Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
«Сымбат» жеке мектебі бастауыш сыныбының мұғалімі
Макуова Нуршат Аманкосовна
Сабақтың тақырыбы: Бір кесе меруерт
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтіндегі ақынның шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу, әңгіменің мазмұнын түсіндіру.
2. Оқушының сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге, оқығанынан қорытынды шығаруға үйрету.
3. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Болжау, өз пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: еңбек туралы мақал-мәтелдер, болжау кестесі.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы, сахналау.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Таза бұлақ» мәтінді сахналау.
ә) Мәтінге сүйеніп, оқушыларға мінездеме беру.
Венн диаграммасымен жұмыс.
1-оқушы:
2-оқушы:
б) Мәтінді өздеріне аяқтатып әңгімелеу.
ІІІ. Жаңа сабақ. Ой ашар.
1. Кіріспе әңгіме.
2. Шәкәрім туралы не білетінімізді ортаға салып, ойымызды топтастырайық.
(оқушылардың ассоциациясы жинақталады).
Ақын ----------- Қажы
-------Шәкәрім
«Бостандық таңы атты», «Адамдық борышың»
Абайдың тәрбиесінде болды, немере інісі
ІҮ. Ой қозғау. «Терминдер арқылы болжау» стратегиясы бойынша.
- Тақтаға (дала, керуен, бір кесе бидай, қария) суреттерін ілу.
- Ненің суреттерін көріп отырсыздар?
Әңгіме не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыздар? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)
а) Болжау кестесін ілу.
Не болды деп ойлайсың?
Оған қандай дәлел бар?
Не болды?
Осы кестеге сүйене отырып, әңгімені бірнеше бөлікке бөліп оқу.
Тақырыпты талдау. Тақырып бойынша қорытынды ой жазу.
ә) Сөздік жұмыс.
Зор – үлкен, аумақты, ұзақ.
Ділдә – алтын ақша.
Тақыр – тегіс, қатты жер.
Ү. Ой толғаныс.
1. Сұрақтарға жауап алу.
1. Қария қандай сұраққа жауап берді?
2. Ол неге сонша қуандым дейді?
3. Өмірінде не нәрсеге қатты кейідім дейді?
4. Қарияға күш, қуат берген не болды?
2. Мақалдардың жалғасын тап:
* Ақысыз аш адамға (алтынның пайдасы жоқ)
* Ас атасы... (нан)
* Арпа бидай... (ас екен)
* Алтын, күміс ...(тас екен)
* Ер еңбекте ...(тәтті)
* Еңбектің наны ...(тәтті)
* Жалқаудың жаны ...(тәтті)
ҮІ. Қорытындылау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: «Бір кесе меруерт» мәтінінің мазмұнын айту.
ҮІІІ. Бағалау.
Бір кесе меруерт
- Нуршат
- 5 қаңтар 2013
- 5793
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бір кесе меруерт, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Ағза мүшелері
Сабақ мақсаты: 1. Мәтіндегі ақынның шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу, әңгіменің мазмұнын түсіндіру. 2. Оқушының сөйлеу, мәнерлеп оқу...Бала Абай мен Барлас ақын
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Сабақтың...Етістік
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Ыбырай Алтынсарин Баланың айласы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»...Қызғалдақ пен қарасора
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора Сабақтың мақсаты: Білімділік:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.