Сайтқа кіру Тіркелу

М дыбысы мен әрпі

Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласы, Қ. Рысқұлбеков атындағы
№ 33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Кадиркешова Куралай Есимхановна

Сабақтың тақырыбы М дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1 М дыбысы, әрпі туралы алған білімін тиянақтау. Буын туралы түсінігін кеңейту.
2. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.
3. Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:
І Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
а) - Балалар, біз қандай әріппен таныстық?
- Дыбысты қайтеміз? Әріпті ше?
- Дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер?(дауысты, дауыссыз)
- Дауысты дыбыстар қай үйдің тұрғыны?
- Дауыссыз дыбыстар қай үйдің тұрғыны?
-М дыбысы қандай дыбыс?
- Қай үйдің тұрғыны ?
ә) Дауыстап тізбектей оқу.
Ән: «Төлдер»

ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
Сергіту сәтін өткізу.
І Ү Жаңа сабақ:
а) Жұмбақ шешу.
- Қане, балалар, кім жұмбақ біледі?
1. Айранда бар, нанда жоқ,
Аюанда бар, малда жоқ. (а)
2. Базарда бар, қалада жоқ,
Бауларда бар, далада жоқ. (р)
3. Барда жоқ, жоқта бар,
Қарда жоқ, отта бар (т)
4. Түйе өркешін қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп. (м)
5. «Майда» бар да, «шайда» жоқ,
«Менде» бар да, «сенде» жоқ. (м)

ә) М әрпіне қатысты сөздерді оқыту.
Май, марал, маман, Арман
Мал, мақпал, тағам, Айман.
- Балалар, тіршілік ету үшін адамға не қажет?
- Таза ауа, тамақ, су, т. б.
Дұрыс балалар, адам денсаулығы жақсы болу үшін таза ауа керек және тамақ керек екен.
- Тамаққа нелер жатады? (атау)
«Тамақ» мәтінін оқыту.

Ү Білімді бекіту.
б) Сөздерге дыбыстық талдау жасау. (момақан, домалақ, мақта, мама, мата, май
мысық)
в) Алдына әріп қосып айтыңдар.
... аға, ...ауа, ...апа, ...ақта, ...ана.
г) Артына әріп қосып айтыңдар.
Қол..., алаш..., шаш..., шар..., монша...
ғ) Сөзге буын жалға.
Ой-..., мал-..., ай-..., қар-..., ақ-..., ара-..., ал...

Сергіту сәті. ән: «Мысық»
д) Дәптермен жұмыс:
М дыбысына қатысты берілгенді жазу.
ҮІ Сабақты қорытындылау:
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×