Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сыйластыққа себеп көп
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: ұлттық салт-дәсүрімізбен таныстыру;
ә) тәрбиелік: қонақты күте білуге үйрету, сыйластыққа, әдептілікке тәрбиелеу;
б) дамытушылық: шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: плакат, слайд, маркерлер, баян (музыкалық аспап), видеокамера, микрофон, шәйнек, сүлгі, аяқ киім
Түрі:
Типі: жаңа сабақ
Әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, сахналау, топпен жұмыс, тест
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Өтілетін орны: мультимедиа кабинеті
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрап, бағалау
1. Топтарға тапсырма
1 топ
Тест тапсырмасы
1. Отбасына кімдер жатады?
к) ата
қ) жанұядағы барлық адамдар
л) көрші
2. Отбасы деген не?
о) Отбасы - әр адамның шағын отбасы
ө) Отбасы – екі адамның ерікті қоғамы
3. Отбасы қорына не жатады?
н) отбасы табысы
ң) отбасы шығыны
4. Қонақ түрлерін ата
А) арнаулы қонақ, құдайы қонақ
ә) сыпайы қонақ
б) дөрекі қонақ
5. Мақалды аяқта: «Сіз» деген - әдеп,
«Біз» деген -...........
к) ақша
қ) көмек
л) байлық
Кілті 1 2 3 4 5
-------Қ о н а қ
2 топ
Қайталауға арналған сұрақтар:
1. Неке деген не?
2. Отбасына кімдер жатады?
3. Өз отбасыңда кімдер табыс табады?
4. Отбасының мүлкі дегенге не жатады?
5. Отбасының «қоры» дегенді қалай түсінесің?
6. Қонақтың қандай түрлері бар?
7. «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?
3 топ
Даналық сөздер қима қағаздарға жазылып беріледі. Соларды құрастырып, мағынасын түсіндіру
Инабатты болса - әйел көрікті,
Ақ сақал жарасса - шал көрікті.
Сүйікті болса - ағайын көрікті,
Өнегелі болса - бала көрікті.
Қорқыт ата
Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый.
Мұхтар Әуезов
Жасы кіші ініні
Ақылы артса аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап, жаға тұт.
2. Талдап, бекіте отырып бағалау;
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Күн, ай ретін, тақырыпты жазу
2. «Қонақ күту - өнер» көрініс көрсету (Үлкендерді, қонақтарды қарсы алу, амандасу түрлері, төрге отырғызып, жөн сұрасу қамтылады.)
3. Жыл мезгілдеріне тән ұлттық мейрам түрлерімен таныстыру, мағлұмат беру.
Көктем - «Наурыз» мейрамы
Жаз – «Шопандар» тойы немесе «Қымызмұрындық» тойы
Күз - «Сабан той»
Қыс - «Соғым той»
4. Оқулықпен жұмыс
4. 1. Мәтінді 3 топқа бөліп беру. Өздері оқып, өзара талдап, мазмұнын айтады. (Қолға су құю, сүлгі беру, аяқ киім ұсыну ретін көрсету)
4. 2. Оқулықта берілген сұрақтарды пайдаланып, әңгіме мазмұнын ашу
4. 3. Сергіту сәті
Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді, көңілді.
Би билейміз ырғақты, ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты, сабақты.
5. Бекіту.
5. 1. Топ мүшелері берілген тапсырмаға орай, кестені толтыру керек.
(Плакаттар беріліп, түсіндіріледі. Оқушылар орындап болғанша «Той әні» музыкасы қойылады.)
1 топ тапсырмасы
Той түрлері
Кішкентай балаға арналған той
Жастардың отбасын құру тойы
Шілдехана, бесік той, тұсау кесу, сүндет той, тоқымқағар, тілашар Құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, беташар
2 топ тапсырмасы
Қонақасында сыбағалы мүше тарату
Кісілер Сыбағалы мүше
Құдаға, үлкен кісілерге, сыйлы адамдарға - Бас, жамбас
Күйеу балаға - Төс пен асықты жілік
Қыз - келіндерге - Құйымшақ
Балаларға - Құлақ
3 топ
Тойға дайындық жұмыстары
Сыйлық - Орамал, көйлек, гүл, шапан, кітап, т. б.
Дастархан мәзірі - Бешбармақ, бауырсақ, қазы, қымыз, шұбат, шай, т. б
Ойындар – «көршіңмен татусың ба?», «Сақина салмақ», «ақ сүйек», т. б.
5. 2. Ауылдың алты ауызы мен қонақкәде сұрау, ретімен орындату
IV. Үйге тапсырма: әңгіменің мазмұнын айту, ұлттық салт-дәстүрлер: сүйінші, көрімдік, байғазы сұрау ретін жазып келу.
V. Бағалау
VI. Қорытындылау
Сұхбат алу.
- Оқушылар, бізге «Қоғам ТВ» телеарнасының штаттан тыс журналисі сұхбаттасуға келген екен. Сол кісінің сұрақтарына жауап берелік. (1 оқушы журналист, 1 оқушы оператор)
Журналист сұрақтары:
1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2. «Қонақ» деп кімдерді айтамыз?
3. Қандай жағдайда арнаулы қонақ шақырылады?
4. Қонақты қарсы алу мен шығарып салуды қалай түсінесің?
Сыйластыққа себеп көп
- Ануза
- 20 қаңтар 2013
- 13205
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қонақты қарсы алу мен шығарып салу, әдеп, дүниетанудан сабақ жоспары, бастауыш, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Қонақты қарсы алу дәстүрі. Қазақ халқының қонақ күту ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға жаңа материалды меңгерту. Оқушыларға қазақтың салт - дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып...Қонақжай
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...Ынтымағы жарасқан отбасы
Пән: Көркем әдебиет Сынып: МАД тобы Мерзімі: 16 – қараша Мұғалім: Жиенбаева Л.Ш....Аққұс туралы аңыз
Қызылорда қаласы, №7 орта мектеп Шамшатова Ануза Аманжолқызы...Отбасының берекесі
Авторы: Шотыбасова Анар Асановна Қарағанды облысы сәтбаев қаласы Ы.Алтынсарин атындағы № 19 орта мектебі Білімі: жоғары Сабақтың тақырыбы: Отбасының...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.