Ал мына ойыншықтар не екен?
Аю мен қоян қайда өмір сүреді?
Тәрбиеші: Балалар аю, қоян туралы тақпақтарымызды айтып берейік апайға.

Рақмет балалар мен сендерге риза болып тұрмын.

Ал күшік ше?
Кімдердің досы?
Күшік қалай дыбыс шығарады?
Өте жақсы айтыңдар.
Ал осы ойыншықтар жұмсақ матадан жасалған ұстап көріңдерші.
Бұл ойыншықтар жұмсақ па, қатты ма?
Ал енді достарыңа қандай ойыншық сатып аласыңдар?
Олай болса мен сендерге көмектесейін сендердің достарың туған күн иесі ұл ма, қыз ба?
Ал қыздар машина мен ойнай ма?
Олай болса сендер Еркежанға мына ойыншықтарды алыңдар.
Менде екі аю бар қараңдаршы,
сендерге қай аю керек.
Бұл аюлардың айырмашылығы неде?
Қайсысын аламыз?
Тағы не алайық.
Балалар дүкеннен заттарды тегін аламыз ба ойыншықтардың ақысын төлемейміз бе?
Міне мен барлық ойыншықтардың ақысын төледім енді ойыншықтарды алуға болады.
Сатушы апайға не айтамыз бізге ойыншықтар туралы көп ақыл кеңес айтып берді.
Сатушы: Сендерге де рақмет, енді ойыншықтардың қандай заттардан жасалатындарын білдіңдер естеріңнен шығармаңдар.
Сау болыңдар!
Балалар біз Еркежанға жету үшін бой сергіту сәттерін айтып барайық сол кезде тез жететін боламыз.
Сергіту сәтті. «Ұшақ»

Міне тобымызға да келдік.
Енді орнымызға жайғасайық.
Еркежанға әкелген сыйлықтарымызды берейік.
Әр бала өздері таңдап алған ойыншықтарды Еркежанға сыйлайды, және әр ойыншық туралы айтып береді.

Еркежан: Рақмет сендерге балалар сендер маған көп ойыншық сыйладыңдар.
Мен енді осы ойыншықтарымды достарыма көрсетіп олардың қандай заттан жасалғаны жайында айтып беремін. Сау болыңдар!
Рақмет сендерге.

Балалар: Сәлеметсің бе Еркежан!
Балалар тыңдап отырады.
Ия, Еркежанға сыйлық жасайық.
Ойыншықтар сататын дүкенде сатылады.
Машина мен, автобуспен барады.
Бірінің артарында бірі отырады.
Балалар көлік жүрісін, дауысын салып шеңбер бойымен жүріп ойыншық сататын дүкенге келеді.
Сәлеметсіз бе апай!
Еркежанның туған күніне сыйлыққа ойыншық алуға келдік.

Ия білеміз.

Бұл ойыншық доп.
Доптың пішіні дөңгелек.
Түсі қызыл.
Балалар ұстап көріп жұмсақ екенін айтады.
Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап,
Үстел үстін бүлдірдің,
Тарелканы сындырдың.

Ол машина, көліктер.
Көліктер түзу жолмен жүреді.
Ол ұшақ. Ұшақтар әуеде ұшады.
Бұл кеме суда жүзеді.
Балалар ұстап көріп қатты екенін айты.
Аю, қоян, күшік.
Аю, қоян орманда өмір сүреді.

Әсем.
Ақ қоян – ау, ақ қоян,
Үркек қоян сақ қоян,
Қаша берсең қалыңға
Қорқағым деп ат қоям.

Әли. Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп теріп алады,
Қалтасына салады.

Күшік адамдардың досы үйді күзетеді.
Ит аф - аф - аф деп үреді.
Балалар ойланады.

Оның аты Еркежан ол қыз.
Жоқ, машина мен ұлдар ойнайды.

Біреуі үлкен, біреуі кішкентай.
Өз таңдағандарын алады.
Балалар қоян, доп ойыншықтарын таңдап алады.
Рақмет, сау болыңыз!
Балалар қуана келіседі.
Ұшақ ұшады әуеде гу - гу - гу.
Көлік жолда жүреді вын - вын - вын, бип - бип - бип.
Отарба былай жүреді буп - шик - шик.

Еркежан туған күніңмен мынау доп.
Бұл резинадан жасалған жұмсақ, пішіні дөңгелек, түсі қызыл.
Ал мынау қоян бұл жұмсақ матадан жасалған.
Мынау күшік бұлда матадан жасалған жұмсақ.
Мынау қоян бұлда резинадан жасалған жұмсақ.

Сау бол Еркежан Туған күніңмен!
Рефлексивті - қорытындылау
Ал балалар бізге кім келді?
Еркежанға біз не сыйладық?

Ойыншықтар қандай заттардан жасалады екен?
Еркежанға қандай ойыншықтар сыйладық?
Ойыншықтарды қайдан алдық?

Дүкенге немен бардық?
Ойыншықтарды сындыруға болама?
Сендер бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетке белсен қатыстыңдар.
Рақмет сендерге.
Қонақтарға сау бол айтамыз. Еркежан келді.
Ойыншықтар сыйладық.
Бүгін еркежанның туған күні екен.
Ойыншықтар резинадан, пластмассадан, жұмсақ матадан жасалады.
Аю, қоян, доп, күшік.
Ойыншықтарды дүкеннен сатып алдық.
Дүкенге автобуспен бардық.

Ойыншықтарды сындыруға болмайды.
Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар ойыншықтардың қандай заттардан жасалатыны жайында хабардар болды.
Қалыптасқан әдет: Балалар оқу іс - әрекетіне қызығушылық танытады. Тақпақтарды жақсы айтады. Ойыншық атауларын неден жасалғандары жайында білді.
Істей біледі: Балалар оқу іс - әрекетіне белсене қатысып, қойылған сұрақтарға жауап бере білді. Қызығушылық танытады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×