Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Шамұратова Бибигул Ивановна
Сабақ мақсаты:
а) «Б» дыбысы мен әрпін таныту, сауатты оқуды жетілдіру, дыбыстық талдау жасату, сөз, сөйлем құрап айтуға, буынға бөле білуге үйрету.
ә) Сөздік қорларын молайту, байқағыштық қабілеттерін дамыту.
б) Әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық ізденіс.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың Суреттер, буындар, кеспе әріптер, тірек сызбалар.
көрнекіліктері:
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Психологиялық әзірлік:
Сыныбымыз тап-таза,
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Оқушылар жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
- 4-ке бөлінеді.
- Әр мезгіл неше айға созылады?
- 3 айға созылады.
- Мезгіл деген сөздің бірінші дыбысы қандай дыбыстан басталып тұр?
- М дыбысы қандай дыбыс?
- Неге?
- Қандай түспен боялады?
- Олай болса үйге қандай тапсырма берілді?
«М» дыбысы мен әрпі, «Қар»мәтінін оқу.
- «Қар» мәтінінде қай мезгіл суреттелген ?
- Қыста қандай ерекше белгілер болады?
ІІІ. «Білімді тексеру».
Бағандағы сөздерді оқытып, «Қар» мәтінін тізбектеп оқыту.
«Қай әріп қай сандықта тұрады?» ойыны.
Сигнал карточкасы арқылы дыбыстарды қайталау.
Дауыстылар: А, О, У қызыл сандық.
Дауыссыздар: Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У, Й, М , Ш, Қ көк сандықта.
а) «М»дыбысына сөздер ойлап, қай жерде келетінін анықтау.
ә) Дыбыстық талдау жасау.
б) Сөйлем құрап, тірек схема сызу.
в) Кеспе әріптен сөз құрап, тірек схема жасау.
г) Сөздерді буынға бөліп, буын құрамын анықтау.
ІV. Сергіту сәті.
Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
Көктем мезгілі.
Көктемде қандай ерекшеліктер болады?
Қызығушылықты ояту.
V. Жұмбақ шешу
1) Өзі біреу, көзі үшеу. (Бағдаршам)
2) Қанаты жоқ ұшпайды
Су астында қыстайды. (Балық)
3) Жазу жазып жалықпаған
Жаза-жаза арықтаған (Бор)
- Осы жұмбақтың шешулеріне назар аударайық
- Балық, бағдаршам, бор.
- Осы сөздерде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- «Б» дыбысы.
Артикуляциясы: «Б» - еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан
пайда болатын ұяң дауыссыз.
Хормен айту. Мысалы: бор, басқа, барабан.
«Б» дыбысы тек қана сөздің басында, ортасында кездеседі.
«Дидактикалық ойын».
«Б» дыбысынан басталатын суреттерді іріктеп алу.
VІ. Оқулықпен жұмыс
Бағандағы сөздерді оқыту
Мағынасын түсіндіру (бала, баба)
«Жаз мезгілі»
Жазда қандай ерекшеліктер болады?
VІІ. Дәптермен жұмыс.
а) Ауада жазып көрсету.
ә) Таспа, баспа түрлерін таныстыру.
б) Жазу үлгісін орындау
VІІІ. Сөздік диктант.
Мал, бор, бала, дала.(дыбыстық талдау)
ІХ. «Күз мезгілі» Сабақты қорыту.
- Қазір қай мезгіл?
- Күздің нешінші айы?
Ойындар.
«Жоғалған әріп»:т...р, д...п, б...л;
«Шашылған әріптер: а, р, б; р, о, б; а, л, а, б; (бар, бор, бала)
Х. Мадақтау.
ХІ. Үйге тапсырма: Бағандағы сөздерді оқып келу.
Б дыбысы мен әрпі
- Бибигул Ш
- 20 қараша 2012
- 14920
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, б дыбысы, әрпі
Ұқсас жаңалықтар:
Б дыбыс мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға б дыбысы мен әрпін таныту, б дыбысының әріптік таңбалануын, айтылу мен жазылуын таныстыру. Б әрпі бар сөздер...Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпін таныту. Б дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Б дыбысы арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету....Ц дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. Ц ц дыбысы мен әрпін танытып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп...Ө дыбысы мен әріпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Сахиева Ләззат...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.