Сайтқа кіру Тіркелу

4-ке көбейту және бөлу

Қараой мектеп бала бақшасының
бастауыш сынып мұғалімі:
Мұхтарова Гүлмира Таңжарбайқызы
3 сынып

Сабақтың тақырыбы: 4-ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
1. 4-ке көбейту және бөлу білігін қалыптастыру.
2. Жазбаша, ауызша көбейту және бөлу дағдыларын қалыптастыра отырып, өз бетімен
жүйелі қорытынды жасауға дағдыландыру, логикалық ойлау белсенділігін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Болам десең – ғарышкер,
Болам десең – дәрігер,
Болам десең – инженер,
Ең керекті – математика,
Математика өмірде
Бар білімнің патшасы.

ІІ. Өткен материалдарды пысықтау.
Көркем жазу минуты
4, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49
(Ондығы 4 болатын сандарды жазу)
Біз не үйрендік
4-тің көбейту кестесін қалай құрамыз?
4*3+4=16
4*4=16
4*4+4=20
4*5=20
4*5+4=24
4*6=24
(Оқушылар өздері құрастырады

ІІІ. Миға шабуыл
1. Көбейтудің компоненттерін ата.
2. Бөлудің компоненттерін ата.
3. Салмақ өлшемдерін ата.
4. Ұзындық өлшемдерін ата.
5. Заттарды бір-бірімен біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
6. Заттарды бөліп алуда қандай амалды қолданамыз?
7. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесің?
8. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

ІҮ Математикалық диктант
1. 8*4 көбейтіндісінің мәнін тап.
2. Көбейтудің мәні мен бірінші көбейткішті салыстыр.
3. Көбейтудің мәні мен бірінші көбейткіштің бөліндісін жаз.
4. Көбейтудің мәні мен екінші көбейткішті салыстыр.
5. Көбейтудің мәні мен екінші көбейткіштің бөліндісін жаз.
6. Екінші көбейткіш пен бірінші көбейткіштің көбейтіндісін жаз.

Ү Ой сергіту жаттығулары
4 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал бір жұмыртқа неше минутта піседі?
1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр?
Үстел үстінде 8 май шам жанып тұр. Оның үшеуін өшірсе, неше май шам қалады?
Әжесі немересіне 6 қолғап тоқыды. Немересі нешеу?
ҮІ Оқулықпен жұмыс.
А) Қарлығашта --------------- бар.
Апасы----------берді.Бір----------тұрса
Қарлығаш неше дәптер сатып алған?
ә) Шыңғыстың --------бар.
Әрқайсысы------сатып алды. Оның қанша ақшасы қалды?

ҮІІ.Кім жылдам?
1.40 кг сәбіз және 20 кг қызылшаның 15 килограмы тамаққа пайдаланылды. Қанша кг көкөніс қалды?
2. Бір себетте 27 кг алмұрт, ал екінші себетте одан 13 кг артық алмұрт бар. Екінші себетте қанша кг алмұрт бар?
3. Салтанат кітаптың 18 бетін, ал азамат 9 бетін оқыды. Салтанат Азаматқа қарағанда неше есе көп оқыды?
ҮІІІ.Егер қалтаңда 4000000 болса не істер едің?
Математикалық жұмбақ. Бұл не?
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)
2 Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап.(х)
ІХ.Үйге тапсырма №4
Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×