Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Диктантты талдау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Диктант жазу барысында қате жіберген оқушылармен жұмыс жүргізіле отырып ережелерге сәйкес талдау жүргізуді ұйымдастыру.
Дамытушылығы: Өз қатесін таба білу және оны түзету дағдыларын қалыптастыра түсу .
Тәрбиелілігі: Сауатты жазуға ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бақылау және оқушы білімін есепке алу сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, тақтамен жұмыс, ойын, техникалық құрал, қима қағаздармен перфокарточкалармен жұмыс, терме диктант, топтық жұмыс, тест
Сабақтың көрнекілігі: Техникалық құрал (кодоскоп, экран), қателер классификациясы (плакат), ойын “Менің дыбыстау мүшелерім” перфокарточкалар, тест.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
1. Дәптерлерін тарату
2. Бағасы күмәнді дәптерлер бойынша жұмыс ұйымдастыру.
Тақтамен жұмыс. (Сағынғалиева Р) “4”-“5”=?
3. Топтық жұмыс.
“5” алған оқушыларға тапсырмалар беру. (Қима қағаздар мен перфокарточкалар және тест сұрақтары арқылы)
4. Дәптерлермен жұмыс қателерін түзетіп жаздырту. ”4” және “3” алған оқушылар
5. Диктант дәптерлерін жаптырып қастарына қойғызу.
6. ”5” алған оқушыларға берілген тапсырмаларды тексеру.
7. Сынып жұмысы дәптерлеріне күннің жадысы, тақырып жазып, жаттығу жұмыстарын жүргізу. Диктантта жіберілген қателер бойынша топтап, жұмыс ұйымдастыру.
8. Тақтамен жұмыс
а) ю, я әріптерінен қате жібергендермен
ә) н және ң әріптерінен қате жібергендер
б) тасымалдан
в)сызықша
г)дыбыс және әріп үндестігінен және әріп тастап кетуден жіберілген қателерді тақтада талдап, әрбір қатені түзету соңында ережелер
қорытып, ой түю
ІІ. Шағын диктант жазу. Оны тексеріп, сол бойда бағалау.
1. “Менің дыбыстау мүшелерім” атты ойын ұйымдастыру (2 өкпе, кеңірдек және ауыз қуысын құрастыру)
Сұрақ қою: - Дыбыстау мүшелері неше топқа бөлінеді? (Дүниетану сабағымен байланысты)
3 топқа: 1. тыныс мүшелері;
2. тамақ;
3. ауыз қуысы;
Ойын карточкаларының соңына ережелер жазып, оған тақтада мысалдар ойлап жазу. (бірнеше оқушы)
2. Терме диктантын жүргізу.
3. Бағалау
4. Кодоскоппен жұмыс. Қате берілген сөйлемдерді түзетіп айту. Қатені табу. Сол қатеге байланысты ережені қорыту. (бірнеше оқушы)
5. Тақтамен жұмыс
Берілген мысалдарды стрелка жүргізу арқылы дыбыс және буын үндестігіне апару.
Дамытып оқыту.
Ассимиляция --------------және ----------------сингармонизм
Дыбыс үндестігі ----------------------------------буын үндестігі
қазіргілер, замандасымыз, ---------------------жазшы, арабтан, ақ ешкі
мәселемен, қоңызбен, --------------------------Сәтбаев, Талдықорған,
Асхаттікі-------------------------------------------Айқабақ, көз сал
Сабақты аяқтау.
Атырау облысы,
Атырау қаласы, Қ. Смағұлов орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Ажғалиева Гулзира Ажғалиқызы
Атырау қаласы, Қ. Смағұлов орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Ажғалиева Гулзира Ажғалиқызы