Павлодар облысы, Екібастұз қаласының
№26 мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Батаева Үміткен Еркінқызы
Әліппемен қоштасу.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Тойымызға қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарыңыздың сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. балаларыңыздың осы қара шаңыраққа аттаған қадамдары құтты болсын. Тойларыңыз тойға ұлассын. Бүгінгі тойымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Көздерімізді жұмып, көз алдымызға ертегілерді елестетейік.
Қандай ертегілерді естеріңе түсірдіңдер? Айтып беріңдерші?
Бауырсақ ертегісі.
Кәне бұл ертегіні бізге кім айтып береді.
Ертеде шал мен кемпір болыпты. Шал кемпірге: Кемпір, менің қарным ашты, бауырсақ пісірші! – депті. Кемпірі үйде ұн жоқ дейді. Қаптың түбін қырып ал!- дейді шал.
Кемпір бауырсақ пісіріп, шалға алып келеді. Шал: терезені ашып қоя тұр, ыстық екен, суысын дейді. Терезені ашып, бауырсақты суытып қояды. Бауырсақ домалап жерге түсіп, қашып кетеді.
Атамнан да құтылдым
Апамнан да құтылдым – деп әндетіп келе жатып, балаларға кездеседі.
- Ой мына жерде той болып жатыр екен гой? Бұл не той?- деп сұрайды.
Балалар: әліппемен қоштасу тойы - жеп жауап береді.
Сол кезде алдынан Қасқыр шығады.
Бауырсақ, бауырсақ - мен сені жеймін дейді. Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді.
Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз сізге тақпақ айтып, ән де шырқап береміз.- дейді.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2 - оқушы: Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштассаң
Өсті білім бойымыз
Құтты болсын тойымыз!
3 - оқушы: Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз!
4 - оқушы Өсті міне бойларың
Өсті ақыл – ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Хор:
Қасқыр кетіп қалады.
Осы кезде Әліппе ортаға келеді.
Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғалымның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Әліппе: Балалар сендер мені оқыдыңдар. Сонда сендер менен не үйрендіңдер?
Оқушы: Жұмбақ, жаңылтпаш, өлең үйрендік. Жазуды үйрендік. Енді кез - келген кітапты өзіміз оқи аламыз.
Әліппе: Олай болса, менің сендерге жасыратын жұмбақтарым бар. Кәне, соны шешіп көрейік.
Қабат қабат қаптама
Ақылын болса аттама
Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан Аю шығады:
Бауырсақ, бауырсақ - мен сені жеймін дейді. Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді.
Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз саған мақал - мәтел жалғастырып, ән айтып береміз - дейді.
1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
2. Оқу - білім бұлағы,
Білім өмір шырағы
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Ақыл тозбайтын тон
Білім таусылмайтын кен.
: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Мұғалімнің айтқанын
Зердемізге тоқимыз.
11 - оқушы: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
- оқушы: Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
19 - оқушы: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Еңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа
20 - оқушы: Оқуды көп ойладың
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.
Ән:
- оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға «Ана тілін» аламыз
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Әліппе: Дұрыс, балалар сендер мені оқып бітірдіңдер, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендерге ары қарай білім беретін мына Ана тілі болады.
Ендеше балалар барлығымыз ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар.
Сәлем, достар, аман ба?
Аман болған әманда,
Ана тілін ардақтар,
Ата - бабам, анам да,
Туған тілдің тілімін,
Ақылы мен танымын
Таныстырар бәріне
Ан тілі пәнімін
Ана тілі ұраным
Ана тілім - құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
Аю кетіп қалады.
Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан түлкі шығады:
Бауырсақ, бауырсақ - мен сені жеймін дейді. Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді.
Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз саған есептер шығарып, ән айтып береміз - дейді
Ал, ойланыңдар: Ойда жүр бес ешкі,
Қырда жүр бес ешкі,
Болады сонда неше ешкі?
Хормен: Болады сонда он ешкі.
Түлкі: Өте жақсы.
Бастаңдар енді санамалық,
Кім ұшқыр да, кім ұтқыр.
Оннан кері саналық.
Жауаптар:
10 - ешкі ойда жүр.
9 - ешкі торда тұр.
8 - і серке екен.
7 - уі жеке жүр.
6 - уы алды екен.
5 ешкі бесте екен
4 ешкі тойған екен
3 ешкі жайылуды қойған екен
2 ешкі секіріп тұр
1 ешкі «кекіріп» тұр.
Түлкі кетіп қалады.
Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан айдаҺар шығады:
Бауырсақ, бауырсақ - мен сені жеймін дейді. Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді.
Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз саған есептер шығарып, ән айтып береміз - дейді
АйдаҺар:
Жаңа жыл шыршасын құрып қойыпсыңдар. Бұны кім безендірді? Егер шыршаны менің көңілімнен шығатындай етіп безендірсеңдер, мен ренжімеймін. бауырсақ келер жылы менің жылым ғой.
Боялған әр түрлі ойыншықтар үлгісімен безендіру. 10көлеміндегі қосу, азайтуға арналған тапсырмалар беріледі.
Әліппе: шырша безендірілді айдаҺармен дос болдындар. Енді мен сендермен қоштасамын. менің орныма ана тілі қалады. Мектептің әр пәнін жақсы оқып, үлкен азамат болып шығыңдар Ал сау болыңдар.
Хор: Қош бол құтты әліппем.
Әліппемен қоштасу
- Үміткен
- 8 ақпан 2013
- 9434
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әліппемен қоштасу, сценарий, ертеңгілік
Ұқсас жаңалықтар:
«Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты: Балаларға көркем шығарманы тыңдауға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулерін қорытындылап бекіту; олардың сөздік қорларын ұлғайту;...Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Оқушылардың білімдерін тексеру, оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Ертегі кейіпкерлерінің образына еніп, сахнада өзін еркін ұстай білуге...Бауырсақ кетті домалап
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті «Балдәурен» балабақшасының музыка жетекшісі Болатбаева Самал...Білім басы - Әліппе!
«Әліппе, саған мың алғыс!»..."Алтын күз"
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.