Кайдакова Жанат Бекболатовна
«Сымбат» жеке мектебі
Ақтөбе қаласы
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Пайдалы қазбалар түрлері, қасиеттері мен пайдаланылатын салалары, өндіру жолдары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету;
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу қабілетін дамыту; оқушылардың тіл байлығын дамытып, балаларды логикалық ойлауға,
салыстырып, қорытынды жасауға үйрету.
3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу, ел байлығын үнемдеп пайдалануға үйрету.
Сабақтың түрі:
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау.
Сабақ барысы.
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы күн!
Қайырлы таң!
Күліп шықты бүгін күн!
Бәріміз дос болайық
ІІ. Миға шабуыл
Миды шынықтыру
Адамдар үй құрылысына қандай материалдарды
қолданады? (цемент, кірпіш, бетон, орман, құм)
Жол құрылысына? (ұсақ тас, асфальт, бетон)
• Көпір жасау үшін? (бетон, темір)
Адамдар үйді немен жылытады? (ағаш, көмір, газ)
Адамдар бұл материалдарды қайдан алады? (табиғат, жер)
Жауабы: ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР
ІІІ.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқы. 51-бет
2. Оқулықтағы тақырыпты оқу, пайдалы қазбалардың негізгі топтарын бөліп көрсет.
3. Сипатта
4. Кестені толтыр
Пайдалы қазбалар
Кенді Кенсіз
Темір кені Құрылыстық Жанғыш
Гранит, әктас, құм, саз
Көмір, шымтезек, мұнай, табиғи газ
ЕСТЕ САҚТА! Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады.
Слайд № 10 .Темір рудасы
1. Қатты
2. Қоңыр түсті
3. Мөлдір емес
4. Мықты
5. Өзіне темір заттарды тартып алады.
Слайд № 11. Гранит бөлшектері
Кварц ------------------------- Слюда---------------------- Дала шпаты
(ақ түсті) --------------------- (сұр түсті)------------------ (қызыл түсті)
Құм
Саз
1. Қатты
2. Сұр немесе қызыл түсті
3. Мөлдір емес
4. Бөлшекті
5. Өте мықты
Слайд № 12. Әктас
1. Қатты
2. Ақ немесе ақшыл сұр тас
3. Мөлдір емес
4. Мықты
5. Бір тамшы қышқыл қосса қайнайлы (газ бөлінеді).
Слайд № 13 .Таскөмір
1. Қатты, морт сынғыш.
2. Қара түсті жылтыр.
3. Жақсы жанады және жылуды көп береді.
4. Суда ерімейді.
Слайд № 14 . Мұнай
1. Сұйық
2. Қоңыр түсті
3. Айрықша иісі бар майлы зат
4. Судан жеңіл
5. Жақсы жанады
Мұнайдан. Слайд № 15.
♦ Керосин
♦ Мазут
♦ Асфальт
♦ Синтетикалық каучук
♦ Спирт
♦ Лак
♦ Пластмасса
♦ Газ
♦ Мастика
♦ Бензил
♦ Автол
♦ Бензин
♦ Вазелин
Слайд №16. Сай
1. Тау жыныстарының үгілуінен пайда болады.
2. Ақ, қызғылт, сұрғылт, көкшіл түстес келеді.
3. Ол оңай үгіледі.
4. Суды тез жібермейді.
ІV. Сергіту сәті.
1, 2, 3, Қарлығаш болып ұш.
4, 5, 6, Қарлығаш болып шалқы.
7, 8, 9, 10 , Қарлығаш болып қон.
V. Көмектес картасы.
Атауы Қасиеттері Маңызы мен қолдану аясы
Таскөмір
І топ Жанғыш, судан ауыр, қара түсті, морт сынғыш. Үйде пеш жағуға, завод пен фабрикаларда, ауыл мектептері, монша т.б. жылу береді.
Мұнай
ІІ топ Жанғыш, сұйық иісі бар, судан жеңіл, қоңыр түсті. АЭС, машина, үй жылытуға, т.б. Жылу береді, қозғалыс күшін туғызады.
Саз
ІІІ топ Судан ауыр, созылмалы, су өткізбейді, қоңыр түсті Кесе, аяқ – табақ, құмыра, мүсіндер т.б.
Картадағы белгісін сал
Темір рудасы –
Мұнай –
Таскөмір –
VІ . Топтастыру стратегиясы.
Пайдалы қазбалар деп нені атаймыз?
Пайдалы қазбалар
Сұйық
Қатты
Газ түрінде
VІІ. Сабақты бекіту
5 жолды өлең құру.
1-топ: таскөмір
2-топ: мұнай
3-топ: саз
VІІІ. Үйге тапсырма
50 – 51 бет оқу, түсінік айту.
Пайдалы қазбалардың түрлері
- ЖанатҚ
- 7 желтоқсан 2012
- 16994
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, пайдалы қазбалар, кен, дүниетану
Ұқсас жаңалықтар:
Тау жыныстары деген не?
Оқушылардың пайдалы қазбалар, оларды пайдалану туралы түсінік қалыптастыруына ықпал ету; Оқушылардың тілін дамыту, логикалық ойлау қабілетін артыру;...Топырақ. Топырақты қорғау
Топырақтың ерекшелігі және оның құрамымен таныстыру. Топырақтың түрлерін ажырата білуге үйрету. Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін түсіндіру. Топырақ...Пайдалы қазбалардың түрлері
Мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен танысады Міндеттері: 1. Пайдалы қазбалар қайдан алынатыны жайлы мағлұмат алады. 2. Олардың қасиеттері мен...Пайдалы қазбалар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаңабай Анар Ғалымқызы...Дүниетану пәні бойынша тізбектелген орта мерзімді сабақ жоспары
Дүниетану пәні бойынша тізбектелген орта мерзімді сабақ жоспары...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.