Сайтқа кіру Тіркелу

Біз- білімді баламыз

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Қараой мектеп - балабақшасы
бастауыш сынып мұғалімі Мұхтарова Гульмира

Тақырыбы: Біз - білімді баламыз
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту. Шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен ойлау қабілетін дамыту. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу. Ізденімпаздыққа баулып, ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге дағдыландыру.
Өткенді есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, теориялық білімін, шапшаң есептеу дағдысы мен ақыл-ой ұшқырлығын дамыту, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, бірлесіп жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту
Көрнекілігі: Тіл, білім туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, слайд-шоу.

Өту барысы:
1-жүргіуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Біз білімді баламыз» атты сайысымызды бастаймыз.
2-жүргізуші:
Ақыл – тон аңдағанда тозбайтұғын,
Білім – кен қанша болса азбайтұғын,
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаның аруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз.

1-жүргізуші: Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс, мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ойынымызды бастамас бұрын әділқазы алқаларымен таныс болайық.

1-жүргізуші: Ойынның барысына тоқталсақ, сайыс 6 бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру
2. Кім көп біледі?
3. Тіл - өнер
4. Қасиетті жетілік
5. Тапқырлық
6. Қорытынды

2- жүргізуші: Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар,
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар, - дегендей, білімпаз жастар өзін таныстырады.
1-бөлім. Таныстыру
1-жүргізуші: Сонымен балалар, іске сәт! Жұлдыздарың жансын!
Әр топ өздерін таныстырып, ұранын айтады.
2-бөлім. Кім көп біледі?
І топқа
1. Үш кемеңгер биді ата.
2. Көне заттарды сақтайтын орын.
3. Қазақтың алғашқы палуаны кім?
4. «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесі кім туралы?
5. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын

ІІ топқа
1. Сауат ашатын кітап
2. «Халық кегінің күйшісі»әңгімесі кім туралы?
3. Қабанбайдың шын аты кім?
4. Абылай ханға Төле бидің қойған аты?
5. «Дегелеңдегі жарылыс» әңгімесі не туралы?

3-бөлім. Тіл - өнер
2-жүргізуші:
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің үні деп,
Туған жердің үні деп,
Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.
«Сыңарын тап!»ойыны. Берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастыру.
І топқа
1. Тіл - тас жарады, ...(тас жармаса бас жарады)
2. Бал тамған тілден.... (у да тамады)
3. Шебердің қолы ортақ, ...(шешеннің тілі ортақ)
ІІ топқа
1. Бас кеспек болса да, ...(тіл кеспек жоқ)
2. Жақсы сөз -.... (жарым ырыс)
3. Піл көтермегенді.... (тіл көтереді)

4-бөлім. Қасиетті жетілік
Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуін аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды? (Түйеқұс ұшпайды)

5-бөлім. Тапқырлық.
І топқа.
1. Каспий теңізіне қандай өзен құяды?
2. Көкжиек тұстарын немен анықтайды?
3. Бұлт неден түзіледі?
ІІ топқа
1. Арал теңізіне құятын өзен?
2. Су табиғатта қандай күйде кездеседі?
3. Жер бетінің құнарлы қабаты
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×