Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды оқыту.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға көп таңбалы сандарды оқуға және жазуға үйрету, құрамында І және ІІ класстардың бірліктері кіретін көп таңбалы сан жасай білу дағдысын қалыптастыру, санды салыстыру разрядтық қосылғыштардың қосындысы түріне ауыстыра білуге үйрету;
ә) тәрбиелік: өз өлкесін мақтан етуге және оның тарихын сыйлай білуге тәрбиелеу;
б) жалпы мәдениетті дамытуға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және еске сақтай білу қабілеттерін дамытуға үлес қосу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Көрнекілігі: Сабақтың қонағы – барыс, "класс және разрядтар таблицасы", "өзен – көлдер иллюстрациясы".
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. Сендерге көтеріңкі көңіл – күй, осы сабақты сәтті меңгерулеріңе тілектеспін.
ІІ Оқушыларды жаңа материалды белсенді түсінуге даярлау.
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс – әрекеті
- Балалар, бізге бүгінгі сабағымызға қонақ келіпті. Ол қонағымыз кім екенін мына тапсырманы орындаған соң біле аламыз.
- ІІ кластың 2 бірлігінен және І кластың 1 ондығынан, 1бірлігіненен тұратын санды атаңдар.
- Бұл жылдың иесі кім?
- Қоян өзінің сүйкімділігімен, қорқақтығымен белгілі. Он екі жылда ол тағына қайта келді. Дүниежүзінің түпкірінде не болып жатқанын білгісі келіп, біздің елімізге ең ұзын және суы мол Ертіс өзенімен жүзіп келді. Оны не қызықтарды екен?
- Әрине осы! Қазақстанның өзен – көлдері.
- Қоянды «Қазақстанның өзен – көлдерімен» таныстырмас бұрын біз көп таңбалы сандарды оқып үйренуіміз керек.
- 2011
Қоян
- Өзен – көлдер...
1 Алакөл – Алматы мен ШҚО – тарының аралығында орналасқан үлкен көл. Ұзындығы 104 км, ең терең жері – 54м, ең терең жағалауының ұзындығы 384 км. Алакөл жүйесінің су жиналған алабы 48, 000 км². Алакөл балыққа бай: алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан т. б. Мұнда құстардың да 300 түрі бар, олардың 38 – і қызыл кітапқа енген қанаттылар. Мысалы: реликті шағала, бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар. 1999 жылы көл жағалауының табиғатын сақтау үшін Алакөл қорығы ашылды.
1. Сандарды өсу ретімен жаз
2. Ең үлкен санның тікелей алдында және тікелей кейін орналасқан санды ата
3. 6 – санды разрядтық қосылғыштармен алмастыр
Ертіс – республикамыздағы ең үлкен өзен. Оның жалпы ұзындығы – 4248 км. Оның Қазақстандағы ұзындығы 1700 км. Өзеннің орташа жылдық ағыны 28 мың км. Ертіс "иір өзен, иір су" деген мағынаны береді. Бұл өзен арқылы кеме қатынасы жүреді. Ертіс қалаларды, өндірісті егінді алқаптарды сумен қамтамасыз етеді. Ертістің 75 – ке жуық су қоймасы бар.
1. Ең үлен санның кластар бірліктерін ата
2. Нөлі бар санды теріп жаз. Нөл қай разряд бірліктерінің орнына жазылған?
3. Бірінші санды разрядтық қосылғыштармен алмастыр.
4. Ең үлкен сандарды кластарға жіктер
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.
"Класс және разрядтар таблицасы" бойынша жұмыс.
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс – әрекеті
- Балалар мына таблицаға қараңдаршы. Әр санның құрамында екінші кластың неше бірлігі бар?
- Әр санның құрамында бірінші кластың неше бірлігі бар?
- Бірінші кластың бірліктерін жазу үшін неше цифр қолданылған?
- Екінші кластың бірліктерін жазу үшін ше?
- Балалар, ал енді мына сандарды оқиық. Алдымен мыңдықтар класында неше бірлік барын анықтаймыз?
- Мыңдық класының бірліктерін мың санын қосып оқыңдар, содан кейін бірінші кластың бірліктерін оқыңдар. - 3, 695, 200, 402, 80, 2 бірліктер.
- 590, 708, 410, 981, 300 бірлік
- 3 цифрдан
- 4, 6, 6, 6, 5, 4,
- 3, 695, 200, 402, 80, 2 бірлік
Үш мың бес жүз.
Есіңде болсын!
Көп таңбалы сандарды жоғарғы кластан бастап оқиды. Ол үшін алдымен санды оң жақтан бастап, үш – үш цифрдан топтап, кластарға бөледі. Сонда жоғарғы класта бір, екі немесе үш цифр болуы мүмкін. Сонан соң әр кластың қанша бірлігі бар екенін анықтайды. Жоғарғы мыңдар класының бірліктеріне кластың атауын қосып оқиды, соған жалғастырып бірінші кластың бірліктерін оқиды.
Ал енді біз Ертіс өзені туралы мәлімет алайық.
- Ертіс – республикамыздағы ең үлкен өзен. Оның жалпы ұзындығы – 4248 км. Оның Қазақстандағы ұзындығы 1700 км. Өзеннің орташа жылдың ағыны 28 мың. км. Бұл өзен арқылы кеме қатынасы жүреді. Алқаптарды сумен қамтамасыз етеді. Ертістің 75 – ке жуық су қоймасы бар.
ІV Жаңа тақырыпты бекіту.
Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушы іс – әрекеті
- Ал қазір оқулықтың 23 бетіндегі №3 есебін ашыңдар.
Тапсырманы оқыңдар.
- Қандай сан шықты?
- Екінші кластың 180 бірлігінен, бірінші кластың 540 бірлігінен санды оқы және жаз.
- Екінші кластың 810 және бірінші кластың 506 бірлігінен тұратын санды оқы және жаз.
- Екінші кластың 801, ал бірінші кластың 6 бірлігі бар санды оқы және жаз. - Санды оқы және жаз: екінші кластың 108 бірлігінен, бірінші кластың 546 бірлігінен тұратын санды атап жаз.
- 108, 546.
- 180, 540.
- 810, 506
801, 006
- Алакөл – Алматы мен ШҚО – ның аралығында орналасқан көл.
№4 тапсырма.
Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушының іс - әрекеті
- 4 жүздіктен және 1 бірліктен тұратын санды оқы және жаз.
- 104 км – бұл Алакөлдің ұзындығы
- Ал енді 2 мыңдық бірліктен, 6 жүздік, 5 ондықтан тұратын санды жаз.
- Осы санды разрядтық қосылғыштардың қосындысымен алмастыр. - 401
- 2650
- 2000 + 600 + 50.
- Ұзындығы 401 км, ең терең жері 54 м, көлемі 2650 шаршы шақырым Алакөл көлінде құстардың 300 түрі, балықтардың 1000 – нан аса түрі бар.
№ 6 тапсырма.
Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушының іс – әрекеті
- Бірініші санның құрамында барлық неше ондық бар?
- Неше жүздік бар?
- Екінші санды барлығы неше мыңдар бар?
- 1999 санының құрамында екінші кластың неше бірлігі бар?
- Бірінші кластың неше бірлігі бар? - 30980 ондық
- 3098 жүздік
- 506 мыңдық бірлік
- Екінші кластың 1 бірлігі
- 999 бірінші кластың бірлігі.
- Мысалы: реликті шағала, ақ құтан, қара құтан, бір қазандар Алакөл аумағында мекен етеді. 1999 жылы көл жағалауында табиғатын сақтау үшін Алакөл қорығы ашылды.
V Өткен материалды қайталау:
1. Есепті оқып, есептер шығар.
1. 1 Ертіс өзенінің ұзындығы – 1700 км, ал Алакөл көлінің ұзындығы – 1229 км-ге қысқа. Алакөлдің ұзындығы неше км?
1. 2 Ертіс өзенінің ұзындығы – 1700 км, ал Алакөлдің ұзындығына 1229 км-ге ұзын. Алакөлдің ұзындығы неше км?
Есепті талдау.
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс – әрекеті
- Есепте не туралы айтылған?
- Есепте не белгілі?
- Нені табу керек?
№1
Ертіс өзені – 1700 км
Алакөл -? 1229 км қысқа
Шешуі:
1700 – 1229 = 401 (км)
Жауабы: 401 км. - Өзен - көлдер туралы
- Ертіс өзенінің ұзындығы, Алакөлдің ұзындығы 1229 км – ге қысқа екені.
- Алакөлдің ұзындығын.
№2.
Ертіс өзен – 1700 км, 1229 км ұзын
Алакөл -? (км)
Шешуі:
1700 – 1229 = 401 (км)
Жауабы: 401 км.
2. Осы есептердің әрқайсысына 2 кері есеп құрастырыңдар.
2. 1 Алакөлдің ұзындығы 401 км, ал Ертіс өзені одан 1229 км ұзын. Ертіс өзенінің ұзындығы неше км-ге тең?
2. 2. Алакөлдің ұзындығы 401, ал ол Ертіс өзеніне қарағанда 1229 км-ге қысқа. Ертіс өзенінің ұзындығы неше км?
№ 1.
Алакөл – 401 км.
Ертіс өзені -? 1229 км – ге ұзын.
№2.
Алакөл – 401 км, 1229 км – ге қысқа.
Ертіс өзені -? км.
Шешуі:
401 + 1229 = 1700 (км)
Жауабы: 1700 км.
VI Үйге тапсырма беру.
- Жарайсыңдар, балалар. Біздің қонағымыз сендерге өте риза екен, сендер өз елдеріңнің көлдерін, математиканы жақсы біледі екенсіңдер. Сендер оған қатты ұнадыңдар және ол енді сендерге үй тапсырмасын ерекше түрде бергісі келеді екен:
Қоян:
- Күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазыңдар:
- 2 ондықтан 4 бірліктен тұратын сан кітаптың бетінің нөмірі (24 бет).
- Ал тапсырманың нөмірі бірінші кластың бірлігіне тең (7).
VII Сабақтың барысы.
- Сабақтың рефлексиясы.
- Сендер сабақта не үйрендіңдер?
- Сабақта ең қызықты қандай жағдай болды?
- Сендердің естеріңде ерекше не қалды, не ұнаған жоқ?
2. Жауаптарға пікір айтып және бағалау.
- Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар.
Көп таңбалы сандар
- Гульфия
- 7 ақпан 2013
- 39620
- 0
- 0
Ілмек сөздер: көп таңбалы сан, бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Білімді тиянақтау. Математика
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, № 41 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Дусенбаева Рауза Ареновна...Тест. Математика 2 сынып (III тоқсан)
Тест Математика 2 – сынып (III тоқсан)...Математикалық жатжазу 3 сынып
Өрнектің мәнін тап. 1. Қандай сан 5 - тен 8 есе көп болады? 2. 45 санын 9 есе кеміт. 3. 36 мен 4 - тің бөліндісін тап....Білім тексеру сынағы
А – нұсқасы 1. Амалдарды орында, дұрыс жауабын тап. 28468: 2 – 2984...Математика 3 сынып тест
Математика 3сынып № 1 тест 1. Алты жүз тоқсан сегіз санының дұрыс жазылуын белгіле. A) 608. B) 689. C) 698. D) 609....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.