Ақтөбе облысы,
Шалқар қаласы, Карагулин 18, № 6 орта мектебі ММ
Бастауыш мектептің мұғалімі
Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы
Қазақ тілі пәні
Сабақ тақырыбы: Зат есім
Сабақ мақсаты: Зат есім туралы алған білімдерін жетілдіру, зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын дамыту, әдемі, таза сауатты жазуға үйрету.
Көрнекілігі: Слайд, Венн диаграмасы, тест тапсырмалары сұрақ-жауап
Пәндік байланыс: Ана тілі, дүниетану
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Амандасу
б) Психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру
4-жаттығу, мақалдарын оқыту.
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс.
1) Сөйлемдерді ауызша толтыр.
Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар. ...деп аталады.
Жалқы есімдерден басқа зат есімдер. ...деп аталады
Зат есімнің жекеше түрі ...деген сұрақтарға жауап береді
Зат есімнің көпше түрі. ...деген сұрақтарға жауап береді
Көптік жалғаулар:..
2) 1-жаттығу Сөздер оқып, берілген зат есімдерді теріп. Сұрақ қой.
Зат есімдер: орман, ..., ...,
3)топтастыру
Жалқы есім Жалпы есім
Жекеше------------------------------көпше
Қалибек, қала-----------------------қалалар
2-жаттығу: Сөздерді үлгі бойынша кестеге жаз
Сергіту минуты
Дамытушылық тапсырма
«Кім көп біледі?»
Ұлттық тағамдар:ірімшік, бешбармақ, бауырсақ сөздерінен бірнеше сөздер ойлап жаз.
1- топ: ірімшік(ірі, іш... )
2-топ: бешбармақ(бар, арба...)
3-топ: бауырсақ(бау, бар, бас...)
3-жаттығу. Берілген сөздерден жұрнақ қосу арқылы туынды зат есім жаса.
Боксшы, теннисші, волейболшы, шахматшы, футболшы, хоккейші
4-жаттығу. Ребусты шеш
Ақтау Орал
Тест жұмысын орындау:
1. Заттың атын білдіретін сөздерді қалай аталады?
А) зат есім
Ә)сын есім
Б) сан есім
В)етістік
2. Заттың атын білдіретін сөздерді тап
А) қызыл, жасыл
Ә) Майра, доп
Б) он жеті, екі
3. Кім?деген сұраққа жауап беретін сөзі бар сөйлемді тап
А) Қар жауды
Ә) Арайлым әдемі
Б) Машина жүрді
4. Қыз, доп әке сөздерінен төмендегі төмендегі сұрақтың қайсысын қоюға болады?
А) қандай?, қай?
Ә) кімдер?, нелер?
Б) кім?, не?
5. Кімдер? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап
А) құстар, үйлер, аталар
Ә) алды, ақ, келді
Б) үстел, гүл, кімдер
Зат есім
- bibka
- 25 қараша 2012
- 17418
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілі, зат есім, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Сан есім
Сан есім тақырыбын қайталау. Алған білімдерін пысықтау. Сан есім түрлерін білу дағдыларын жетілдіру; өз пікірлерін еркін жеткізу дағдысын...Тест
Қазақ тілі 2 сынып...Етістік
Атырау қаласы №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Молдашева Айгүл Мухесқызы...Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Сабақтың...Сын есім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Шамұратова Бибигул Ивановна Қазақ тілі пәні Сабақтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.