Сайтқа кіру Тіркелу

Сан есім

Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау, сан есім туралы ұғымдарын жетілдіру , сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге үйрету, қатесіз, көркем жазуға баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың суреттер, сұрақ - жауап арқылы сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды айтылған сөзге сұрақ қоя білуге және ол сөзге нақты жауап қайтара білуге, тазалықты сақтауға, жауапкершілікке, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау, ассоциация, Венн диаграмасы.
Сабақтың түрі:
Көрнекілігі: Сан есімнің ережесі, суреттер, сөзжұмбақ, Венн диаграмасы, саңырауқұлақтардың суреті.

Сабақ барысы
І. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
ІІ. Мағынаны тану. Сөзжұмбақ шешу

Сан есім
1) 4 + 4 = 8
2) 12 + 8 = 20
3) 50 + 40 = 90
4) 0 + 5 = 5
5) 30 + 30 = 60
6) 12 – 10 = 2
7) 300 +700 = 1000
Ойлан тап! Кестенің бірінші әрпімен бастап тігінен оқысаңдар Сан есім деген сөз шығады. Біз өткен сабағымызда сөз таптарымен таныстық. Сол «Сөз таптары» деген атайдың Зат есім, Етістік, Сын есім деген балаларын бөлек шығарған едік. Енді бүгін Сан есім деген баласын бөлек шығарамыз.Сондықтан біз Сан есіммен танысамыз.

ІІІ. Көркем жазу минуты.
Дәптерімізді ашайық ,
Қолға қалам алайық .
Салақтықтан қашайық ,
Көркем етіп жазайық.
Тоғыз, тоқсан, төрт, тоғыз жүз тоқсан төрт.

ІV. Мәтінмен жұмыс
1 – жаттығу
1. Мәтінді түсініп оқу.
2. Сөйлемдегі цифрларды сөзге ауыстырып, сөйлемдерді көшіріп жазу
3. Екі сөзден тұратын сан есімнің астын сыз.
Сен білесің бе?
Дронт – Жер бетінен жойылып кеткен құс. Олардың 3 түрі болады. Салмағы – 20 кг. Олар ұша алмайтын. Өсімдіктермен қоректенген. Ұясына 1 ғана жұмыртқа салатын. Оны кезекпен 49 күн басып отырған
Олардың үш түрі болады. Салмағы – жиырма кг. Ұясына бір ғана жұмыртқа салатын. Оны кезекпен қырық тоғыз күн басып отырған .

V. Суретпен жұмыс
2 – жаттығу
Сурет бойынша мәтін құрастыру
Көктем келді. Күн жылына бастады. Жыл құстары жылы жаққа қайта ұшып келе бастады. Өзен жағасы көк кілем төселгендей. Өзенде үш үйрек жүзіп жүр. Өзеннің жиегінде екі тырна тұр. Төрт қаз көлге ұшып келе жатыр. Дастан мен әкесі келген құстарға қол бұлғап тұр.
VІ. Сергіту сәті
1, 2, 3 – қарлығаш болып ұш.
4, 5, 6, – қарлығаш болып шалқы
7, 8, 9, 10 – қарлығаш болып қон!
VІІ. Оқулықпен жұмыс
3 – жаттығу
Жеті лақ, үш қарындаш, отыз адам, төрт күн, мың теңге, тоқсан дәптер, жиырма бір қағаз.

VІІІ. « Кім тапқыр?» ойыны
Зат есімдер: қалам, сабақ, Бекзат, күшік, адам, жұлдыз, Қазақстан, шахмат.
Етістіктер: Биледі, сырғанау, отыр, жазды, келді, келе жатыр, биледі, аралау
Сын есімдер: Сары, қызыл, ақылды, жуас, үлгілі, әдемі, ашуланшақ, кең
Сан есімдер: мың, жүз тоғыз, бесінші, үшінші, отыз алты , үш

ІХ. Көңілді шумақтар
1 – бір
Же1 екен 1қазан: ---------- Жебір екен бірқазан:
Кей1 жемді 1қазан -------- Кейбір жемді бірқазан
1 – ақ сәтте қойды жеп. -- Бір – ақ сәтте қойды жеп
Кү1 етті, - Күбір етті,
«Тойдым», - деп. - -----------«Тойдым», - деп.
Естіп 1 кез дү1ді, ------------ Естіп бір кез дүбірді,
Жағадағы тү1ді -------------- Жағадағы түбірді
Паналауға жүгірді. ---------- Паналауға жүгірді

1. Піл к3ті --------------------- Піл күшті
Піл к3ті емес ----------------- Піл күшті емес
Тіл к3ті.------------------------- Тіл күшті.

2. 6н балдақ қол сәні,----------- Алтын балдақ қол сәні,
Әшекей т10 сәні.------------------ Әшекей тон сәні.

3. 4еу түгел болса, төбедегі келер, ------------Төртеу түгел болса, төбедегі келер,
6ау ала болса, ауыздағы кетер. -----------------Алтау ала болса, ауыздағы кетер.

Х. Сабақты бекіту.
Тест тапсырмалары.
1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?
А) Сын есім
Ә) Сан есім
Б)Етістік
В) Зат есім
2. Мына сөздер қай сөз табына жатады: Бес, жеті, отыз төрт
А) Сын есім
Ә) Сан есім
Б)Етістік
В) Зат есім
3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы қалай аталады?
А) Сын есім
Ә) Сан есім
Б)Етістік
В) Зат есім
4. Мына сөздер қай сөз табына жатады: қара, қоңыр, таза, ұқыпты
А) Сын есім
Ә) Сан есім
Б)Етістік
В) Зат есім
5. Дәптер сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?
А) – лар
Ә) – лер
Б) – дар
В) – тер
6. Жалқы есімді тап.
А) сырға
Ә) асық
Б)Ақтөбе
В) қалам
7. Жалпы есімді тап.
А) Қазақстан
Ә) қасық
Б)Ақтөс
В) Елек
8. Күрделі етістікті тап.
А) ойнады
Ә) жазды
Б)келді
В) бара жатыр
9. Заттың ретін білдіретін сан есімді тап?
А) он
Ә) жиырма екі
Б)екінші
В) бес жүз
10. Дұрыс байланысқан сан есім мен зат есімді көрсет?
А) үшеу терезе
Ә) екі түйе
Б)қақпаға алтыншы
В) алтау дәптер
Өзін - өзі бағалау.
10 – 9 балл – «5»
8 – 6 балл – «4»
5 – 3 балл – «3»
2 – 0 балл – «2»
ХІ. Үйге тапсырма
4 – жаттығу
Цифрларды сөздерге айналдырып сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз.
ХІІ. Бағалау
Кері қайту
Ілмек сөздер: Сан есім, бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Сөз таптарын қайталау

Сөз таптарын қайталау

Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау, сөз таптары туралы ұғымдарын жетілдіру, сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге...
Дара және күрделі сан есім

Дара және күрделі сан есім

Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Узденбекова Жанаргүл Кенжетайқызы...
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Сабақтың...
Сан есім

Сан есім

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға...

"Сөз таптары"

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×