Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
Алма Уразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектептің
бастауш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ақжайық
Сабақтың мақсаты: а)Жайық өзенінің тарихы туралы мағлұмат беру, мәтін мазмұнын меңгерту, әр ойын жинақтап айтуға, негізгі идеяны анықтауға үйрету.
ә)Туған жердің табиғатын аялауға, үлкеннің ақылын тыңдауға, төзімділікке, қортынды жасай білуге тәрбиелеу.
б) Белсенділіктерін арттыра отырып, сұлулықты сезіне білуге және адамгершілік қасиеттерін бағалай білуге және сөздің қорын дамыту.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, сыни-тұрғысынан ойлау әдістері.
Көрнекілігі; слайд, карта, сөздік, мақал-мәтел, реферат.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылығын ояту
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмен.
Байыппен жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
- Иә, балалар ана тілді байыппен оқысаңдар, ана тілі – біздің тарихымыз, әдебиетіміз, мәдениетіміз. Оларды терең білу міндетіміз Үй тапсырмасын тексеру.
Туған жер.
Оразақын Асқар.
- Біздің туған еліміз қай ел?
- Қазақстан
- Қандай ел?
- Тәуелсіз ел
- Тәуелсіздікке биыл неше жыл?
- Қазақстанның қай облысында тұрасыңдар?
- Ол қай өзеннің бойында орналасқан?
-ЖАЙЫҚ.
Жаңа сабақ:
- Ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымыз; Ақжайық
А. Құдайбергенов.
Музыка әуені «Еділ мен Жайық»
Картамен жұмыс
Ақжайық туралы түсінік беру. (1-2оқушы реферат оқиды)
Қысқаша шолу;
Батыс Қазақстанның жер беті суларына өзендер, көлдер, су қоймалары жатады. Облыс территориясы бойынша 196 өзен ағады. Оның ішінде тек сегізінің ағыны тұрақты. Ұзындығы 200 шақырымнан асады. Бірнеше географиялық аймақтан ағып өтетін, үлкен алапты тек Жайық өзені. Бір географиялық аймақ шегінде орналасқан, алабының ауданы 50 квм ден аз емес. 14 кіші өзендері бар. Деркөл, Шаған, Көшім, Үлкен және кіші өзен, Бұлдырты т. б
Тек Жайық өзенінде кеме жүреді. Облыстың негізгі сала тамыры – Жайық өзені. Облыстың барлық өзендері жазықтық өзендерге жатады. Ал Жайық өзенінің жартысы тау өзеніне жатады. Жайық өзені Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды.
- Осы Жайық өзеніне арнап көптеген ақын-жазушыларымыз, сазгерлеріміз ән-өлең шығарған. Осы Жайық өзенінің жағасында «Қыз Жібек» киносы түсірілген. А. Құдайбергенов ағамызда Ақжайық туралы шығарма жазған
Жазушы туралы мағлұмат; А. Құдайбергенов
«Туған жер»
жазушы «Ақжайық» «Балықшының баласы»
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп оқу (Түртіп алу стратегиясы)
Сөздік жұмыс
Өзек – өзен ағатын арна
Тұнығында – тереңінде
Өз бетімен мәтінді оқу.
Ой қозғау
(Жуан – жіңішке сұрақтар)
- Әкесі мен баласы қайда болды?
- Әкесі Өсерге не туралы әңгімеледі?
- Өзен жағасында кімдер мекендеген?
- Бала немен айналысқан?
- Әжесі не деді?
- Жайық өзенінің түсін не өзгертті?
- Өсер әкесіне не деді?
- Ақжайық қандай өзен?
- Ақжайық – ағысты өзен.
- Тұйық су болса – ол қандай өзен?(Ащы өзен)
- Тұз қайда кетті?
Сергіту сәті.
Суды жейміз. (тұру)
Суды ішеміз (отыру)
Сумен жуынамыз (отыру)
Су қатпайды (тұру)
Су сұйық зат (отыру)
Топтастыр
1-топ
Жайық басында қандай өзен?
2-топ
Жайық соңында қандай өзен?
3-топ
Өсер мен әкесі арасындағы әңгіме?
Бес жолды өлең.
1. Кім? бала
2. Қандай? еңбекқор
3. Не істеді? балық аулады
4. Сөйлем. Еңбекқор бала балық аулады
5. Мағыналы сөз. ------- балықшы
Мақал-мәтелдер:
1) Терін төксе жеріне
Жер тілеуін береді
Елін сүйген еріне
Ел байлығын береді
2) Сабыр түбі – сары алтын
Қорытынды
Венн диаграммасы.
Ақжайық басында Ақжайық соңында.
Бағалау:
Үйге тапсырма
«Ақжайық» мәтіннің мазмұнын айту, мәтінді аяқтау, Эссе жазу.
Сөздік жаттау.
Ақжайық
- Мулдашева
- 20 желтоқсан 2012
- 9796
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, Ақжайық, туған жер
Ұқсас жаңалықтар:
Еділ, Жайық - екі өзен
Еділ, Жайық - екі өзен, Талсыз болар деймісің. Көкшетаудың көп көлі Елсіз болар деймісің....Қазақстанның ішкі суларының түрлері
Қазақстанның ішкі сулары білімдерін дамыту. Өзен жүйелері және өзен алаптары, өзен жүйесінің ерекшелігі, су шығыны мен жылдық ағын, қоректенуі туралы...Солтүстік Қазақстан облысының өзендері, көлдері, бөгендері
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның география пәнінің мұғалімі: Габдуллина Аяжан Нуржанқызы...Өзен және көл
Ақтөбе облысы №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Л. Ө...Тәуелдік жалғау
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан суқоймалары....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.