Сайтқа кіру Тіркелу

64·48; 3072:64 сәйкес қалдықпен бөлу

Математика4 сынып
Сабақтың тақырыбы: 64·48; 3072: 64 сәйкес қалдықпен бөлу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 64·48; 3072: 64 түріндегі мысалдарды шығаруды, сәйкес қалдықпен бөлуді үйрету;
Дамытушылық: Есептер мен тапсырмаларды орындау барысында тез есептеу, есте сақтау қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту;
Тәрбиелік: «Табиғат тамашаларын» қызықтай отырып, тапсырмаларды орындау, экологиялық тәрбие беру, салауатты өмір салтын ұстану.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тапсырмалар, ойлан, тап.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалдарын оқып үйрену сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау (үй тапсырмасы тексеріледі)
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?
- Ал, қыста сендер саяхаттап, серуендеп көрдіңдер ме?
- Ал, бүгін, біздің сабағымыз ерекше! Өйткені біз табиғат аясына саяхатқа шығып, тамашалаймыз.
- Саяхатқа шықпас бұрын киіміміз жылы болу керек. Сонымен қатар алда кедергіле болса, мүдірмей өту үшін алдымен мына тапсырмаларды орындайық.

ІІІ Жаңа тақырыппен жұмыс
1. Көбейткіштерді баған түрінде жазамын...
2. Санға бірлікті көбейтемін: 64·8
Бірінші бағанға толымсыз көбейтінді 512 шығады
3. Санға ондықты көбейтемін 64•4
Екінші толымсыз көбейтіндіні ондықтың астынан жаза бастаймын. Екінші толымсыз көбейтінді 256 ондық шығады
4. Толымсыз көбейтінділерді қосамын
5. Жауабын оқимын: 64 пен 48-дің көбейтіндісі 3072-ге тең.

1. Бөлінгіш пен бөлгішті бұрыштап жазамын
2. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 307 ондық. Бөліндінің мәні екі таңбалы сан. 307 -ні 64-ке бөлу керек. Ол үшін 307-ні 60-қа бөлеміз. 307-ні 10-ға бөлсек, 30 шығады, 0-ды 6-ға бөлсек, 5 шығады. Бұл байқау цифры. 5 цифры сәйкес келе ме тексереміз.
64•5=32 ондық. Салыстырамыз 320 >307. Демек, 5 цифры сәйкес келмейді. Енді 4 цифрын қойып көреміз, дәл келеді, өйткені қалдық 51. Ол 64-тен (бөлгіштен) кіші.

3. Екінші толымсыз бөлінгіш-512. 512-ні 64-ке бөлу керек. Ол үшін 512-ні 60-қа бөлеміз. 512-ні 10-ға бөлсек 51 шығады. 51-ді 6-ға бөлсек, 8 шығады. Бұл байқау цифры. 8 цифры сәйкес келе ме, тексереміз. 64·8=512. Бұл сәйкес келеді.

4. Жауапты оқимын: 3072-нің 64-ке бөліндісі 48-ге тең.

ІҮ Тапсырмалар мен есептерді орындау.
- Міне, көрдіңдер ме, біз саяхатқа шығуға толық дайын болдық.
- Ауа қандай тамаша! Ағаштар бейне бір ақ көрпе жамылғандай!
Бізге бүгін қонаққа суықторғай келіпті. Бізге әкелген хаты да бар екен.
Олай болса, суықторғайдың хатын оқиық:
Балалар, саяхатқа шығуларыңмен! Жақсы демалыс болсын! Саяхаттарың көңілді өтсін! Кәне, бәріміз саяхатқа шығайық!
Ол бізді табиғат аясына демалуға шақырады. Барамыз ба, балалар! Қысқы әлемнің ең тамаша жеріне апарғысы келеді. Ол үшін біз суықторғайдың тапсырмаларын орындап отыруымыз шарт. Орындаймыз ба? Суықторғаймен бірге саяхатқа шығу үшін балалар, бірлесіп, екі-екіден жүруіміз керек. әр тапсырмаларды жұп-жұп болып орындай отырып, мақсатты мекенімізге тезірек жетіп алуымызға болады. Ал, ол жердің қандай екенін барған соң көретін боламыз. Берілген тапсырмаларды орындап, есептерді дұрыс шығара алсақ, асу-асу белдерден сырғанап өтіп, қысқы әлемнің ең тамаша жеріне тез жетеміз! Олай болса, іске сәт!

№ 2 бөлуді орында және тексер:

5561: 67
5561: 83
2496: 48
2496: 52

- Тапсырманы дұрыс орындадық. Олай болса, қыс әлемінің тамаша жеріне барар алғашқы асудан асайық.

№3 тапсырманы: қалдықпен бөлуді орында:
5627: 64
6489: 48
5512: 83
2471: 52

№4 тапсырма
Нан зауыты 430 центнерден 10 вагон арпа ұнын және 500 центнерден 7 вагон бидай ұнын қабылдады. Барлығы қанша ұн қабылданды? Арпа ұны бидай ұнынан қанша артық?

№5 тапсырма
Автобус жолда 4 сағат болып, 280 км жол жүрді. Алғашқы екі сағатта ол 138 км 300 м, үшінші сағатта 71 км 700 м жүрді. Автобус төртінші сағатта қанша жол жүрген?

г) Сергіту сәті
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8,
“Мектеп – кеме, білім – теңіз”!
Ойнадық біз, тойладық біз,
Демаламыз, бой сергітеміз!
Шаңғыменен сырғанап біз,
Кедергіден жол табамыз!
Ойнаймыз да, ойлаймыз да,
Оқуға зор ынта аламыз!

- Аздап жұмыс жасадық. Енді біраз демалайық.
№7 тапсырма.
а) 9000-ды 18 есе кемітіп, шыққан нәтижені 9 есе арттыр.
ә) 86 мен 82-нің көбейтіндісін 1025-ке кеміт.
б) 3025 және 986 сандарының қосындысын 7 есе кеміт.
в) 1800 бен 30 сандарының көбейтіндісін 27 есе кеміт.

№8 тапсырма
Үшбұрыштың қабырғалары х см, 5см және 3см, ал периметрі 12 см. Теңдеу құрып, үшбұрыштың белгісіз қабырғасын тап.

№9 тапсырма «Кім тез?» ойыны
500·2: 1000·20-20+5007
32 · 40: 10: 32: 4 · 2492-2492

ІҮ Қорытынды
е) Міне, бізді саяхатқа жетелеген суықторғайымыз межелі жерге жеткенімізге белгі берді. Бұл қысқы әлемнің ең тамаша жері екенін саяхатымыз басталмай тұрып айтқан болатынбыз. Ал бұл әлемнің сыры неде екен? Назар аударайықшы, балалар!
Бұл әлемнің сырын білмей тұрып, біз «Ойлан, тап» ойнап көрейік.

«Ойлан, тап!»- орындау, фигуралардың аудандарын салыстыру
Екі ұшы жалғанып, тұйықталған жіпті тор көз дәптердің таза парағына қойып, әр түрлі пішіндегі фигуралар, мәселен, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы және дөңгелек жаса. Тор көздерді санау арқылы осы фигуралардың әрқайсысының аудандарын тауып, оларды салыстыр. Не байқадың? Ең үлкен ауданды қамту үшін жіпке қандай пішін беру керек екен?
Қарайықшы, балалар, суықторғай бізді қандай жерге алып келген екен? Талай асулардан өтіп, талай тапсырмаларды орныдай отырып жеткен жеріміз білім еліндегі «математика» белесі екен. Осы белестен біз өзіміз орындаған тапсырмаларымызға қарай, бағаларымызды да жинап алуымызға болады.

Ү Бағалау
ҮІ Үйге тапсырма: №6 /163 бет/- теңдеулерді шешу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×