Қарағанды қаласы, Қазыбек Би ауданы
«№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Кордабаева Жулдыз Мухаметжановна
Сабақтың тақырыбы: Маңғыстау
Сабақтың мақсаты: Маңғыстау «қара алтынның» өлкесі екенін білу.
Міндеттері: Оқушылар барлық қазақстандықтар үшін Маңғыстау байлығының мәнін бағалайды.
Оқушылар пайдалы қазбаларды табу әдістерін көрсетеді. Оқушылар топқа бөлініп, сабақтың тақырыбы мен мақалдың арақатынасын белгілейді.
Көрнекілігі: жұмбақтардың шешуі болатын заттардың суреттері.
Сабақты өткізу әдістері: талқылау, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық икем.
Достығы жарасқан,
Сыйлы біз баламыз.
Келісіп бәрімен,
Татулық табамыз.
Бәріміз бір болсақ,
Бәрін де жеңеміз.
Күндей боп күлімдеп,
Таудай боп өсеміз.
Бақылау күнделігі бойынша жұмыс.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар салып келген суреттерін сыныптың ішіне іліп қояды. Үш-төрт оқушының жауаптарын тыңдау.
Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі. топтық жұмыс. Тапсырма. Талқылау, жұмбақты шешу, жауабына сәйкес келетін суретті табу.
1-топ. Қара азбан дем алыс жоқ бақырады,
Қол жоқ, сансыз саусақ батырады.
Тісімен қара жерді быт-шыт қылып,
Жер үстін борандатып шарқ ұрады. (Трактор)
2-топ. Қалмайды бір-бірінен тағы озбайды,
Аяғын көз ілеспес ол қозғайды.
Үстіне не салсаң да тиеп алып,
Қара інген ботасы жоқ құр боздайды. (Паровоз)
3-топ. Ақ сұңқар құсым ағып келеді,
Дауысы жерді жарып келеді.
Жолына бояу жағып келеді.
4-топ Қара кілем бар жайлы,
Жақын етер шалғайды.
Ол қала мен қаланы,
Ел мен елді жалғайды. (Асфальт жол)
5-топ Мінезін оның түсінгем,
Ашуы тамақ пісірген.
6-топ Белінен қыссаң аузынан,
Ақуыз оның шығады. (Тіс пастасы)
Жұмысқа 3-4 минут беріледі. оқушылардың үш тобы көліктің бензинмен жүретінін дәлелдесе, қалған үш тобы мұнайдың құрамындағы заттың қайда қолданылатынын көздерін жеткізеді.
Сұрақтар:
1. Трактор, паровоз, ұшақтың мұнайға қандай қатысы бар? Олар немен жүреді? Өміріне өз үлесін тигізу керек.
2. Асфальт жол, газ, тас пастасын не біріктіреді?
Барлық нұсқаларды таңдау. Бұлардың бәрі мұнайға қатысты екенін оқушының өзі айтуын күту немесе сұрақтар арқылы жетелей отырып шығару.
Сұрақтар:1. Бензин неден жасалады? Оны қалай жеткізеді?
Сендер отынның қандай түрлерін білесіңдер?
Ал мен қар жуатын ұнтақ пен бензин ағайынды деп айтамын. Кім растайды немесе айтқанымды жоққа шығарады. ?
Оқушылардың ойларын тыңдау.
IV. Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар. Тақырыпты және мақсатын хабарлау. Оқулықтың 124-бетіндегі мәтінді оқу. 124-беттегі суреттерді қарастыру, талқылау.
Сұрақтар:
1. Кім біледі: мұнай мұнараларын не үшін орнатады?
2. Сендер суреттен, кітаптардан көрдіңдер ме, мұнай мұнаралары қандай болады?
3. 124-125 бет, мәтінді оқу. 124-беттегі 1-2 азат жол.
Сұрақтар: 1. Жуатын ұнтақ пен бензин ағайындар деген менің пікіріме жауап таптыңдар ма?
2. Сендер өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?
125-беттегі мәтінді аяғына дейін оқу.
Дәптерге сызба құрастыру. Біз Маңғыстау туралы не білдік? Тақтада және дәптерде төмендегідей сызба шығады:
Маңғыстау
125-беттегі мәтінді оқуды жалғастырамыз және кестені жаңа мәліметтермен толықтырамыз.
1-2 оқушы кестедегі мәліметке сүйене отырып, Маңғыстау туралы айтып береді.
Ой-қиял. Топтық жұмыс. Тапсырма. Мақалдарды оқып, оныі бүгінгі тақырыпқа сәйкестігін анықтап беріңдер:
1. Ақыл-дария, ой-теңіз.
2. Ер елімен жақсы,
Жер кенімен жақсы
Талапты ерге нұр жауар.
Жұмысқа берілген уақыт 2 минут. Жауаптар мен пікірлердің тұсаукесері.
V. Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.
Маңғыстау
- Жузька
- 14 қаңтар 2013
- 5936
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, дүниетану, Маңғыстау, туған жер
Ұқсас жаңалықтар:
Заттардың пайда болуы мен оларға қол жеткізу
Оқу мақсаты: 6. 3. 3. 4 Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын атау және көрсету....Отынның энергиясы
Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану...Пайдалы қазбалардың түрлері
Мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен танысады Міндеттері: 1. Пайдалы қазбалар қайдан алынатыны жайлы мағлұмат алады. 2. Олардың қасиеттері мен...Жол
Ақтөбе қаласы №32 мектеп - гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектеп І cанаты бастауыш сынып мұғалімі Нурадинова Айнагүл Нурадинқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.