Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Майда тау жыныстарымен таныстырып, олардың адам өміріндегі маңызын түсінуге баулу. Алған білімдерін жүйелеп, бірлесіп, бір - біріне көмек көрсету арқылы жұмыс жасай білуге қалыптастыру.
Дамытушылығы: Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылықтарын арттыруға дағдыландыру. Тапсырма мен сұрақтар арқылы танымдық қабілеттерін анықтау.
Тәрбиелілігі: Табандылыққа, ұқыптылыққа, зеректікке, байқағыштыққа баулу. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, топтастыру, кесте толтыру, жүргізіп оқу, тәжірибе жасау, тест, «өзін - өзі жетілдіру».
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, сөзжұмбақ, көшпелі тақта, магнитті тақта, тірек схемалар, табиғат бұрышы, т. б.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Қажетті құралдарын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау, бағалау.
Үй тапсырмасын бөлімдер бойынша әңгімелеу.
І. бөлім - Тау жыныстары.
ІІ. бөлім - Граниттің ерекшелігі.
ІІІ. бөлім - Құмтастың пайдасы.
ІІІ. Үй тасырмасын қорытындылау.
«Сөзжұмбақ» шешу
1. Құм түйіршіктерінің бірігіп қатуынан пайда болған тау жынысы - құмтас.
2. Жер қыртысының терең қойнауында орналасқан қатты, тығыз тау жынысы - гранит.
3. Гранит қазақша қалай аталады?- түйіршікті.
4. Бидайды ұн қылып тарататын құралды қалай атаймыз?- диірмен.
5. Қазақстанның батысында өндірілетін сұйық тау жынысын ата - мұнай.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
«Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім
Макуова Нуршат Аманкосовна
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.